2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / наурыз

наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
наурыз мерекес3
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!

Жүргізуші:Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1-бала. Бақдәулет:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

2-бала . Бейбарыс:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

3-бала. Батырхан:

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Жүргізуші :Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекемізге қош келіпсіздер.
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, қабыл ал биімізді.
Тойға шашу биін қабыл алыңыздар.

1.Би: «Тойға шашу» Шаңырақ пен Солнышко тобы.

Жүргізуші :Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
1.Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Қош келдің, Наурыз тойы, қайта оралған,

Аз бе еді өткен күнге айтар арман,

Жайнаған көктем болып күлім қақтың,

Төсінде шалқар дала, байтақ орман.

1.Өлең-шумақтар: (Бәйшешек топ балаларының өлең шумақтары қабыл алыңыздар)


Жүргізуші:Балалар сендер білесіңдер ме ата-апаларымыз Наурыз мерекесін қалай қарсы алған?

1-бала:Алихан: Жаңа жылда Қыдыр баба үйге кірсе, ол үй ауыру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-бала: Жанболат: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қыдыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- бала:Бақдәулет: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- бала: Әділ Айсұлтан: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- бала: Алия: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет,қойдың басы, қатық,сүт,бидай,тұз,су қосылады.


2.Би: «Қолшатыр» Жауқазын тобы

Жүргізуші: Уа, халайық! Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді екен. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Бәрімізге де Қыдыр баба жолыққай деп тілеймін.

Уа, халайық, халайық,

Босқа қарап тұрмайық

Жақсылықтың жаршысы

Қыдыр бабаны қарсы алайық!

Қыдыр баба: Уа, халайық, халайық,

Алтын таңға қарайық,

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп жүр шаттық ән.

Жұрағатым қуансын,

Келе жатыр күн мейрам,

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар,

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық, халайық.

Наурыз тойы құтты болсын!

Ал, халқым, Сіздерге ақ жол мен бақыт тілеп батамды берейін.

Қыдыр баба бата береді : Мен батамды берейін,

Үстем болсын мерейің,

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Өмірлерің ұзақ болсын,

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әумин!

3.Би: «Қазақша» Құлыншақ тобы.

Жүргізуші: Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.

Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

Бүгінгі күні әжелеріміз өзінің немересі Бекислам мен Айымның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.

Салт дәстүрмен жарасса,

Қайта түлеп жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

«Тұсау кесу» тойы.

4.Би: «Батырлар» Шаңырақ пен Солнышко

2.Өлең-шумақтар: (Тюльпан тобының өлең шумақтары)

Жүргізуші: Ән айтамын ақырын тұнық таңда,
Еркеназқыз ән - жырын ұмытқан ба?
Көңіл шіркін қарлығаш ұшып шыққан,
Жатқандай бір қапаста, құлыптауда.

2. Жеке Ән: «Туча» Еркеназ Тюльпан тобы

5.Би: «Қазақша ару» Тюльпан мен Бәйшешек қыздар.

Жүргізуші: - Ал, енді көжеден дәм татпай тұрып, аластау рәсімін жасайық! Төрге қойылған қос шырақпен үйді де, ауланы да аластаған. Аластау- халқымыздың әдеп- ғұрып бойынша «өткен күндерде ауырлық, реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын » деген ниетпен орындалатын басты рәсімнің бірі

Әжелер : -Алас, алас, пәледен қалас, қалас, қалас!

Жана жыл жарылқа, Ескі жыл есірке

Оқыс келген опаттан сақта,

Төтеннен келген кесірден сақта

Шайтанның азғыруынан сақта

Бүлдіршіндерді жақсылыққа жақын ет,

Жамандықтан алыс ет.

Бақыттың базарында

Қыдырдың назарында ұста..

Пәле- жаладан сақтай көр,

Жамандықты әрмен әкет,

Айдан аман болайық,

Желден есен болайық,

Алас, алас, пәледен қалас, қалас, қалас!

Жүргізуші : Дүниенің құпиясын тани білген дана халық. Жаңа жыл келетін күні түнде «Жалғыз шала сәуле болмас, жалғыз шырақ тәубе болмас» деп төрге қос шырақ жағып қояды екен. Бұл түні үйдегі барлық ыдыс атаулыға ақ құйып, оларды дәндерге, бұлақ суына толтырып құятын болған. Оның себебі, «Осы жыл біздің үйімізде молшылық болсын», - дегенді білдіреді. Сол молшылық ырысы – дәндерден жасалған Наурыз көжені сіздерге ұсынамыз.

Наурыз көжеден дәм татып Әжеларіміздің «Ақ дастархан» әнін тыңдаңыздар.

Әжелер әні: «Ақ дастархан»

Қонақтарға сыйға тартады. (Келіндер сәлем салып құйылған көжені қонақтарға ұсынады)

6. Би: «Алашұлдары » Бәйшешек пен Тюльпан тобы ұлдары.

3. Өлең- шумақ: (Шаңырақ пен Солнышко тобының )

Жүргізуші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай
Майлыбек Бақдәулет пен Нұрлан Алиякызымызды қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:

1.Бақдәулет:

Ата-баба  дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз

2.Алия:

Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

3.Бақдәулет:

Түрлендіріп қамшы өрсем

Қыздарың таң қалады

Күмбірлетіп күй шертсем

Мұнда думан болады

4.Алия:

Мақтандың ғой жігітім

Өнеріңді көрейік

Көрсет сәнді қамшыңды

Біздер баға берейік

5.Бақдәулет:

Тойға барам деген соң

Домбыра ұстап жетіп ем

Шашақталған қамшымды

Үйге тастап кетіп ем

6.Алия:

Қалып қойса қамшыңыз

Тағы тойға келерсіз

Сол қамшыны мына бізге

Сонда сыйға берерсіз

7.Екеуі:

Қоштасайық халықпен

Ақындарын пір тұтқан

Сөз өнерін шөлдегенде

Рахаттана бір жұтқан

1.Қош келдің, Наурыз еліме

Мейірім төгіп жеріме

Береке, бірлік бақ болып,

Орнығып отыр төріме (Наурыз кіреді)

2.Босанып, бауыры иіп – Жер Ананың,

Төгеді төл, төрт түлігін шаруаның,

Ел ырысы – дәнді егіс тамырланар,

Тербейді диханның да ой – арманын. (Жер ана кіреді)

Наурыз: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Көл шалқып, қырларым да гүлге толсын.

Балдырған.дар бақытқа мол кенеліп

Бақшамызға әрқашан бақыт қонсын

Жер Ана : Мен қасиетті Жер – Анамын

Тіршіліктің көзімін

Еңбек - байлықтың анасы

Жер – оның анасы.

Көркейтті мені балдырған,

Тіліңмен айыз қандырған,

Бойымнан менің табасың,

Қасиетін туған халқымның.

Саған арнап қалдырған.

Мен де бір жасап қалайын,

Наурызды тойлап сендермен,

Тербеліп, әнге салайын.

Жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.
3.Ән:« Здравствуй Навруз »

3.Өлең-шумақтар:( Шаңырақ пен Солношка тобының балалары)

Жүргізуші: Уа халайық, халайық,

Күнді қарсы алайық.

Күн : Сәулесі мол күнмін мен!

Жүргізуші : Түнді қарсы алайық !

Түн : Жұлдызы мол түнмін мен!

Күн : Сәлем саған, уа жұртым

Аспаннан төгіп Күн нұрын,

Жарыққа кенелемін жердің жүзін,

Қызу еңбек қайнатам,

Асыр салып, баланы да ойнатам,

Адамдардың атқаратын қызметін

Қадағалап отыру – менің міндетім.

Әр күніміз сәтті болсын, демекпін,

Қыдыр ата қолдасын,

Жақсылыққа, табыстарға жолдасын!

Түн : Сәлем бердік, халқым саған,

Қызметім менің Күннен кем емес,

Ұйқысын елдің күзетем,

Куә болам, небір қызық сәттерге,

Түсім қара болса да, тілеуім ақ,

Айымыз тусын оңынан,

Жұлдыздар тусын соңынан,

Ұлыс оң болсын!

Әр үйіміз тыныш болсын!

Күн мен түн : Ұзақтығы бірдей болып, теңелеміз бұл күні!

Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас - кәріміз,
Ән шырқайды бәріміз
4. Ән:« Наурыз »

Жүргізуші: Келіңдер, Наурыз тойға басып аяқ,

Қалыс адам болмасын некен саяқ,

Ән шырқап, би-билейік.,қауым болып.

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

7.Би:« Папури »



Көрініс : «Сырға той»

Жүргізуші: Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Жақсы қыз ел-жұртының сақтар салтын.
Күлсе де, сөйлесе де көпке ұнап,
Көрікті күте білер сыр-сымбатын, –
деп қыздың атын асылға балап, алтынға теңеп, ұлттың қадірқасиет болмысын сақтайтын беломыртқа тіректей көрген екен халқымыз. Сол қыздың ақылды да сымбатты боп өсуі үшін талай өнегелі дәстүр-салт, ғұрыптарды арнаған. Соның мағыналы бірі - қыздың құлағын тесіп сырға салу. Қазақ халқы тоғыз жасты балиғатқа толған кез санайды, дегенмен құлақты алты, жеті жаста теседі.
Тұлымшағы желбіреп қуыршақ ойнап жүрген қыздың құлағы тесілген соң мінез-құлқы, әдеттері, жүрістұрысы өзгеріп сала береді. Осы кезде өзінің қыз екенін анық сезінеді Ұл баланы сүндетке отырғызумен бірдей қыз да есеюдің алғашқы сатысынан өтеді. Қыздарды да алдын ала дайындайды, «Қыз санатына қосыласы», «нағыз сырғалы қыз боласың» деген секілді сөздерді зердесіне сіңіре береді. Әжесі, анасы, әпке-жеңгелері ауылдағы әйелдерді арнайы жайылған дастарқанға шақырады. Шашуы мен көрімдігін алып әйелдер, қызкеліншектер жиналады. Бұл басқосуға ерлер қатыспайды. Құлақты кез келген адам теспейді, қолы жеңіл саналатын ісмерлер, инені көп ұстаған шеберлер таңдалады. Алдымен құлақтың сырғалығының екі жағынан екі тал тарыны бір-бірімен сәйкестендіре қойып, сонымен уқалап әбден жанын кетіреді. Одан кейін отқа ұсталып тазартылған инемен тескенде ауырғанын сезбей қалады. Күмістің емдік қасиеті бар таза зат болғандықтан бірден күміс сырға салады, күміске үйренген құлақ алтынға да оңай бейімделеді. Қазір дәрігерлер арнайы болаттан жасалған кішкентай ілмектерді құлақ жазылғанша салуға кеңес беріп жүр. Бұрын ел ішінде иттің жүнінен есілген жіп өткізетін де әдет болған. Итті жеті қазынаның бірі деп әрі ит жүнінің құлақты қызартып іріңдетпей тез сауықтыратын қасиетін білгендіктен осылай істеген.
Халқымыз қыз баланың құлағын сәндік үшін, тек әдемілікке бола теспеген. Бұл қыз тәрбиесінің маңызды бір бөлігі болған. Ертеңгі күні бойжетіп, өзге босағаны аттайтын келіндік жолға дайындықтың алғашқы қадамы деуге болады. Қызды ісмерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа баулудың басы. Құлағы тесілген қыз енді қуыршақ көтеріп, «үйшік-үйшік», жасырынбақ ойнап селтеңдеуді ерсі көрсдi. Ол кесте тігіп, шілтер тоқып, шашақ түюді үйренеді. Үй ішінің тірліктеріне араласып анасына қолғанат болуға тырысады. «Сырғалы қыз сыланар» демекші, шашын күтіп, киімін ұқыпты киіп, отырыс-тұрысы биязыланады, қадам басуы мәнерленеді «Олақтан салақ жаман» деп, қыздың салақ болуы, олақ қалыптасуы өзіне ғана емес, ата-анасына, қала берді ауыл-аймағына сын. Ондайды «өнеге көрмеген» дейді, ең алдымен, шаңырағын кінәлайды. Міне, сондықтан «қызға қырық үйден тыйым» қыз сырғалы болған күннен басталады.

8.Би:« Флеч Қазақша » Барлық топ

Жүргізуші:Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Сөз кезегін бүлдіршіндеріміздің апасы Рита апайымызға береміз.

24 Наурыз 2025
90
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі