Материалдар / Нашақорлық - ғасыр дерті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нашақорлық - ғасыр дерті

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік педагогтерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Нашақорлық - ғасыр дерті »

Мақсаты:Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!» және суреттер.
І. Кіріспе сөз
ІІ. Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
ІІІ. Сахналық қойылым «Жан азабы»
ІV. Салауат үгіт-насихат тобының қойылымы
V. Нарколог кеңесі
VІ. Рефлексия

Мұғалім сөзі:
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге мектебіміздегі 1-ші желтоқсан күні өткен «Есірткіге жол жоқ!» атты акция аясында және бүгін, яғни 19 қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты 2 б –сынып оқушыларының «Нашақорлық ғасыр дерті» атты кіріктірілген үлгідегі ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің психолог маманы, оқу ісі меңгерушісі және дәрігер маманы қатысып отыр.

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған
заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық-зор байлық»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
1- жүргізуші
«Нашақорлық - ғасыр дерті» атты баяндама
Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

2-жүргізуші:
Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.
1- жүргізуші:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

2-жүргізуші:
Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.
1- жүргізуші:
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көкөрім жастар.
2- жүргізуші:
Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осыдан жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адамдар өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.

1-жүргізуші:
Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.
ІІІ. Сахналық қойылым. «Жан азабы»
Қойылымды тамашалау.

ІV. Салауат үгіт насихат тобының қойылымы.
2-жүргізуші:
Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.
1-жүргізуші:
Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.
2-жүргізуші:
Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.
1- жүргізуші:
Анаша шегушілер - өзін-өзі өлтірушілер.
2-жүргізуші:
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.
1-жүргізуші:
Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сақ болайық, ағайын!
1-жүргізуші:
Ажал тарататын анашадан абай болайық!
2-жүргізуші:
Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,
1-жүргізуші:
Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,
2-жүргізуші:
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,
Екеуі қосылып:
Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!

V. Нарколог кеңесі.
1 - жүргізуші:
Сөз кезегін ауылымыздың наркологына береміз.
Маманға сұрақтар қоямыз:
1. Нашақорға заң несімен қауіпті?
2. Адамның нашақор екеніне сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
3. Нашақорлықты басқаша қалай атауға болады?

VІ. Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ
өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ
өмірімізге неге балта шабамыз?
Хормен:
Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Кері байланыс.
1. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай
сезімдер тудырды?
Мұғалім сөзі:
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!