400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Натурал сандар және нөл саны

Материал туралы қысқаша түсінік
натурал сандар және оларға амалдар қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Математика пәні бойынша 5 - сынып оқушыларына тірек конспектісі
1 – тоқсан
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар және нөл саны
Сабақтың мақсаты: • натурал сандар және оларға амалдар қолдану
Конспект:
Нәрселерді санауда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады.
«Натурал»сөзі латынның «natura» сөзінен шыққан. Қазақша аудармасы «табиғат»
дегенді білдіреді.
Натурал сандар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0 – араб цифрларымен жазылады.
0 саны санауда қолданылмайды. Сондықтан 0 саны натурал сан б олып
табылмайды.
Натурал сандарды араб цифрларымен жазғанда, жазылатын сан ондағы
цифрлардың мәндерінің қосындысына тең болады.
Мысалы, 68742 санында 2 бірлік, 4 ондық, 7 жүздік, 8 мыңдық, 6 он мыңдық бар.
Демек:
68742 = 60 000 + 8000 + 700 + 40 + 2 немесе
68742 = 6 ∙ 10 000 + 8 ∙ 1000 + 7 ∙ 100 + 4 ∙ 10 + 2
Көп таңбалы натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде
жазуға болады.
1; 10; 100; 1000; 10 000; ... разрядтық бірліктер деп аталады.
Кез келген разрядтың әрбір 10 бөлігі одан жоғарғы (солға қарай) разрядтың бір
бөлігін құрайды.
Мысалы: 10 бірлік 1 ондықты;
10 ондық 1 жүздікті;
10 жүздік 1 мыңдықты, т.с.с. құрайды.
Натурал сандардың осыған негізделген жазылу тәсілін ондық санау жүйесі дейді.
Натурал сандардың ондық санау жүйесімен жазылуында цифрдың мәні оның
тұрған орнына, яғни позициясына байланысты.
Сондықтан ондық санау жүйесі позициялық санау жүйе болып табылады.
Мысалы, 8 цифрының мәндері:
348 санында 8 бірлікті білдірсе,
582 санында 8 ондықты білдіреді, ал
867 санында 8 жүздікті білдіреді.
Бейнероликке назар аудар:
https://www.youtube.com/watch?v=BrdhRoVRHK8

Оқулықпен жұмыс. №2 есеп (6 бет) Кестедегі сандарды оқыңдар.
Дәптермен жұмыс. №3 есеп (№7 бет) Сандарды цифрлармен жазыңдар.
Үлгі:
4) үш миллион жиырма бес мың алты = 3 025 006 = 3 ∙ 1 000 000 + 25 ∙ 1000 + 6
Қосымша:
№6, 8 есеп (7 бет) Сандарды оқыңдар.






Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.09.2020
725
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі