Материалдар / Науқас психологиясына эмпатияның оң әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Науқас психологиясына эмпатияның оң әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
науқас психологиясын зерттей отырып, оларға қалай дұрыс, сапалы қызмет көрсету жолдарын табу. Эмпатияның, әсіресе, медицина қызметкерлері мен дәрігерлерге науқаспен жұмыс жасау барысында өте маңызының зор екендігін көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2023
315
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Науқас психологиясына эмпатияның оң әсері

Бүгінгі заман – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап, бір-бірінің үйіне хәл сұрауға баруға уақыты жоқ есеп заманы болды. Ғылым секундтап өсіп, техника қарыштап дамып жатқан цифрлық заманда уақыт неге сонша жетпей қойды екен?

Дәрі көп, дәрігер көп, сырқаттың дертіне диагноз қоюға көмек апараттар де жетерлік. Бірақ аурудың соншалық түрі де көп, дертіне шипа таба алмай, емхананы жағалап жүрген науқастар да көп. Дәрігерлер, кез келген медициналық қызметкерлерге науқастың дертін танып, табуға, оларға көмек болуға оң әсер ететін қажет боларлық жұмыс жазуды жөн көрдім.

Елімізде көп дәрігерлер, медициналық қызметкерлер алдына шипа іздеп келген науқасқа компьютерде жазу жаза отырып сұрақ қойып, жылдам дәрілерін жазып кабинетінен шығаруға асығады. Науқас жазылған дәрі-дәрмекті толық түсінбей, ауруының салдарымен ғана күресуге шығып кетеді. Дәрісін ішіп болған соң уақыт өте ол ауру қайта мазалай береді. Ем жазылмайды.

Бүгінде медицина саласына көп өзгерістер керек сияқты. Әсіресе мамандарды дайындауда кәсіби біліктілігімен қоса елге жаны ашитын, адам баласына деген ерекше құрметі бар, өз ісіне құнтпен қарайтын адал да мейірімді болуға үйретіп, ұстанымдарды қатаң ескертіп, санасына құю керек тәрізді.

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Бұл не дегені? Әрине, алдымен, мүлде ауырмайтындай салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Алайда ауруға кез болдың. Енді не істеу керек? Не үшін ауырып жатырсың? Дерттің түп-тамыры қайда жатыр? Міне, осы іспеттес сұрақтар алдына шипа іздеп келген науқас та, дәрігер де жауап іздеп, дерттің тамырын тауып, соны жоюға жұмыс жасау керек? Ал біздің медицинадағы үлкен қателігіміз осында жатыр деп ойлаймын. Алдына дертін жазуға келген науқастың ауруының салдарымен ғана күрес басымырақ болып отыр. Және науқас пен дәрігер арасында тығыз байланыс жоқ. Аурудың себебі де, салдары да табылған жағдайда оны науқасқа қарапайым тілге салып түсіндіру жауапкершіліктері ақсап жатыр. Әрине, өз ісінің шебері, кәсібін махаббатпен атқаратын, шын ықыласымен науқастың ішкі жан дүниесіне ене шипа табуға көмектесетін дәрігерлер де бар. Бірақ аз.

Тақырыпты зерттеудегі мақсат пен оның өзектілігі: науқас психологиясын зерттей отырып, оларға қалай дұрыс, сапалы қызмет көрсету жолдарын табу. Эмпатияның, әсіресе, медицина қызметкерлері мен дәрігерлерге науқаспен жұмыс жасау барысында өте маңызының зор екендігін көрсету.

Ендеше, науқас психологиясы мен оның ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.Тәжірбиелік тұрғыда аурудың ауырлығын нақты түрде анықтауға болмайды. Бірақ, медицинаның дамуына байланысты әлеуметтік-мәдениеттік ерекшеліктерін есепке ала отырып, кейбір аурулар басқалардан ауыр болатыны сөзсіз (өлім, мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі).

Кез келген аурудың субьективті психологиялық жағын көбінесе аурудың ішкі бейнесін түсінумен түсіндіреді, ол аурудың белгілі бір сезімталдығының қалыптасу, өз ауруы туралы білімдердің қалыптасуын сипаттайды. Ауру патологиялық процесс ретінде ағзада аурудың ішкі бейнесін құруда екі жақты болады: 1) жеке және жалпы денелік түйсінулер ауру бейнсеін бейнелудің сенсорлық деңгейінің пайда болуына әкеледі, Аурудың ішкі бейнесі клиникалық көрінулердің, астения қиналу сезімдерінің ауырлығымен анықталады. 2) ауру адам үшін өмірлік мәнді психологиялық жағдайлардың қиындығына әкеледі. Бұл жағдай өзіне әртүрлі сәттерді қосады: дәрілерді қабылдау процедуралы, дәрігерлермен қарым- қатынас, жұмыстағы әріптестерімен және жақындарымен қатынасының қайта құрылуы. Осы және басқа да сәттер ауру бейнесінің қалыптасуына әкеледі. Аурудың ішкі бейнесінің бірнеше өзара байланысты жақтары анықталады: 1) Аурудың қиналыс жағы (түйсіну деңгейі, сезімталдық деңгейі). 2) Аурудың эмоционалдық жағы жеке симптомдарға эмоционалды әсер етудің әртүрлі түрлерімен байланысты.

3) Интеллектуалды жағы (рационалды ақпарат деңгейі) аурудың өз ауруы туралы білімі, оның себептері және салдары жайлы ойлауымен байланысты. 4) Аурудың күресу жағы (мотивациялық деңгейі) аурудың өз ауруына қатынасын анықтаумен, іс- әрекетін өзектендірумен байланысты.

Ең алдымен, науқас өз сырқатын субъективті бағалауы маңызды рөль атқарады. Науқастың өз ауруына субъективті қатынасын «аурудың ішкі бейнесі» немесе «дерттің ішкі бейнесі» деп аталады. Науқаста өз дертінің ішкі көрінісі ауырлық және жағымсыз сезімнің пайда болу механизміне, оның болашақтағы дамуына, дерті туралы уайымдауына қарай және эмоционалдық әсері нәтижесінде қалыптасады. Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар екі топқа бөледі:

1.Жекеше-конститутционалдық факторларға келесілер жатады

  • жынысы

  • жасы

  • мамандығы

2.Индивидуальді психологиялық факторлар:

  • темперамент қасиеттеріне

  • мінезінің ерекшеліктеріне

Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуынв әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде ауырсыну сезіміне төзу қабілеті табиғи қалыптасқан. Ер адам әйел адамдарға қарағанда эмоционалдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе бұл бірнеше aйлар бойы қимылы шектеліп жaтатын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады.

Жac шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. әр бір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтaн ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және aуырлығына байланысты топтауға болады. Жас балалардың, жаcөспірімдердің өздерінің сыртқы әлпетінің өзгеретін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылaды.

Мамандығы. Орта жаcтағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қaбілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандайда бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болaды.

Темперамент еркешеліктері. Темперамент – индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үдерістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритмнің динамикалық ерекшеліктерімен cипаттaлады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы сангвеник пен флегматиктерге қарағанда холериктермен меланхоликтерде төмендеу болады.

Мінездің ерекшеліктері. Cырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қаcиеттеріне байланысты.

Ауру тұлғасының ауруға психологиялық реакциясының негізінде дерт туралы өз көрінісі, білімі пайда болуын – аурудың ішкі бейнесі дейді. Бұл – науқастың өз дертіне өз басының қатынасы,реакциясы, жауабы.

Aдамның ішкі бейнесіне келесі факторлар әcер етеді:

  • қолайcыз жағдай;

  • науқаcтың өз денсаулығын өзі бағалау, ауруын қабылдап, өз рөлін атқаруы;

  • ауруға (дертке) реакциясы;

  • ауру себептерін білу;

  • әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әр түрлі реакция беруі.

Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары, көріністері – аурудың ішкі бейнесі деп аталады.

Міне, науқастың жасы, мінезі, темпераменті, мамандығы, жынысына байланысты, сондай-ақ аурудың деңгейіне де қарап әр түрлі психологиялық өзгерістер болатынын білдік. Дені сау адамның өзі күнде әр түрлі психологиялық сезімдерді басынан кешіріп жатады. Сондықтан да науқас адамға, алдымен психологиялық көмек созу – міндет. Алдымен не істейміз? Науқасты жан дүниеңізбен қабылдаңыз. Оны сабырлықпен мұқият тыңдаңыз. Оның дерті өзіңізде жүріп жатқандай кеңес беріңіз. Жанашыр болыңыз. Мұны психологияда «эмпатия» ғылымы дейді.

Эмпатия( лат. empatheіa ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Cезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.

Эмпатияны дамыту үшін психологтар мынадай кеңес береді:

  • Өзгешеліктерді құрметтеу және басқа адамның пікіріне, сенімдері мен ережелеріне құқығын сыйлау.

  • Бағалаудан аулақ болыңыз. "Сіз ақымақтық жасадыңыз және бәріне сіз өзіңіз кінәлісіз" деген сөз тіркестерінен бас тарту керек.

  • Басқа адамның сезімдерін қайта айту арқылы эмпатияны білдіруге үйреніңіз. Мысалы: «Мен сізді жақсы түсінемін, қазір  жұмысыңызда күрделі жағдайлар болып жатыр».

  • Қарым-қатынас кезінде өзіңізге сұрақ қойыңыз: "Мен қазір сөйлескен адам өзін қалай сезінеді?".

  • Басқа адамдарды мұқият тыңдаңыз: сөйлесу кезінде телефонды алмаңыз, көзбен байланыс жасаңыз, сөзін бөлмеңіз. Ойлары мен сезімдерін түсінуге тырысыңыз.

  • Өзіңізді басқа адамдардың орнына қойыңыз. Сіз жанашырлық танытқыңыз келген жағдайда, басқа адамның орнына өзіңізді қойып көруге тырысыңыз, өзіңізге мынадай сұрақ қойыңыз: "Егер менімен дәл осындай жағдай орын алса және мен осындай эмоцияларды сезсем, мен қандай қолдау алғым келер еді? Мен не естігім келер еді? Мұндай жағдайда мен өзімді қалай сезінер едім?"

Дәрігерлерге нұсқаулық ретінде эмпатияның ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, науқас психологиясына жақсы әсер бере алу үшін не істеу керектігін төмендегіше көрсетеміз:

  • науқасты күлімсіреп қарсы алыңыз, оған құрметпен қараңыз;

  • оны мұқият тыңдаңыз және тыңдау барысында әр түрлі істермен айналыспаңыз (телефон қарау, компьютерде жазу т.б.);

  • сұрақтарды науқасты толық тыңдап болған соң қойыңыз;

  • науқасқа дертіне ортақ екеніңізді, оған жаныңыз ашып тұрғанын білдіріңіз;


  • аурудың қайдан шығып жатқанын білуге тырысыңыз, арнайы анализдерге жіберіңіз, өйткені дерттің себебін емдеу уақытша, ол қайта қозғау мүмкін;


  • диагноз оң қойылған соң науқаспен сырлы сұхбат жүргізгендей түсіндіріңіз;


  • аурудың қайдан шыққанын, не үшін бұлай болғанын тереңірек түсіндіруге тырысыңыз;


  • ең қажет деген дәрілерді жазып, дәрілердің науқастың дертіне әсер ете алатын функциясын айта кетіңіз, оны сендіріңіз (сонда науқас дәріні иланып, уақытымен ішетін болады);



  • бастысы, науқаспен дос болыңыз.

Бұл қағидалар өз ісіне адал, өзіне, айналаға құрметпен қарайтын, дәрігерлік ісін жақсы көретін, Аллаға сенетін, бүгініне шүкірлік айтып, ертеңіне сеніммен күліп қарайтын еліміздің абзал ақ халаттысының ісі деп білер едім.

Қорыта айтқанда, науқастың жасы, мінезі, темпераменті, мамандығы, жынысына байланысты, сондай-ақ аурудың деңгейіне де қарап әр түрлі психологиялық өзгерістер болатынын ескергеніміз жөн. Әрине, мұғалімдер сияқты дәрігерлерде де қағазбастылық басым. Алдына келген науқаспен жұмыс жүргізу, жоғарыда келтірген эмпатиялық талаптарды орындау мүмкін емес сияқты көрінеді. Бірақ ел болып медицинамызға осындай қажет өзгерістерді кіргізбеске болмас. Бұл азаматтарымыздың өмір сүру сапасына әсер етеді.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!