Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні ұлттығымыздың үлгісі» атты театрландырылған мерекелік шараның сценарийі
Өтетін жері:
Өтетін уақыты:
Жүргізушілер:
(Дауылпаз даусымен Жаршылар орталық алаңға келіп жар салады)
1-жаршы :Сүйінші халқым, сүйінші
Қуаныш жыры құйылшы!
Аңсап ойлап кеткен күн
Маңдайға жұлдыз біткен күн.
Ақ түйенің қарыны
Жарылды!
Күннің жалыны
Нұрын шашып,
Сылдырап,
Ән бұлағы ағылды.
2-жаршы: Бір жылда ғана бір келген,
Бақытты мұндай кім көрген!
Сүйінші сұра
Наурызда
Бәйшешек атқан гүлдерден!
Күлімдеп шыққан күндерден,
Мақпалдай мамық түндерден,
Сүйінші сұрап
Аймаққа түгел барып қайт
Аяғың жетіп үлгерген!
3-жаршы: Наурыз келді!
Несібе-нұрға байытқан,
Сүйінші сұра, бауырым,
Ертістен, Сырдан, Жайықтан!
Сүйінші сұра
Алатау, Алтай, Оралдан
Басынан бұлты
Тәуелсіздік келіп айыққан!
4 -жаршы:
Наурыз келді!
Сүйінші сұра, жасқанба,
Кәріден және жастан да.
Өкпелеп кеткен достан да
Өшігіп жүрген қастан да,
Ортаға тіккен Ордадан
Қиырға қонған қостан да,
Жердегі барлық тіріден,
Құстардан сұра аспанда,
Томпайып жатқан өліден
Тарихы тұнған тастан да!
Фанфар
(Осыдан кейін сахнаға жүргізушілер шығады)
1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты көрермендер, аудан тұрғындары мен қонақтары!
2-жүргізуші: Армысыздар қадірменді халайық!
1-жүргізуші:Күн мен түнді теңестіріп, көлденең жатқан көк шөпке жан бітіріп, Самарханның көк тасын жібітіп келген жаңа жыл, жаңа Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
2-жүргізуші: Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымызда келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын!
1-жүргiзушi: Түндi түрiп, күн күлдiрген, Наурыз,
Сәулесiнен нұр бiлдiрген, Наурыз.
Атамекен алқабынан аңқыған
Самал болып, сыңғыр күлген, Наурыз
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Ұлыстың ұлы күні ұлттығымыздың үлгісі» атты мерекелік шараға
Бірге: Қош келдіңіздер!
1.
1-жүргізуші: Ойхой, көктем, той думан мерекелі,
Нығайта бер ынтымақ берекені.
Сен арқылы танылсын қазағымның,
Дархан жүрек, дарынды ел екені.
2-жүргізуші: Қазаныңда наурыз көже қайнасын,
Қуаныштан жүздер бал-бұл жайнасын.
Думанды елге ырыс, шаттық әкелген,
Қазақ жері Наурыз тойын тойласын.
1-жүргізуші: Жыл он екі айдың ақ еркесі, думанды мерекесі, жасыл желек жамылған, арайлы нұрға малынған, көгілдір көктем Ұлыстың Ұлы күні мерекесімен аудан тұрғындарын құттықтау үшін сөз мектеп директоры қабдрахим Сүлейменұлына беріледі.
(Директор құттықтап болғаннан кейін)
2. «Шашу» биі – орындайтын
1-жүргізуші: Ежелгі Наурыз тойының символға
толы ең бір шешуші сәті өгіз сойып, қазан көтеру. Жеті қазанның
бірі – қара қазанның халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде атқарған
қызметі аса терең де мәнді. Оған сиынған халықтық наным-сенімдер
желісінің елестері біздің дәуірімзге түрлі көмескіленген
аңыз-әңгімелер түрінде жетіп отыр. Қазан мықты болса, ел де мықты.
Қазан, шаңырақ сияқты, бүтіндіктің
белгісі.
2-жүргізуші: Ортамызға – Тайқазан келді. Тайқазанды қарсы алайық, ағайын!
1-жүргізуші: Тайқазан –тоқшылықтың бастауы, көл-көсір байлықтың берекесі. Наурыз күні тайқазанды толтыра ас пісірген әжелеріміз елдің берекесін, молшылықты ойлаған. Тайқазаннан ас арылмасын. Бір қазаннан ас ішкен халқымыз әрдайым аман-сау болсын!
2-жүргізуші: Жаңа жыл күні жеті түрлі тағамнан – соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай т.б салып қазан толы наурыз көже пісіріледі.
Ана: Наурыз дәмі-
Наурыз көже беретін,
Үй қыдырып жүретін.
Әдет-ғұрып, салтым бар.
Қане, қазан ашылсын.
Жеріме ырыс шашылсын.
Жеті дәмнен тұратын
Наурыз көже ішілсін.
«Бисмиллә» деп бастаймын.
Әдептен әрі аспаймын.
Ырыс толсын шарама
Көже құя бастаймын – деп қатарда тұрған қыздардың ыдысына наурыз көжеден толтыра құяды.
наурыз көже таратады.
Ана: Адал астан бұйырған.
Дәм татсын ел жиылған.
Бидай салдым көжеге,
Мол болсын деп биыл нан.
Тары салдым көжеге
Женті болсын деп.
Күріш салдым көжеге
Тойда палау болсын деп.
Ауыздан ақ кетпесін,
Келген риза, кеткен тоқ
Құтты қонақ ет жесін
Осы ақ дәмнен бәріңде ауыз тиіңдер
Қарақтарым Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
2..
1-жүргізуші: Бүгін күй атасы Құрманғазы есімін иемденген киелі топырақта ұлы дүбірлі той... Асқан дүлдүл домбырашыы, ұлы күйшінің өмірі әлеуметтік әділетсіздікпен қудалаушылық, зорлық-зомбылықпен күрес жолында өтті. Би-болыстардың өмір бойы көрсеткен іс-әрекеті ұлы күйшіні еш мойтыа алмады.
Бар өмірі қуғынмен өткен ұлы күйші 1883 жылы Астрахань маңына бір жола қоныстанып, жанына Дина Нүрпейісова, Есжанов, Сүлейменов сияқты шәкірттерін жинады...
(Осы кезде алаңға сылдырлаған күлкілерімен 3-4 қыздар шығады, оларға қарсы Құрманғазы қарсы жүреді. Күй әуені жіберіліп тұрады)
Дина: -Қыздар мына аттылы туралап бізге қарай келеді.. кім болды екен... қолында домбырасы бар-ау деймін...
1-қыз: -Кім де болса туралап бізге қарай келе жатыр... Өзінің атқа отырысы серілерге ұқса ма қалай өзі?
2-қыз: - Қыздар несіне абыржисыңдар... арамызда Дина бар емес пе... Неше бір күйші болса да оңайлықпен жеңіле қоймаспыз...
(қолында қамшы, арқасында домбырасы бар Құрманғазы қыздарға қарсы келеді)
Құрманғазы: - Иә, қыздарым... амансыңдар ма?
Қыздар: - Аманбыз аға, аманбыз...
Құрманғазы: -Осы ауылдың қыздары боларсыңдар...
Қыздар: - Иә, иә... осы ауылдың қыздарымыз...
Құрманғазы: - Мен бір жөн сұрағалы келіп тұрмын. Осы ауылда аты шыққан Дина деген қыз бар деп естіп едім. Сол қызымды іздеп келемін. Ауылын сілтеп жібермейсіңдер ме?
Дина: -Әдейілеп іздеп келсеңіз, кездесуіңіз көп қиынға түсе қоймас, ағасы...
Құрманғазы: - Иә, иә...Жұртым...иә халқым... өзі ақылды, өнер қуға жан деп еді. Мен де өнер қуған адам едім. Сол қызыма берер батам, айтар алғысым бар еді. Ауылын білсеңдер сілтеп жіберіңдерші...
Дина: -Ендеше ағасы, сол Дина қызыңыз мына алдыңызда тұр. Мен де жаңылмасам үлкендерден естуімше сіз қызыл құрт Құрманғазы аға емессіз бе?
Құрманғазы: (күліп) – Болсақ болармыз... жаңылған жоқсың, қалқам. Қалқам-ау жасың нешеде?
Дина: -Қыз баланың жасын сұрамас болар, ағасы.
Құрманғазы: (күліп) – А, а... солайы солай. Қалқам домбыра тартып білесің бе... қандай күйлерді тартып жүрсің?
Дина: -Шыны керек кімнің күйі екенін білмеймін... «аман бол шешем, аман бол» деген күйді жаным жақсы көреді. Жұрт қызыл құрт Құрманғазы шығарған деседі. Міне енді сізбен кездесетін күнде туды, ағасы.
Қыз: - Дина ендеше қызыл құрт ағаңды үйге шақырып алдында күй орында. Жайықтың ар жағынан келген азамат риза болып батасын берсін.
Дина: - Шақырса, келтірте алмайтын қонақ екенсіз. Үйге кіріп, қымыз ішіп, күй тыңдаңыз.
(Бәрі үйге кірген болады, оларды 1-2 ер азамат пен
1-2 келіншек күтіп алып амандасады)
Дина: - Әке, апа бұл кісі Жайықтың ар жағынан келген Құрманғазы деген күйші ағамыз. Біздің ауылға әдейілеп ат басын бұрған екен. Сіздермен таныстырып, қонақ еткелі ап келдім.
Әкесі: - Бәрекелді, дұрыс жасағансың қызым. Ағаң шөлдеп келген шығар ақ әкеліңдер.
Құрманғазы: Нұреке осы ауылда Дина деген қызым бар деп естіп әдейілеп іздеп келдім. Өзінің жанындай сүйіп орындайтын күйім бар деп айтып еді. Сізден рұқсат болса соны тыңдасам деп едім.
Әкесі: О, ол не дегенің Құреке. Әй, бәйбіше Дина қайда? Шақырыңдар мында. (Дина келеді). Қарғам мына ағаңа орындайтын жақсы бір күйім бар депсің ғой... соны орындап берші қызым.
4. «Аман бол шешем, аман бол» - орындайтын Дина рөлін сомдаған бойжеткен.
Құрманғазы: Бәрекелді, қызым. Өзің сондай сақа күйшілерше шебер орындайды екенсің. Бердім батамды, жай қолыңды. Өнерің тасысын, өркенің өссін. Өнерлі бол қалқам, әумин. Сыйладым домбырамыд, мә қалқам. Атаңның көзіндей қылып ұста.
Дина:Рахмет аға, рахмет
Бала: Сүйінші, сүйінші! Қыдыр ата, Қыдыр ата келе жатыр!
1-жүргізуші: Міне, ағайын, думанды елге Қыдыр ата да келіп жетті. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша Ұлыстың Ұлы күні даланы Қыдыр ата аралайды. Қыдыр ата – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне.
2-жүргізуші: Төрлеңіз, Қыдыр ата, халқымыздың құт-берекесі.
Қыдыр ата: Рахмет балам, пейіліңе рахмет. Көсегелерің көгерсін. Құт қонған, ынтымақ берекесі жарасқан ел екенсіңдер. Қуанамын, ризамын.
Мен мына қасымдағы нөкерлеріммен Наурыз –жаңа жылдың, жаңа күннің нұрлы шапағын әлемге таратып келемін. Ынтымақпен, берекемен, еңбекпен ырысқа кенеліп отырғандарды көріп келемін. Ынтымақты ел озады. Ерінбей еңбек етіңдер.
1-жүргізуші: Айтқаныңыз келсін ата. Халайық, Қыдыр ата келді, батасын берсін. Қол жаяйық.
Қыдыр ата: Уа, халайық берейін мен батамды.
Уа, құдайым оңдасын
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып
Бір Аллам қолдасын.
Аман сақтап төл басын
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа
Бейбіт өмір орнасын
Бостандықтың ордасын
Періштелер қорғасын
Сөз бастаған шешендер
Әділдіктен танбасын
Көл жиналып тамшыдан
Теңіз толсын қақсыған
Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан
Құт береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан
Бақыт ашып қақпасын
Мәңгі бақи жаппасын
Пәле-жала қазақты
Іздесе де таппасын. Әумин!
2-жүргізуші:Қазағым, наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.
Бүгін –Ұлыстың ұлы күні! Бүгін – ақ түйенің қарыны жарылған күн! Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан Әз-Наурыз мерекесі тағы да құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз -2025

шағым қалдыра аласыз