Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушы тірк сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды. Көптеген оқушы мәтіндерден деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді ажырата біледі. Кейбір оқушылар мәтіндегі деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Сынып: 6

1 бөлім. Отан отбасынан басталады. М. Әуезов «Абай жолы» «Қайтқанда» тарауы (үзінді)



Сабақ тақырыбы

13-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.5.1 – тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;

6.5.1.1 – мәтіндерден деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыс

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы тірк сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды.

Көптеген оқушы мәтіндерден деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді ажырата біледі.

Кейбір оқушылар мәтіндегі деректі және дерексіз зат есім, көптік мәнді есімдерді жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.

Бағалау критерийлері

Тақырып туралы айтады, сипаттайды, шағын мәтін құрап жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Отан, тәрбие

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: отбасы тәрбиесі, Отан.

Бастапқы білім

М.Әуезовтің «Абай жолы» романы туралы айтады, «Қайтұанда» бөлімін сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

Саюақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күнде жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі сабақты бастайық!

Оқушылар мұғалімдермен бірге қайталап, бір-біріне тілектер айтады. «Бүгін саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер!» Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтадан модульге байланысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, тақырыпты бекіту сұрақтарын қояды.

Тренинг жазылған парақшалар





Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың ортасы

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. «Отан отбасынан басталады» деген тақырыпта постер дайындайды (1-тапсырма)

Синтектика. Абайдың Құнанбайұлының атына 6-сынып оқушысының атынан хат жазады (2-тапсырма)

«Ойшыл қақпақтар» әдісімен полиглог құрады (3-тапсырма). Отбасы мүшелерінің біріне мінездеме жазады (4-тапсыпма).

Сергіту сәті. Мұғалім қимылмен көрсету арқылы сергіту жаттығуын жасатады.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бұтақтар,

Биік болып өседі.

Оқулық



Түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, маркерлер



Сазды әуен

Сабақтың соңы

Жұптық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясының негізінде «Өнегелі отбасы» деген тақырыпта мәтін құратады.

Бағалау. Мұғалім «Бағалау ағашы» тәсілін пайдаланып, сабақ барысын бағалатады.

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жапырақ тәріздес қағаздарға жазып, ағаш суретіне жапсырады. Немесе жапырақ түстеріне байланысты мағына беруге болады.

Кері байланыс. Рефлексия парағы

Сабақтағы жетістіктерім

Себептері

Сабақтағы кемшіліктерім

Себептері





Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде жазу дәптерінен тапсырмалар беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі.

Бағалау ағашының суреті, желімқағаздар



Кесте





Жазу дәптері





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2018
6426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі