жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Наурыз - жыл басы
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған
«Наурыз – жыл басы» атты жалпымектептік қойылым-концерттің сценарийі
Мақсаты:
қазақ халқының атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, ұлттық тәрбие туралы түсінік беру; Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық сандық, ыдыс-аяқтар,т.б.
«Наурыз думан» биі, 7-сынып оқушылары
1-жүргізуші.
Бағыма
көктемменен еніп едің
Іздедім
шуағыңнан көңіл емін.
Бір
мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды
шашуыңнан төңірегім.
Көркейтсін,
баспасын да даланы мұң
Тербетсін
табиғатты дана жырың
Әз
Наурыз келіп жеттің ортамызға,
Қош
келдің төрімізге төрлет
бүгін!
2-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бәріміздің
көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз
тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы
күні аталған Наурызда еңбектеріңіз
өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп,
Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.
Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл
болсын!
1-жүргізуші:
Құттықтау
сөз мектеп директоры беріледі.
2-жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
1-жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
«Қазақы дастарханым» әні орындалады.
Ұлттық киім киген қатысушылар ортаға шығады. Әжелер шашу шашып, жастар үлкендерге жағалай көріседі.
1-жүргізуші:
Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр
баба аралайды деген аңыз бар. Сондықтан
қазақ халқы дәулет дарып, бақ қонсын
деген мақсатпен есіктерін ашып қоятын
болған.
2-жүргізуші:
Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй
ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады
деген сенім де біздің халқымызға тән.
(Қыдыр Ата келеді)
ҚЫДЫР АТА:
Уа, халқым! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Армысың, дүйім қауым!
Салт-дәстүрін сақтаған.
Қолыңды жай, әлеумет
Ақ батамды берейін.
О, жаратқан ием!
Халқымды даласымен сақта!
Елді данасымен сақта!
Бас аман, бауыры бүтін болсын!
Сарқылмас құтың болсын!
Кең пейілді қазағым,
Наурыз күні жайылған
Дастарханын жыймасын!
Дарқан көңіл еліме,
Тәңір өзі жар болып,
Халқымды әлем сыйласын!
Әумин!
(Бәрі шығып кетеді)
«Гүлдер» бишілер тобы
(1-бөлім. Атасы, әжесі дастархан басында отырады)
Келін: Есенбісің құда бала? Құда-құдағи, Еркежан мен күйеу баланың халі қалай? Қандай қуаныш алып келдің?
Құда бала: Бәрімізде аманбыз. Сүйінші сұрай келдім! Ағатайымның атқамінері бар.
Нағашы әжесі: Келінжан, қонақ келді ме?
Келін: Апа, Еркежанның кішкентайы бар екен. Құда бала соған сүйінші сұрап келіпті.
Құда бала: Ассалаумағалейкум!
Нағашы атасы: Айналайын, сүйіншіңе қалағаныңды ал.
Құда бала: Алдында бір келгенде жүйрік жорғаға көзім түсіп еді. Оңтайлы сәт келген сияқты, сүйіншіме соны қалаймын.
Нағашы атасы: Қалағаның болсын, ала ғой.
Нағашы әже: Айналайын қыздарым, қонақ кәде болсын, құда балаға дайындаған нәрселеріңді беріңдер.
Айнамкөз: Апатайымыздан аярымыз жоқ.
Ұлжан: Наурыз мерекесіне арнап кестелі орамал тігіп едік, саған бұйырды, құда бала. Соны қабыл ал (Орамал береді)
(Құдабалаға қолқа салып, ән айтқызады) Ән «Көкпар»
Құда бала: Рұқсат болса, мен жолға шығайын, бесіктойға келіңіздер! (шығып кетеді)
Нағашы әжесі: Келінжан, Еркежаныңа ана бастан әзірлеп жүрген сыйымыз бар ғой. Соны шығаратын кез келген сияқты. Жол-жоралғыларымызды алып, құдаларға жол тартайық.
Келін: Жарайды, апа! Қоржынды әкелейін.
Нағашы атасы: Ал, бәйбіше, мен ат-көлікті дайындай берейін.
(Сахнада
анасы, жеңгесі, Айнамкөз қалады)
Айнамкөз:
Апа,
апам мен жездемнің ауылына баратын
болдыңыздар ғой .
Апасы:
Ия күнім, мұндай қуанышта бармағанда
ше, апаңа не айтасың?
Айнамкөз:
Апама
сәлем айтыңыз! (Басын
сәл қисайтып, ойлана қалады )
Апа,
бірдеме айтсам ренжімейсіз бе?
Апасы:
Айта ғой күнім.
Айнамкөз:
Бастаңғы жасайықшы.
Апасы:
Бастаңғы дейсің бе? (ойланып) Құрбы
–құдастарыңды шақырып,
басын
қосайын деп пе едің? Жасай
ғой.
Айнамкөз:
Рахмет, апатай!
(құшақтайды)
Ұлжан, апамнан рұқсат алдым. Бастаңғы жасайтын болдық.
Келін:(еркелете) Айнамкөз, құрт пен майың әбдіренің түбінде. Ет шошалада. Бауырсағыңды жұмсақ қылып пісір.
Апасы: Ал біз кетейік, күтіп қалған шығар.
(музыкалық фон)
Екінші көрініс.
Киіз
үйдің іші. 4-5 қыз күліп, әндетіп кіреді
(Ішінде
Айнамкөз бен Ұлжан бар)
Дастархан
үстіне шай жабдығын қоя бастайды
.
Ұлжан:
Айнамкөз, апаң неше күнге кетті.
Айнамкөз:
Ертең кешке оралады .
ІІІ
қыз:
Жол амандығын берсін.
(Осы кезде
бір топ жігіттер мен қыздар дабырласып
кіреді , қолдарында домбыра, қамшы
бар)
Жігіттер-(дабырласа
)Ал қыздар, біз келіп қалдық!
Қыздар –
Қош келдіңдер , жоғары шығыңдар!
(Барлығы
дастарханға қоршай орналасады .)
Бірінші
жігіт: (Отырып
жатып )Айнамкөздің бауырсағының дәмін
көрейікші. (Бір бауырсақты аузына салып
жібереді).
Қыз:
Ой пәлі, өзі пысық екен, өте дәмді етіп
пісіріпті !
Бірінші
жігіт:
(бас бармағын көрсетіп) Шынымен - ей,
өзің қатқан бәйбіше болайын деп тұр
екенсің !(ду
күлкі)
Екінші
жігіт:
Ал құрбы – құрдастар, ән айтып , тамақ
алып, көңілді отырайық. Мұндай оңаша үй
жиі бола бермейді.
Бірінші
жігіт:
Дұрыс айтады , қыздар ән бастап
жіберіңдер.
Қыздар:
Несі бар, салсақ саламыз!
(Қыздар
қосылып «Гүлдерайым»
әнін
орындайды. Жігіттер жағы қолпаштап
отырады).
Ұлжан:
Енді Ержан ән салсыншы , сері жігіттің
өнерін көрейік !
(Ержан
жастардың сұрауымен бір
ән салды)
Сырттағы
дауыс: Ерке,
қайда жүрсің ? Күн батты ғой,
қайтпайсың
ба ?
(Осы
кезде қыздар жағы қозғалақтап, қайтуға
ыңғай білдіре бастайды )
Дәм
қайырылады.
Жігіт
: Бастың
амандығын берсін ,
Деннің саулығын берсін ,
Дастарханның байлығын берсін,
Ішіп –жеуін бізге берсін .
Жинауын
Айнамкөзге берсін
(Ду
күлкі)
Айнамкөз:
Осының–ақ
қалжыңы қалмайды екен
(Барлығы орындарынан тұрады )
Жігіттер: Қыздар, кешке алтыбақанға келіңіздер, күтеміз !
Қыздар: (күлісіп) апамыз жіберсе барамыз!
2-ауыл
(Музыкалық фон, құдағиы шашу шашып қарсы алады)
Нағашы әжесі: Амансыздар ма, қуаныш құтты болсын, тойларың тойға ұлассын!
Әжесі: Жанға жан, басқа бас қосылып жатыр. Шіркін, бала дегенде жан бар ма, құда-құдағи да шыдай алмай келіп қалды. Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер!
Нағашы атасы: Қуаныш ортақ қой құда.Ұзағынан сүйіндірсін.
