+7 (771) 234-55-99

Жұмыс күндері: Дс-Жм, 09:00 - 18:00

Басты бет / Материалдар / Математика / Сабақ жоспары / 5 сынып / Натурал сандардың бөлгіштер. 6 сынып


Натурал сандардың бөлгіштер. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік

Жаңа білімді қалыптастыру Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады.

Кобланова Анар Орунбасарқызы

16 Қырқүйек 2020

165

0

Материалдың толық нұсқасы



Математика 6 -сыныпқа арналған жоспары

Аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат



сабақ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Натурал сандардың бөлгіштер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.1.5 Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу

6.1.2.8 Натурал сандардың бөлгіштерін табу


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамаларын біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табады


Кейбір оқушылар: Ережелерге сәйкес ізденісті қажет ететін есептерді шығара алады

Бағалау критерийлері

Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамасын біледі

Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады

Натурал сандардың еселіктерін таба алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлгіштер-разделители-delimiters, еселіктер-кратные-multiples

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады

Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең

Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші...

Кез келген натурал санның ең кіші еселігі...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық құндылықтың негізі индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсуіне негізделіп оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету

Пән аралық байланыстар

Жаратылыстану

Бастапқы білім

Натурал сандар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар





Сабақтың басы























Сабақтың ортасы































































Сабақтың соңы


Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренинг жүргіземін.

Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын

(Ұ) «Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып сұрақтар қою арқылы натурал санның бөлгіштері мен еселіктері ұғымын өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін

1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады?

2.Нөл саны натурал сан бола ма?

3 .Ең үлкен санды атауға бола ма?

4 1ден бастап 20 ны қоса алғандағы натурал сандар жазылған кесте құрыңдар

5. Осы кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер (1,2,4,5,10,20)

6 . 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар(5,10,20,25,30...)

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын

«Мозайка» әдісін пайдаланып сыныпты 3 топқа топқа бөлемін

(Тж) Жаңа білімді қалыптастыру

Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды

Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады

(Тж)

« Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін пайдаланып оқулықтан №561есепті топта шығарады,талдайды

  1. 9, 14, 32, 37,45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар

Дескриптор

1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болатынын жазады

9 саны қалдықсыз бөлінетін натурал сандарды анықтайды

Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзі болатындығын жазады



  1. 8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар

Дескриптор

8 санының ең кіші еселігі сол санның өзіне тең екендігін жазады

8 санын 2ге көбейтеді

8санын 3 ке көбейтеді

8 санын 4 ке көбейтеді

Топтарды қалыптастырушы бағалау тәсілі «бағдаршам» арқылы бағалаймын

(Жж) Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі «Конверттегі сұрақ» әдісі

1-тапсырма.

Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар

5 және 45, 9 және71, 8 және34, 16 және 80, 17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115

2- тапсырма

3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарынан теріп жазыңдар:

2-нің еселіктерін

21-дің бөлгіштерін


В деңгейі «Кім жылдам? әдісі

1. 18 асықты асық саны өзар тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін?

2. 45- ке бөлгіш және 5-ке еселік санды жазыңдар

С деңгейі «Ойлан тап»

  1. Бала себетті толтырып , қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға, немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкелді?

  2. 120-ға бөлгіш және 30-ға еселік санды жазыңдар

Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын


Үйге тапсырма беру №562, № 567

Рефлексия

  1. Мен үшін бүгінгі сабақта құнды болғаны...

  2. Топтық талқылауда мен не үйрендім?

  3. Не қиын болды?

  4. Не қызықты болды?

І деңгей тапсырмалары

1. 70 қорап қарындашты жәшіктерге салу керек. 5 қорап; 8 қорап; 14 қорап сыятын жәшіктер бар болса, олардың қайсыларын алған ыңғайлы?

2. 1) 502 саны 22088 санының бөлгіші;

2) 65 667 саны 3127 санының еселігі;

3) 13 188 саны 24 санының еселігі;

1) 762 саны 16 664 санының бөлгіші болатыны дұрыс па?

3. 1) 7 < а <27; 2) 50 < х <83; 3) 305 < b < 330 теңсіздіктерін қанағаттандыратын барлық жай сандарды жазыңдар.

4. 1) 24-тің бөлгіші және 6-ға еселік; 1) 100-дің бөлгіші және 20-ға еселік болатын сандарды табыңдар.

5. 1) 6 мен 11; 2) 9 бен 15; 3)14 пен 16-ға бірдей еселік болатын ең кіші натурал санды табыңдар.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. 600-ден кем және 40 саны бөлгіші болатын барлық үштаңбалы сандарды жазыңдар.

2. х < 71теңсіздігі дұрыс болатындай және 1) 15-ке еселік; 2) 23-ке еселік болатын х-тің орнына барлық натурал сандарды жазыңдар.

3. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7 см, биіктігі 5 см. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме, әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар? Оларды жаз.

Жауабы: 455 см3 құрама сан















www. Bilimland. kz






ж асыл-өте жақсы орындалған

сары-толықтыру керек

қызыл-топта қайта қарау керек










Үлестірмелі кеспе қағаздары






Үлестірмелі кеспе қағаздары










Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

«Смайликтер» тәсілі

«Бағалау ағашы» әдісі

«Бас бармақ» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

Сергіту сәті




























Тақырыбы:

САБАҚ

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.5.1.3

жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептерді оңай тәсілмен шеше алатындай танымдық,логикалық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау.Өзара қарым-қатынастарын шынайы дамытуға ықпал ету.

Тыңдаушылардың зейінін тұрақтандыруға,есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

:.құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйрену;

- сыныпта диалогтік әңгіме дамыту;

- топпенж ұмыс жасай отырып ,оларды еркін ойлауға қалыптастыру.


Оқушылардың басым бөлігі:

Бөлік және бөлшек ұғымдарынесептер шығарғанда қолдана білу, мәтінді есепке теңдеулер жүйесін құру біліктілігін қалыптастыру.


Кейбір оқушылар:

Оқушыларды есептер шығарғанда ережелерді дұрыс қолдана білуге үйрету, ойлау қабілетін арттыру.

Бағалаукритерийі

Бағалаукритерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

Ж4. Мәліметтерді жинақтау

Бөлшектерге арналған тапсырмаларды зерттеу


1


Тапсырмаға арналған есептер құрастырады;


1



Жай бөлшек пен ондық бөөлшекке есептер шығарады

Топ арқылы бағалайды

1








Тілдік мақсаттар

Сабақ барысында қолданылатын сөздермен жұмыс жасау

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Жаһандықазаматтыққатәрбиелеу

Бейнебаяндағы байланыс туралы сөйлесу.

АКТ дағдысынқолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Пәнаралықбайланыс

География

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК) -
Психологиялықахуалтуғызу

Талдау: Осы тапсырманы орныдау кезінде сендерге не ұнады? Өз ойларыңызды бірден айтып салуда сізге не қиын келтірді? Қандай әсер алдыңыз?

«Бірақ» жаттығуы

Оқушылар жеке жауап береді.Өз ойларын ашық жеткізеді.

Сұрақ - жауап
1. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
2. Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
3. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?


Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)


1.Күнделікті тұрмыста қандай бірлесіп орындалатын жағдайлар кездеседі?

2.Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығаруда орындалатын жұмыс мөлшері қалай алынады?

Сұрақтар бойынша топтың әр мүшесіне жеке-жеке беріп, ол топ жетекшісі кім қандай пікірде болды, қорытынды жасайды.

Сұраққа жауапты қалай табу керектігін біледі.

І топқа:№1 (Қытай, б. З. II ғ.) Жабайы үйрек Оңтүстік теңізден Солтүстік теңізге дейін 7 күн ұшады. Жабайы қаз Солтүстік теңізден Оңтүстік теңізге дейін 9 күн ұшады. Жабайы үйрек пен жабайы қаз бір уақытта ұшса, олар неше күннен кейін кездеседі.

Шешуі: 1(пүтіні) – Оңтүстік теңізден Солтүстік теңізге дейінгі ара қашықтық.

  • жабайы үйректің 1 күнде ұшуы.

  • жабайы қаздың 1 күнде ұшуы.

  • 1 күнде қарама-қарсы бағытта ұшуы. ;

  • 1:

Жауабы: 3 күнде

ІІ топқа: 1. Ертедегі есеп. Бір қойды арыстан 2 күн,қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды арыстан, қасқыр және ит бірлесіп жесе, неше күн жейді?

Шешуі: 1(пүтіні) – бір қой.

  • арыстанның қойды 1 күндегі жеуі.

  • қасқырдың қойды 1 күндегі жеуі.

  • –  иттің қойды 1 күндегі жеуі.

  • ірлесіп жеуі.

 

Ойтүрткі кезеңінде әр топқа  3 есептен тұратын тапсырмалар беріледі:

1.     25 (х + 3) = 150              х = 3                               

2.     169 : (х – 3) = 13             х = 16                             

3.     (х + 97) : 28 = 4               х = 15                      

4.     14 (х + 9) = 168              х = 3                            

5.     121 : (х – 3) = 11             х = 14                          

6.     (х + 27) : 15 = 4               х = 33             

Математикалық диктант.

  1. 0,02*2=0,04;

  2. 0,05*0,1=0,005;

  3. 0,003*10=0,03;

  4. 0,012*100=1,2;

  5. 10,03:10=1,003;

  6. 2,1:0,1=21;

  7. 5,0002:0,01=500,02;


Оқулық

Аудидиск:

1Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы( 41-45мин)

тапсырма

: Ондық бөлшекке бөлу

1) 2,5:0,5=5 2) 5:0,5=1

  1. 9:0,09=100 9

  2. 0,36:1,2=0,3 0,36:1,2=3,6:12=0,3

13,125:1,5=8,75

13,125:1,5=131,25:15=8,75

Амалды орындаңдар:

І топқа 2,093:91+0,2166:0,38=0,023+0,57=0,593

ІІ топқа 0,004:0,25-0,2:16=0,016-0,0125=0,0035

ІІІ топқа 0,5415:0,57-0,003:0,024=0,95-0,125=0,825

Әр топ жеке, жұппен, топпен тапсырманы орындайды .

Топтық жұмысты талқылауға үйренеді.

Оқуын толықтырып, үлгерімін

жақсарту үшін бір-бірінің ұсынған кері

байланысты пайдаланады.


(0Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдір Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Сөзді дұрыс айтқан балаға бір - бірден ойыншық үлестіріледі. Ойын соңында ойыншықтарды санау арқылы кімнің көп сөз тауып айтқанын анықтайды.е алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.








































Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Сабақ

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың атауы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.2.2.14 - бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

6.2.2.15 Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді жүйесін шешу

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін біледі Оқушылардың көпшілігі

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін құрып, оның шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілей және жаза білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылардың кейбірі

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер шешу жолдарын есептерде қолдана алады

Жетістік критерийлері

, Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіндегі теңсіздіктердің ортақ шешімін таба біледі.;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

География

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Есептерді шығару үшін ережелерді қолдана алады.

Пән лексикасы және терминология:

Санды теңсіздіктер жүйесітақырыбына қатысты жаңа сөздер мен терминология.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. көре аласыздар.

Назарларыңызға ұсынылған суретте ………………… бейнеленген.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Санды теңсіздіктер» тақырыбында арнайы шығару есептерін дамытып, ережелер дағдыларын дамытты.Есептерде тақырып ережелері түрлерін дұрыс қолдануға дағдыланды.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді

Интерактивті тақта

Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Үй тапсырмасын сұрау


Ой қозғау сұрақтары:
Біз не білеміз?
1. Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
3. Мәндес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктер аталады?
4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
5. Теңсіздіктер мәндес теңсіздіктерге қалай түрлендіріледі?
6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу үшін не істеу керек?

Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Қызығушылықты ояту

Есеп. Оқушы бүтін сан ойлады. Ойлаған санға оның –ін қосса, 10-нан үлкен сан шығады. Егер ойлаған саннан оның -ін азайтса, 5-тен кіші сан шығады. Оқушы қандай сан ойлады?

Шешуі: , , , 8˂х˂10, х=9.



Мағынаны тану


Әр топқа бірдей тапсырмалар беремін, оқушылар тақырыпты жұппен, содан соң топпен талқылап, өздері оқып меңгереді.

Ары қарай «Сұқ саусақ» стратегиясын пайдаланамыз. Бір топ ортаға шығып, қалған топтарға тақырыпты түсіндіреді.

Тапсырма:

1 – мысал.Оқушы 4 дәптер сатып алу үшін 200 теңгеден көп ақша төлейді.егер дәптердің бағасы 20 теңгеге қымбаттаса, ол 360 теңгеден аз ақша төлейді. Дәптердің алғашқы бағасы неше теңге?

Шешуі. х- дәптердің алғашқы бағасы

Есептің шарты бойынша:

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі құрылады.

Теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін жеке-жеке табайық







,



Теңсіздіктердің табылған шешімдерін бір координаталық түзуде кескіндейміз:





50 70

Жүйедегі теңсіздіктердің екеуіне де ортақ шешімдер жиыны (50;70) аралығы (интервал) немесе 50<x<70.

  1. Бір айнымалысы бар теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:

  • Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;

  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;

  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек;

  • Жүйедегі теңсізідктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады;

  • Жүйенің шешімдері сан аралығымен немесе теңсіздікпен жазылады.

Ал, қазір мен сіздердің алдарыңызға бағдаршам суретін таратамын, сол бойынша сіздер тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңізді тексере отырып, бірінші тапсырма бойынша өз-өздеріңізді бағалайсыздар. Екінші тапсырма бойынша көршіңізді бағалайсыздар. Үшінші тапсырма бойынша топ басшысы бағалайды.







Есептер шығару: а) карточкамен жұмыс

1 №2 №3 №4

5 №6 №7 №8


Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Сергіту сәті



Ой толғаныс


«Математикалық лото» ойыны. Топ лото ойнау арқылы түскен есепті шығарады.
3. Тік төртбұрыштың ені 4 см, оның периметрі 20 см-ден кіші. Тік төртбұрыштың ұзындығын бағалаңдар.
4. Берілген бүтін сан мен сол санның -ін қоса, 10-нан үлкен сан шығады. Егер сол саннан оның -ін азайтса, 5-тен кіші сан шығады. Берілген бүтін санды бағалаңдар.
5. х-тің қандай мәндерінде бөлшек дұрыс бөлшек болады:



. Семантикалық картаны толтырыңдар

Жауабы


Теңсіздіктер

[-4;6]

(5;7)

Ø

[-3;4)

[-3;+∞)












































Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру

Күнделіктеріне жазады


 Бағалау

Рефлекция  

сұрақ-жауап) (3 мин)

  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Өзім турал не білеміз?

  3. Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату


















Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс




Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.









































Бөлім:


Мектеп:


Күні:

-сабақ

Мұғалімнің

аты-жөні:


Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері.

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

6.2.2.17 - екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінігінің болуы;

6.2.2.18 - екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну;

Сабақтың мақсаты

Теңдеулерді есептеу туралы білім жүйесі қалыптасады және әдістерді қолданып есептеуді үйренеді

.Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, талдай алады, ой қорытуды үйренеді.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін шығаруды үйренеді

Жетістік критерийі

Оқушылар теңдеулер жүйесін алмастыру, графиктік, қосу тәсілдерімен шешуді біледі және қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

  • тәуелді және тәуелсіз айнымалы

  • сызықтық теңдеулер жүйелері

  • қосу және алмастыру тәсілдері

  • графиктік тәсіл

  • сызықтық функция


Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірмен байланыс

Климаттық өзгерістерді талқылау

Пәнаралық байланыс

География, физика

Алдыңғы білім

6 Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Ой шақыру. Суретті сөйлету

Сөйлемді жалғастыр тапсырмасын орындайды

  1. ах+ву түріндегі теңдеулер ...

  2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың ...

  3. Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз- ...

  4. Егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса,...

  5. Егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара параллель болса,...

Егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер беттесетін болса,...

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру




Сабақтың ортасы

15 мин
































10 мин


























10 мин

Мағынаны тану кезеңі

Оқушылар берілген тапсыр-

маны орындайды

  1. І топ және ІV топ 2.ІІ топ және ІІІ топ

1.Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:


2. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен

шешіңдер:


3. Майра 3 банан , екі тоқаш үшін 1335 теңге төледі. 1 банан 1 тоқаштан 20теңге қымбат.1 бананның және 1 тоқаштың бағалары неше теңге?

3. Асхат қорадағы жайылып жүрген лақтардың және тауықтардың аяқтарын санағанда барлығы 46 аяқ болды .олардың бастарын санағанда ,барлығы 17 болды. Асхаттың қорасында неше лақ,неше тауық

жайылып жүр.

Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Сұрақтар беріледі.

Сабақ үстінде ауызша сұрақ-жауап сыни көзбен қарауға дағдыланады

Мысал келтір?

І топ. Тақырыптың идеясын ашады.

ІІ топ. есеп-тейді.

ІІІ топ.Салыстырады.

IV топ.Кестені қолданып мәнін табады.

Vтоп.Есептер шығарады.



Жеке жұмыс

)

71 72 есептерді шығарады


Теңдеу дегеніміз не?

  1. Егер екі насос бірге жұмыс істесе ыдысты 4 сағатта суға толтырады. Егер әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істесе, 1-ші насос ыдысты 2-ге қарағанда 6 сағ аз уақытта толтырады. 1-ші насос жеке жұмыс істегенде ыдысты қанша сағатта суға толтырады? 

Жауабы: 6 сағ 


Қатты әсер еткен жерлері.

Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді? 

Жауабы: 6


Төмендегі кестені толтырады

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Кері байланыс

http://inform.kz/kaz/article/2560924










Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау

Слайд

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау







Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?








Жалпы бағалау



Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?






































Тақырыбы: САБАҚ

Статистика

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.4.3.3

кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

 Кестені, бағанды, нүктелік және бағанды диаграмманы, гистограмманы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Бағанды диаграмма мен нүктелік диаграмманы ажырата білуі керек

Кейбір оқушылар:

Статистикалық мәліметтерді кескіндей біледі

Жетістік критерийі

Қосымша ақпарат көзінен алған мәліметтерді түсінеді;

Статистика туралы түсінік қалыптасады

Топтық жұмыстарды орындайды

Тілдік мақсаттар

кесте, диаграмма, көрсетілген, ілгері динамика, төмен көрсеткіш, өзгеріссіз, өсу, байқау, жіктеу, жоспарлау.

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, жыл сайын,

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Адами құндылықтарды дәріптеу

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірмен байланыс

Статистикалық өзгерістерді талқылау

Пәнаралық байланыс

География, тарих

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-8 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл 6 мин 
1. Кездейсоқ оқиғалар дегеніміз не? 
2. Ақиқат оқиға дегеніміз не? 
3. Мүмкін емес оқиға дегеніміз не? 
4. Математикалық статистика қай мақсатта қолданылады? 
5. Санды мәліметтер қандай мақсатпен реттеледі? 
6. Математикалық статистиканы қандай жағдайда қолданған ыңғайлы? 

. Қайталау сұрақтары.

1. Ықтималдықтар теориясы  деп кездейсоқ жағдайлардың пайда болу заңдылығын зерттейтін математиканың бөлігін айтамыз.

 иә                                          жоқ  

2. Ықтималдықтың екі түрі бар.Олар: классикалық ықтималдық, геометриялық ықтималдық.                                                        иә                                          жоқ

Жауабы: Жоқ, себебі: Ықтималықтың 3 түрі бар.Олар статистикалық ықтималдық, классикалық ықтималдық, геометриялық ықтималдыұ

3. Жиілік деп қандай да бір сынақ нәтижесінің теңмүмкіндікті болуын айтамыз.

 иә                                          жоқ

жауабы: Жоқ, себебі Жиілік деп белгілі бір сынақта болып жатқан оқиғаның санын айтамыз. Ал қандай да бір сынақ нәтижесінің теңмүмкіндікті болуын элементар оқиға деп атаймыз.

4.А оқиғасының иқтималдығы осы оқиғаның болуына себепші нәтижелер саны мен барлық теңмүмкіндік нәтижелер санының қатынасына тең болады. Мұндай ықтималдықты А оқиғасының калассикалық ықтималдығы деп аталады.

 иә                                         жоқ

4.Оқушылар берілген тапсымалар бойынша сөйлеу. 1-оқушы. Кесте

2-оқушы Диаграмма

3-оқушы Гистограмма



Сабақтың ортасы (8-35минут)

(МК,Ұ) 1

Топқа бөлу. Ал енді осы тақырып бойынша топқа бөлінейік. 

1-топ Кесте 

2-топ диаграмма

3-топ гистограмма

2.Экранда көрсетілген мақалды жалғасын тауып, астында жасырылған тапсырмаға постер құрау

Кесте тобы: Жеті   жұрттың тілін біл,  жеті түрлі білім біл. Тапсырмасы: Ауылдағы малдардың санағына бағанды диаграмма құрыңдар.

Диаграмма тобына: Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге  тарайды. Тапсырма: мектептегі оқушылар санына кесте құрыңдар

Гистограмма тобына: Жалқаудың  екі досы бар,    бірі-ұйқы, бірі күлкі. Тапсырма: Балалардың жыл сайынғы туылу санына, нүктелі диаграмма құрыңдар.

 3.Оқулықпен жұмыс:

1-топ: №468 бағанды диаграмма құру

2-топ: №468 нүктелі диаграмма құру

3-топ: №470



Оқулық


Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы( 35-45мин)

Шығармашылыққа тапсырма:

Сұрақ жауап

1.Статистика деген не?

2.Статистикалық мәліметтерді кескіндеудің түрлері қандай?

3.Мәліметтерді жүйелеп қорытындылайтын құралдардың бірі

4.Кестенің негізгі үш элементі қандай?

5.Гистограмма деге не?

2.Қорытынды. Түсіндіріп айту

1.Статистика мәліметтерді талдау және жинау ғылымы.

2.Статистикалық мәліметтерді кескіндеудің түрлері: кесте арқылы, диаграмма, гистограмма.

3.Мәліметтерді жүйелеп, қорытындылайтын құралдардың бірі - кестелер

4. Дұрыс құрылған кесте негізгі 3 элеметтен тұрады:

1.Мақсаты мен мазмұны көрсетілген кестенің тақырыбы;

2.Мәліметтерді бөлінетін обьектілер тізімі;

3.Сипатталатын обьектілерге баланысты сандар топтамасы.


(Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.





Сертификатты жүктеу

Сертификатты “Менің материалдарым” бөлімінде де жүктей аласыз

http://ust.kz/word/natyral_sandardyng_bolgister_6_synyp-218385.html

Ұқсас сабақ жоспарлары


Сабақ жоспары 7 сынып Орыс тілі қмж

Атамұра баспасы бойынша Орыс тілі пәнінен 7 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Орыс тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз

Орыс тілі

7-сынып

115

-10% жеңілдік

Бағасы: 1000 тг

900 тг

Сатып алу

Үлгіні көру
Сабақ жоспары 5 сынып Орыс тілі қмж

Орыс тілі пәнінен 5 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Орыс тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз

Орыс тілі

5-сынып

35

Бағасы:

1000 тг

Сатып алу

Үлгіні көру
Сабақ жоспары 3 сынып Қазақ тілі қмж ктп бжб тжб

Қазақ тілі пәнінен 3 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз

Қазақ тілі

3-сынып

140

Бағасы:

1000 тг

Сатып алу

Үлгіні көру