Материалдар / "Нашақорлық клиникасы" Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Нашақорлық клиникасы" Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақша баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
200
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Психология және педагогика факультеті

Дефектология кафедрасы











Баяндама

Тақырыбы:

«Нашақорлық клиникасы»









Пәні: Психопатология

Дайындаған: Қуекесова Г. Т.

Дефектология мамандығы, 2 курс студенті

Тексерген: Сатыбалдина Р.А

Психология және педагогика

факультетінің оқытушысы













2019 жыл, Қостанай

Нашақорлық клиникасы

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.

Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген.

Бұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және тағы басқалары жатады. Мемлекет тарапынан қаншама есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қолданылып жатқанмен осындай қылмыстардың санының азаятын түрі көрінбейді.

Сондықтан қазіргі таңда қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп осындай қылмыстардың алдын-алу жолдары қарастырылуда. Соның біріне қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылдың 18 қаңтарында қол қойылған заңның шеңберінде Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген болатын. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған қадам болатын.

Бірақ та менің ойымша осындай ізгілендірудің салдарынан нашақорлар көбейіп кетпей ме, деген ой туындайды. Олар қылмыстық жаза қолданылмайтынын біле тұра одан сайын құлшына нашақорлықпен айналысуы мүмкін. Сосын әкімшілік материалдар, қылмыстық материалдарға қарағанда сапасыз жиналып, қылмыскер әкімшілік жазадан да құтылып кетуі мүмкін. Бұны әрине келешектегі статистикалық мәліметтерден білуге болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 — 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қаулысында «Есірткінің заңсыз айналымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер мен щарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды рөлі бар екені атап өтілген болатын. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді» деп көрсеткен.

Аталмыш қаулыда нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту профилактикасында да ерекше тоқталып өткен. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалтудың негізгі үш деңгейін бағдарламада атап көрсеткен. Олар: бастапқы, екінші және үшінші.

Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Яғни күш-жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады.

Психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың және нашақорлық профилактикасының мемлекеттік жүйесі қалыптасуының осы кезеңінде алдын алу қызметінің мақсаттары балалар мен жастардың есірткіге құндылық ретінде көзқарасын өзгерту, салауатты өмір салтын насихаттау есебінен есірткі құралдарын қабылдауға балалар мен жастарды еліктіруді тежеу, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын есірткіге қарсы ұстанымдар мен алдын алу жұмысын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай құқық қорғау органдарының нашақорлықтың алдын алудағы рөлдері басқа органдарға қарағанда маңыздырақ деп ойлаймын.

Елімізде есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және сату әрекеттеріне тыйым салынған. Алайда, бала болашағымыз десек, ерекше қобалжу тудыратын мәселе жоғарыда атап көрсетілген жағдайлардың әсерінен есірткіге тәуелді тұлғалардың арасында кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің аса қауіпті дерт – нашақорлыққа салынуы соңғы жылдары күрт өсіп отыр. Жылдан жылға олармен есірткі қолданудың әсерінен жасалған қылмыстар саны да артып келеді.

        Есірткі бизнесі, кез-келген ұйымдасқан қылмыс секілді шектеуі жоқ және ұлт талғамайды. Есірткі қолдануға әсіресе құмарлық  адам өмірі мен қоғам үшін шын мәнінде қауіп төндіреді. Сондықтан да осы халықаралық сипатқа ие болып  отырған нашақорлық  және есірткі бизнесіне қарсы күреc және оның  алдын алу мәселесі жөнінде Қазақстан құқық қорғау органдары тұрақты жұмыстар атқарып келеді.

         Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде жалпы облыс тұрғындары болып
келесідей маңызды міндеттерді атқару қажет деп есептейміз:
        1. Ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық  корғаныс қабілетін әлеуметтік иммунитетті (наркоиммунитетті)  қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру  жүйесіндегі жастар арасындағы ең көлемді мәдени-тәрбие жұмыстарын балалардың бос уақыттарын қоғамдық құнды  ынталар мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыру арқылы жүзеге отырып, осы салада негізгі бағыт беретін күш - жергілікті  атқарушы   билік   органдары мен азаматтық қоғам институттарының жұмыстарын жетілдіру және жандандыру, ең бастысы - нашақорлыққа итермелейтін басты себептер мен жағдайларды зерделеу және оларды қалпына келтіру қажет.

        2. Есірткі пайдаланатын адамдардың өз денсаулығына көзқарасын өзгерту, олардың санасына адам денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы туралы идеяны түсіндіріп, жеткізу - маңызды психологиялық алғышарты болып табылатын салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын Бағдарламаларды әзірлеу және енгізу. Өйткені, адамның өз денсаулығына көзқарасының өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді. Азаматтардың құқықтық сауаттарын арттыру арқылы өз еркімен  немесе көндіру арқылы оңалу үшін жағдай туғызу.

        Сонымен бірге, баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту;

  • есірткі заттары туралы теріс түсінік беретін ақпараттардың берілуі мен орналастырылуына жол бермеу және ол үшін жауапкершіліктерін арттыру;

  • құқық қорғау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік
    органдардың басты назарын халықтың есірткі құралдары
    мен психотроптық заттарға қол жетімділігін барынша шектеуге бағыттау;

  • уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың   алдын алуға және оны емдеуге мамандандырылған медициналық мекемелердің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту; нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамыту сияқты міндеттерді атқару қажеттілігін ескеруіміз қажет.

      Қорыта айтқанда, қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес - бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды қажет ететін баршамыздың басты міндетіміз.

Нашақорлық, қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күресек, алынбас қамал жоқ.

Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Біз салауатты өмір салтын қалаймыз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!