Нағашы әжесі: Құда-құдағи, немерелеріңіздің бауы берік болсын. Келінжан,әкелген жол-жоралғымызды құдаларға табыс етейік. Ал, құда-құдағи, мынау енді қыс қатты болғаннан кейін, қысқы соғымнан ауыз тигізе алмағасын, сыбағаларыңызды ала келдім, асып жерсіздер (қоржынды келін береді)
Мынау ауылымыздағы қолы шебер ұстамызға жасатқан бесігіміз.
(Құдағиы рақметін айтып, қабыл алады. Бәрі дастарқанға жайғасады)
Ауыл қариясы: Құда, осы менің пайымдауымша, Қуаныш балаңнан көрінген алғашқы немерең ғой. Немереңнің бауы берік болсын!
Атасы: Иә, шүкір
Құрдасы: Қуаныштан көретін қызығың алтау болсын, құрдас.
Атасы: Жақсы сөз жарым ырыс деген, айтқандарыңыз келсін.
(ауыл қонақтары келеді)
1-жүргізуші: Ал,құрметті қонақтар, Оспан ақсақалдың отбасына ауыл-аймақ, құда-жекжат, тума-туыс жиналып, шілдехана тойын бастап кеттік. Бүгін сәбиге атын қойып, бесікке салмақшымыз. Ендеше, тойбастар айтатын қыздарымыздың өнерін тамашалай отырыңыздар.
(«Ариайдай» әні, Елеусінова Гүлнұр, Сұлтанова Гүлназым)
2-жүргізуші: (терме орындалады)
Әжесі: Ал, отағасы, немереңе ат қоюды кімге жолдайсың?
Атасы: Осы отырған халайықтан рұқсат болса, мен немеремнің атын осындағы елге сыйлы, дуалы ауызды құрдасым отыр, сол қойса деймін.
Әжесі: Келінжан, сәбиіңді әкеле ғой (немерені алғызып атын қоюға дайындайды)
Атасы: Балам, тұрып ана төрде ілулі тұрған шапанды алып берші. Немереме атқойған құрдасымның иығына жабайын.
1-жүргізуші: Ал, жиналған қауым шілдехана тойын тойлайық! Ауылдың алты ауызын айт отырыңдар.
(Әжелер ансамблі «Сәулем-ай» әнін шырқайды)
1-жүргізуші: Осы жерде отырған кішкентай күйші баламызды тыңдап жіберейік.
(Нариман Қанат «Саранжап» күйін тартады)
Атасы: Бәйбіше, немереңді бесікке сал, тыштырмасын үлестір.
Әжесі: Ауылымыздың сыйлы адамы, Батыр Ана Алтыншаш әжеге тапсырдым, немеремді бесікке салдырайын.
Алтыншаш әже: Қане, бесікті әкеле ғой. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.
Алдымен тыштырма жасайық (үлестіреді). Енді бесікті аластайық.
Бесікті аластау
Алас,
алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі
көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі
жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның
тілінен алас!
Қырық қабырғасынан
алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас,
алас, алас!
Осыдан кейін бір-екі қыз-келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды.
Бесік жыры
Мойнымдағы
тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр
берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын
деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы
мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті
ұйқыға бата ғой.
Әжесі: Ал, Алтыншаш, мынау сенің сыйың (Апаға сый тартылады)
2-жүргізуші: Осы тойға келген биші қыздардың өнерін тамашалайық.
1-жүргізуші: Берекелі дастарханымыздың құрметіне ән шырқайтын қызымыз да осында.
Құрдасы: Ал, енді жиналған қауым бүгінгі тойымызға бата берейін.
Қолдарыңды жайыңдар.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Балаңның бауы берік болсын!
Той тойға ұлассын!
Өмірі ұзақ болсын!
Мінезі наурыздай жайдары болсын!
Панасызға пана болсын!
Ағасызға жаға болсын!
Осылардың өн бойына дарытқан,
Елге әйгілі дана болсын!
Әумин!
Әжесі: Шілдехана тойымыз Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп жатыр. Осы елге деп, жеті түрлі дәм салып пісірген Наурызкөжем бар еді. Қанекей, бәріңіз дәм татыңыздар (көже үлестіріледі)
(«Дастархан» әні орындалады, Елеусін Гүлім)
1-жүргізуші: Мен-Наурызбын жанары жарқыраған,
Қайта құштым халқымның салтын аман.
Дүниені дүбірлетіп әнге салсам,
Көкірегімде сайрап тұр жарты ғалам,- демекші, Наурыз айы нұрлы, көңілдеріңіз жырлы болсын!
2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, елімізде тыныштық болсын! Осымен мерекелік концертіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Бастаңғы
Көрініске
қатысатындар
Айнамкөз
– бастаңғы жасайтын үйдің бойжеткен
қызы .
Апа
– Айнамкөздің анасы .
Ұлжан
–Айнамкөздің жақын құрбысы .
Бірнеше
жігіттер мен қыздар.
Бірінші
көрініс: Киіз
үйдің іші. Ортада қазақша
дөңгелек стол. Айнамкөздің шешесі жол
жүргелі жатыр.
Айнамкөз:
Апа,
апам
мен жездемнің
ауылына
барайын деп жатыр екенсіз ғой .
Апасы:
Ия
күнім, жол жүрейн деп жатырмын, апаңа
не айтасың?
Айнамкөз:
Апама
сәлем айтыңыз!
(Басын сәл қисайтып, ойлана қалады )
Апа,
бірдеме айтсам режімейсіз бе?
Апасы -
Айта ғой күнім .
Айнамкөз-
Бастаңғы жасайықщы .
Апасы –
Бастаңғы дейсің бе ? (ойланып)
Құрбы
–құдастарыңды шақырып,
басын
қосайын деп пе едің? Жасай ғой.
Айнамкөз:
Рахмет, апатай!
(құшақтайды)
Ұлжан, қайдасың? Апамнан рұқсат алдым. Бастаңғы жасайтын болдық.
Апасы: Айнамкөз , құрт пен майың әбдіренің түбінде. Ет шошалада. Бауырсағыңды жұмсақ қылып пісір. Ал мен кетейін, күтіп қалған шығар.
Екінші көрініс.
Киіз
үйдің іші. 4-5 қыз күліп, әндетіп кіреді .
(Ішінде
Айнамкөз бен Ұлжан бар)
Дастархан
үстіне шай жабдығын қоя бастайды
.
Ұлжан:
Айнамкөз , апаң неше күнге кетті.
Айнамкөз:
Ертең кешке оралады . Жол амандығын
берсін.
(Осы кезде бір топ жігіттер
мен қыздар дабырласып кіреді , қолдарында
домбыра, қамшы бар)
Жігіттер-(дабырласа
)Ал қыздар, біз келіп қалдық!
Қыздар –
Қош келдіңдер , жоғары шығыңдар!
(Барлығы
дастарханға қоршай орналасады .)
Бірінші
жігі: (Отырып
жатып )Айнамкөздің бауырсағының дәмін
көрейікші. (Бір бауырсақты аузына салып
жібереді).
Қыз:
Ой пәлі, өзі пысық екен, өте дәмді етіп
пісіріпті !
Бірінші
жігіт:
(бас бармағын көрсетіп) Шынымен - ей,
өзің қатқан бәйбіше болайын деп тұр
екенсің !
(ду
күлкі)
Екінші
жігіт:
Ал
құрбы – құрдастар,
ән айтып , тамақ алып, көңілді отырайық.
Мұндай оңаша үй жиі бола бермейді.
Бірінші
жігіт:
Дұрыс
айтады , қыздар ән бастап
жіберіңдер.
Қыздар:
Несі бар, салсақ саламыз!
(Қыздар қосылып бір ән орындайды. Жігіттер жағы қолпаштап отырады . )
Ұлжан: Енді Ержан ән салсыншы , сері жігіттің өнерін көрейік !
(Ержан жастардың сұрауымен бір ән салды)
Сырттағы
дауыс: Ерке,
қайда жүрсің ? Күн батты ғой,қайтпайсың
ба ?
(Осы
кезде қыздар жағы қозғалақтап, қайтуға
ыңғай білдіре бастайды )
Дәм
қайырылады .
Жігіт
: Бастың
амандығын берсін ,
Деннің саулығын берсін ,
Дастарханның байлығын берсін,
Ішіп –жеуін бізге берсін .
Жинауын Айнамкөзге берсін.
(Ду
күлкі)
Айнамкөз:
Осының–ақ
қалжыңы қалмайды екен.
(Барлығы орындарынан тұрады )
Жігіттер: Қыздар, кешке алтыбақанға келіңіздер, күтеміз !
Қыздар:
(күлісіп)
апамыз жіберсе барамыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген