2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Наурыз - жаңа бастамалар мен армандар мерекесі" ашық тәрбие сағаты

"Наурыз - жаңа бастамалар мен армандар мерекесі" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Наурыз - жаңа бастамалар мен армандар мерекесі" ашық тәрбие сағаты
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сынып жетекшінің аты-жөні

Әуезова Қ.

Күні

17.03

Сынып: 6 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы


Мақсаты

1. Наурыз мейрамының маңызын түсіндіру және жастарға рухани тәрбие беру.

2. Ата-әжелердің өмірлік өсиеттері мен даналықтарын оқушыларға жеткізу.

3. Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.

4. Оқушыларды жаңа бастамаларға, арманға жетуге ынталандыру.

Құндылық

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы


Аптаның дәйек сөзі

Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жасыл дәріхананы қалай сақтауға болады?»



Сабақтың барысы

Барысы

Сынып сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жасыл дәріхананы қалай сақтауға болады?»




"Наурыз - жаңа бастамалар мен армандар мерекесі"

"Ата өсиеті, Әже даналығы"

Бірлескен тәлім сағаты (Ата-әжелермен кездесу)

Мақсаты:

1. Наурыз мейрамының маңызын түсіндіру және жастарға рухани тәрбие беру.

2. Ата-әжелердің өмірлік өсиеттері мен даналықтарын оқушыларға жеткізу.

3. Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.

4. Оқушыларды жаңа бастамаларға, арманға жетуге ынталандыру.

І. Кіріспе бөлім. Наурыз мерекесінің тарихы

НҰРАЙ:

Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін,
Атқарғандай қасиетті міндетін.
Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан,
Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.

Қайырлы күн, құрметті ата-әжелер, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біз ерекше, маңызды мереке — Наурыз мейрамын бірге атап өту үшін жиналып отырмыз. Наурыз — бұл жаңа өмірдің, жаңа мүмкіндіктер мен армандардың бастамасы. Бүгінгі тәлім сағатымыздың тақырыбы: "Наурыз - жаңа бастамалар мен армандар мерекесі" деп аталады.

Алдарыңызда «Балбырауын» күйімен 6 сынып жігіттері Бекзат, Жаннат, Рауан, Рамазан. Қарсы алыңыздар!

НҰРДӘУЛЕТ:

Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.

Құрметті ата-әжелер! Біздің ұрпақтарға қалдырып кеткен өсиеттеріңіз бен даналықтарыңыз өте маңызды. Сіздердің тәрбие мен өмірлік кеңестеріңіз бізге әрдайым жол көрсетеді. Олай болса, бүгінгі күні біз ата-әжелеріміздің даналық сөздерінен тағылым алатын боламыз.

Бүгінгі тәлім сағатының қонақтары, ата-әжелерімізді Гүлжаухар апай таныстырып өтсе.

6 «Ә» сыныбынан

Саят пен Аминаның әжесі: Имангалиева Мақпал Ишмуханқызы - мұнай саласында еңбек еткен ақ жаулықты әже.

Мурсалинның атасы: Қалданұлы Аманғали - Бейнеу Желілік Өндірістік Станциясының бастығы.

6 «Г» сыныбынан

Мергенбай Каусардың ата-әжесі

Дүйсенова Қалбибі – мұғалім.

Ережепов Мергенбай - өрт сөндіруші, аэропорт.

6 «Д» сыныбынан

_____________________________________________________

АҚТІЛЕК:

Наурыз мейрамы — бұл тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, адам баласының да жаңаруы, жақсы істерге бастау алуы. Бүгін біз ата-әжелеріміздің өмірлерінен алынған құнды өсиеттер мен даналықтарын тыңдаймыз.

Құрметті ата-әже, сіздерге бірнеше сұрақ қойсақ деп отырмыз.

Наурыз мерекесі қашаннан бері тойланып келеді? Бұрынғы және қазіргі кездегі тойлану қалай, айырмашылығы туралы айтып берсеңіздер?

(Ата-әже жауап береді)

_____________________________________________________

ІІ. Ата мен әженің өмірлік өсиеттері

НҰРАЙ:

Жан байытып жұрттың жылы лебізі,
Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.
Орындайық нақыштарын Наурыздың,
Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой, негізі.

Құрметті ата-әже, біздің келесі сұрағымыз: Мерекелік дәстүрлер туралы,

Наурыз мейрамы қарсаңындағы салт дәстүрлер, әдет ғұрыптар, ырымдар туралы айтсаңыздар қуанып қалар едік?

(Ата-әже жауап береді)

_____________________________________________________

НҰРДӘУЛЕТ:

Сіздер айтқандай, бұл өмірдегі ең басты құндылық — адамгершілік пен адалдық. Бізге осы өсиеттерді жеткізіп, адамгершілік қасиеттерімізді дамыта отырып, өмірдегі қиындықтарды жеңу жолында күресіп жүрміз. Сіздерге үлкен рахмет!

Келесі кезекті 6 сынып ұлдарының орындауындағы күмбірлеген күйіне берсек. «Ерке сылқым» күйі. Орындаушылар Нұрбек пен Мұхаммед. Қарсы алыңыздар!

ІІІ. Ұрпақтар сабақтастығы: Жастардың пікірлері

АҚТІЛЕК:

Қазіргі жастардың өмірінде ата-әжелердің тәрбиесі маңызды рөл атқарады. Сондықтан да жастар өздеріне үлгі тұтар тұлғалар ретінде ата-әжелерін әрқашан ардақ тұтады.

Құрметті оқушылар! Жастардың пікірлері өте маңызды. Осы жерде біздің оқушыларымызбен өздерінің ата-әжелерінен алған тәлім тәрбиелері туралы ой бөлісейік.

Оқушының сөзі:

(Оқушы өзінің ата-әжесінен алған тәрбие мен өмірлік сабақтары туралы айтады. Мысалы, әке-шешеден немесе ата-әжелерінен алған өсиеттер мен әрбір сөздің мағынасы.)

ІV. Наурыз көже дайындау мен оның маңызы

НҰРАЙ:

Наурыз көже жиған екен даналық. 
Дәмін татып, бір ізгілік алалық. 
Мирас еткен ұрпағымның дәстүрін, 
Қандай ғажап өнегеміз далалық! 


Наурыз көже — Наурыз мейрамының маңызды белгісі. Бұл көже адамның денсаулығына, рухына және бірлігіне пайдалы тағам. Оны дайындау — жаңарудың символы. Наурыз көже дайындалып, дастарқанға қойылғанда, біз өзімізді біртұтас, қуанышты және берекелі сезінеміз.

Біздің келесі сұрағымыз: Ұлттық тағам, ұлттық ойындар, ұлттық киімдер туралы болмақ?

(Ата-әже жауап береді)

_____________________________________________________

V. Наурыз мейрамының мәні мен маңызы

НҰРДӘУЛЕТ:

Наурыз — көктемнің алғашқы күні, табиғаттың жаңаруы мен өмірдің жаңа бастамасын білдіреді. Бұл мереке барлық жақсы ниет пен армандардың орындалуына сенім арттыратын уақыт. Біз бүгін осы жаңа бастамалар мен армандарды бір-бірімізбен бөлісіп, келешекке үлкен үмітпен қадам басамыз.

Құрметті ата-әжелер, сіздердің армандарыңыз бен тілектеріңіз қандай?

(Ата-әже жауап береді)

Ата-әже өздерінің армандары мен тілектерін айтып, жастарға жақсы кеңестер береді.



НҰРДӘУЛЕТ:

Рахмет сіздерге көп-көп!

VI. Қорытынды

АҚТІЛЕК: Құрметті ата-әжелер, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәлім сағаты, Наурыз мерекесі және сіздердің бізге берген ақыл-кеңестеріңіз өте құнды болды. Наурыз — тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, жүректеріміздің де жаңаруына себеп болатын мереке. Бүгінгі кездесуде біз ата-әжелеріміздің даналық сөздерінен көп нәрсе үйрендік.

НҰРАЙ:

Жаңа бастамалар мен армандардың орындалуына барлықтарыңыздың қолдауларыңыз бен бағыттауларыңыз қажет екенін түсіндік. Әрбір атаның, әрбір әженің сөздері біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Сондықтан сіздердің айтқан кеңестеріңіз әрдайым бізбен бірге болсын.

НҰРДӘУЛЕТ:

Біз ата-әжелердің ақылына, өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, тек жақсы істермен айналысуға ұмтыламыз. Өмірдегі басты мақсат — адамгершілікке, адалдыққа және жақсы болашаққа ұмтылу.

АҚТІЛЕК:

Тәлім сағатымыздың соңында 6 «Ә» сынып оқушысы Ермек Айғанымның орындауында «Отаным» әнін қарсы алайық.

Барлығымыз бірге:

Наурыз — жаңа бастамалар мен армандардың мерекесі болсын! Барлықтарыңызға бейбітшілік, бақыт, және молшылық тілейміз!

Кеш соңында Гүлжаухар Тұяковна:

Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын! Жаңа бастамаларға ұмтылыңыздар, армандарыңызға жете беріңіздер! Әрқашан сіздерге бақыт пен сәттілік тілейміз!





22 Наурыз 2025
112
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі