Материалдар / натурал сандардың бөлгіші мен еселігі сабақ жоспары 6 сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

натурал сандардың бөлгіші мен еселігі сабақ жоспары 6 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жариялап отырған материалым болашақ жас мамандарға көмек болады. Сабақ жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде жоспарланып жазылған. Мұнда саралау тапсырмалары көрсетіліп, бағалау түрлері ұсынылған.Курс оқып жүрген кезде тренерлердің көмегімен жаңа шаблонға жасадым .Тақырыпқа сәйкес ұзақ мерзімде көрсетілген мақсатты алып. содан соң соған сәйкес оқу мақсатын қоямыз.Оқу мақсатына қарай бағалау критерилерін пайдаланамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2018
782
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1.1

Мектеп: «Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектеп»

Мерзімі:06.09.2017

Мұғалімнің аты-жөні:Класхан К

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.5 Натурал сандардың бөлгіші мен еселіктері

анықтамаларын білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі анықтамасын түсінеді.

Көптеген оқушылар:

Натурал сандардар бөлгіші мен еселігі түсініктеріне қорытынды

жасайды.

Кейбір оқушылар:

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігін анықтамаларын

тұжырымдайды.

Жетістік критерийлері

Натурал санның бөлгіші мен еселіктері анықтамаларын біледі.

Натурал санның бөлгішін таба алады.

Натурал санның еселігін таба алады.

Натурал санның бөлгіші мен еселігін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

- натурал көп таңбалы сандарды оқи алады.

- еселікті түсінеді.

- бөлгішті түсінеді.

- еселік саны мен бөлгіш санын ажырата алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- натурал сан

- цифр

- еселік

- бөлгіш

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- натурал а санының еселігі деп ...

- а санына қалдықсыз бөлінетін натурал сан ... деп аталады.

- 5 – тің еселіктері ...

Құндылықтарды

дарыту


Шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, қарым-қатынас жасау арқылы жауапкершілік қабілеттері артады. (Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім)

Пәнаралық

байланыстар

Физика, физикалық шамаларды есептеулер


Бастапқы білім


Натурал сандарды көбейту және бөлу

Жұп және тақ сандардың анықтамасы

Натурал сандарға амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

(45 минут)

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Уәж туындату: Оқушыларды сабаққа шоғырландыру,

ынталандыру. Шаттық шеңберін құру бір-біріне тілек

айту: а) сәттілік

ә) табыс

б) көтерінкі көңіл күй...

Қалыптастырушы бағалау тәсілін пайдалану үшін

«Доп лақтыру» әдісін қолдану мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады:

1.Натурал санға анықтама бер.

2. Қандай сандар жұп сандар деп аталады?

3. Қандай сандар тақ сандар деп аталады?

4. Санды өрнекті қалай түсінесін?

5. Әріпті өрнекке мысал келтір.

3- тің көбейту кестесін кезекпен айтып шығу арқылы

нәтижесінде пайда болған тақ сандар - I топ, жұп

сандар II топ болады.



Интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы

30 минут

Тақырыпты бастамас бұрын оқу мен оқытудың әдіс-

тәсілдерінің бірі «Джигсо» тәсілін 1-ші тапсырманы орындату арқылы қолданамын.(бірін-бірі үйретеді)

тапсырма:

Экспо көрмесінің ашылу салтанаты қай

күні болды? Ж: 09.06.2017 ж

I топ

II топ

9 саны қандай сандарға бөлінеді

6 саны қандай сандарға бөлінеді

6 – ның көбейту кестесін жаз

9 – дың көбейту кестесін жаз

Осы тапсырмаларды орындату арқылы натурал

санның бөлгіші мен еселігі ұғымын меңгереді.

Анықтамасын өздері қорытып шығарады.

А1:Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

А2: Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

2-тапсырма:

Қалыптастырушы бағалау тәсілдерін

пайдалану үшін «бұрыштар» тәсілін қолданамын.

Тапсырманың қайсысы ақиқат қайсысы жалған? (4 тапсырманың дұрыс жауабы столдың 4 бұрышына қойылады)

тапсырма

ақиқат

жалған

1

18 саны – 77 санының бөлгіші



2

60 саны – 5 санының еселігі



3

15 саны – 90 санының бөлгіші



4

3 саны – 100 санының еселігі



Ауызша бағалау «Жарайсыңдар!»

3-тапсырма: Жеке жұмыс.

«Қарқын» тәсілін қолдану арқылы оқушылардың жеке

қабілеттерін есепке ала отырып, төмендегі есептерді

шығартамын.

3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарының ішінен

36 санының бөлгіштерін ________________

60 санының бөлгіштерін ________________

3 – тің еселіктерін _____________________

10 – ның еселіктерін тап ________________

Дескрипторлар:

- Натурал санының еселігінің, бөлгіштерінің анықтамасын қолданады;

- Берілген сандардың еселігі мен бөлгіштерін мына сандардың ішінен табады.

Бір-бірінің жасаған жұмысын тексеріп, «Бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалайды.

(тапсырманы орындауда қиналды,тапсырманы орындауда қателіктер жіберді,толық орындады)

Сергіту сәті: Оң қол және сол қол қимылын жасау.

4-Тапсырма: Топтық жұмыс

12, 36, 72 сандарының ортақ бөлгіштерінің үлкенін тап.

,15,16 17 18

Оқушыларға үлестірме материал таратылып беріледі. Оқушылар әр топтың жұмысын бармақпен бағалайды

Келісемін Қосарым бар Келіспеймін

5-Тапсырма: Белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті түсіндіру, айту)

1-топ.

1.Натурал а санының бөлгіші деп....................

2.Берілген натурал санның еселігі ........... көп

3. 20 санының.......бөлгіші бар.

2-топ.

1.Натурал а санының еселегі деп.........

2.Берілген натурал санның бөлгіші ............

3. 16 санының......................... бөлгіші бар





























Үлестірме парағы













Оқулық























Үлестірме парағы

Бағдаршам түстері салынған қима қағаздар

Ғаламтор желісі

Сабақтың соңы

8 минут

Оқушылардың үдеріс барысында әріптестерінен топта

бірлесе ойлану немесе талқылау арқылы нәтижеге жету дағдысын қалыптастырады.

Бөлгішін тап

Еселігін тап

3. Не өзгешелік байқадың?

Ж: Кез – келген натурал санның бөлгіші шектеулі

Кез – келген натурал санның еселігі шексіз екенін білді.

Кері байланыс

Білемін

Білгім келеді

Білдім










Үйге тапсырма: № ,20,21

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылар көңіл күйлерін білдіреді.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Топтық жұмыста қабілетті оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсетіп отырады, сондай-ақ бір-бірінен үйренеді.

«Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағаланады

Сұрақ қою арқылы бағаланады.

«Топтар бір-бірін бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Баланың дұрыс отыруын қадағалау.

Сергіту сәтінде оң қол, сол қол қимылын жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!