Нашақорлық ортақ қасиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нашақорлық ортақ қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
оушыларға өткізілген пікіралас
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Нашақорлық ортақ қасірет»

Мақсаты: а) Қоғамдағы негізгі мәселеге айналып, ғасыр дерті аталынып

кеткен есірткінің жазылмас дерт екендігін түсіндіріп, жасөспірімдер ағзасына зиянды әсерлері туралы оқушыларды ақпараттандыру

б) Өз денсаулығына жауапты көзқарас дағдыларын қалыптастыру

в) Шығармашылық қабілеттерімен бірге өмірге деген

қызығушылығын арттыру

Түрі: Баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: қабырға газеттері, нақыл сөздер.

«Нашақорлық-жазылмас дерт»

«Есірткі-ғасыр ажалы»

Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Негізгі бөлім

3. Көрініс

4. Пікір талас

5. Қорытынды

Мұғалім: -« Адам азса, заман тозады» оны жаңғырту да, құрдымға құлдыратуда, өзімізге байланысты.

Арақ ішу, темекі аздай, жастар енді есірткіге бой ұра бастады. Бұның себебі не? Күні кешеге дейін, «нашақор» деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Мастықтан жиіркенетінбіз. Енді, міне деректерге жүгінсек, республика бойынша бірнеше мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіргеуге алыныпты. Бұл елімізді жайлаған үлкен дерт, түпсіз құрдым.

Нашақорлық – ауыр созылмалы дерт. Есірткіге құмарлық бүкіл өмір бойына сақталуы мүмкін. Нашақорлықты емдеу- ұзақ және күрделі процесс. Бірліжарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жоя алады. Қауіптен құтылудың тиімді тәсілі- оларды ешқашан тартпау.

Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан немесе жаңа сезімдерге талпыныстан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Кейде есірткілерді «көпшілік үшін, көзге түрткі болмас үшін» татады. Кейбіреулер есірткінің көмегімен қобалжуларды, қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Өкінішке орай, есіркіні бірінші рет тартып тұрып, оның аса ауыр және қатерлі зардаптарына ешкім мән бермейді, сезбейді.

Әдетте, есіркіні ең алғаш қолдану есірткі тұтынуда мол тәжірибесі бар есірткі тұтынушылар ықпалымен өтеді. Жасөспірімдердің барлығына дерлік ішімдіктер немесе есірткілер ұсынылады, олардың барлығы бірдей одан бас тарта алмайды.

Қазіргі кезде елімізде көп тараған есірткілер: героин, апиьн, анаша (гашиш, марихуана), экстази

Кейбір есірткілерге жатпайтын заттар бар, бірақ олар әдеттену туғызуы мүмкін: ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер (дәрігердің тағайындауынсыз, бақылаусыз пайдаланған жағдайда), әртүрлі тұрмыстық химия құралдары.

Есірткілер - адам психикасының жағдайын, яғни;

- көңіл күйін

- санасын

- айнала қоршаған әлемді қабылдауын

- тәртібін өзгертетін заттар.

«Наркодиспандердегі бір күн» (көрініс)

Ортада нашақор рөліндегі бала өңі жүдеу, жаны қиналған кейіпте

Тілші:

-Ай, балақай-ай мына жерге қалай ғана тап болып жүрсің?

Нашақор:

- Алғаш рет достарыма лесіп, есірткінің қандай екендігін білгім келді. Тек қызығушылық мақсатында қолдандым. Қан тамырына есірткі дозасы жіберілді. Сол сәттегі рахат сезімді көңілі ояу, көкірегі сау пенде бастан кешірмейтіні кәміл. Қызыл, жасыл ғажап әлемнің ішінде боласың.

Оқушы:

-Нағыз бұзылған нашақор түзелмейді, емдеуге де келмейді. Қоғамның санасалы мүшесі емес. Ал біз осыған елігіп жүрген мыңдаған құрбыларымызды бұдан сақтап қалуға тиіспіз. Адамдарды нашақорлыққа баулу-қылмыстың ең зоры. 20гр героиннің құны-1000 доллар. Басқа түрлері де осы тектес. Бұл ақша, шіркін, денсаулыққа жұмсалса ғой. Біз XXI ғасырдың болашаңын құрамыз, сондықтан, аталмыш апатпен күресуді қазірден өз қолымызға алуымыз керек.

Қорытынды:

2030-дың біз барысымыз

Жетістікке бастайды әр ісіміз

Өркениетті әлемді қорғау үшін

Нашаға қарсы күресу парызымыз

«Нашақорлыққа қарсы күрес-әлемді құтқарып қалады»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
913
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі