АҢДАТПА
«Наурыз – жаңару мен бірлік мерекесі» атты сахналық қойылым қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге, балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған мерекелік іс-шара болып табылады.
Қойылым барысында көрермендер Наурыз мейрамының маңызын ашатын кейіпкерлермен – Қызыр ата, Жер-Ана, Тазша бала, жас ақындармен танысады. Әр кейіпкер арқылы даналық, мейірімділік, тапқырлық, табиғатты аялау, бірлік пен ынтымақ идеялары көркем түрде жеткізіледі. Балалардың шешендік сөздері мен жас ақындардың айтысы арқылы ұлттық сөз өнеріне қызығушылықтары артады.
Мерекелік бағдарлама ән мен би, соның ішінде «Қара жорға» биі, халық әндері және ұлттық ойындар («Арқан тартыс», «Теңге ілу», «Асық ату») арқылы толықтырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Қойылым соңында Қызыр атаның батасы беріліп, Наурыздың береке-бірлікке бастайтын қасиеті айқындалады.
Бұл қойылым балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұжымдық бірлік пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Наурыз – жаңару мен бірлік мерекесі
Кейіпкерлер:
Қызыр ата – даналық пен молшылықтың жаршысы
Жер-Ана – табиғаттың анасы, жылылық пен мейірімнің нышаны
Тазша бала – тапқырлығы мен әзіл-қалжыңымен ерекшеленетін кейіпкер
Жас ақын – айтыс өнерінің өкілі
Жүргізуші – мерекені ұйымдастырушы
Бишілер – «Қара жорға» биін орындайтын топ
Ұлттық ойындарға қатысушылар
Балалар – шешендік сөз айтатын кейіпкерлер
(Сахна безендірілген: киіз үйлер, наурыз көже, ұлттық нақыштағы әшекейлер. Ортада ошақ, айналасында балалар ойнап жүр. Жүргізуші сахнаға шығады.)
Жүргізуші:Армысыздар, ағайын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, ырыс пен берекенің бастауы. Бүгін бізбен бірге көктемнің шуағын ала Қызыр ата, табиғаттың анасы – Жер-Ана, дана да тапқыр Тазша бала және жас ақын келеді!
(Далада жел ескендей дыбыс шығады. Кенет, ақ шапан жамылған, қолында аса таяғы бар Қызыр ата кіреді.)
Қызыр ата: Ассалаумағалейкум, халқым менің! Наурыз – құт, береке, молшылықтың бастауы. Жақсы ниет еткен жанға мен ырыс нұрын сыйлаймын. Жастар, сендерге айтарым – білімге ұмтылыңдар, бірліктерің бекем болсын!
(Сахнаға Жер-Ана шығады. Ол жасыл түсті киім киген, қолында гүл.)
Жер-Ана:Уа, халқым, аманбысың! Көктем келді, Жер-Ана жаңарды, табиғат түлеп, бәйшешектер бүр жарды. Наурыз – достықтың, мейірімнің мерекесі. Жас ұрпақ, табиғатты аялаңдар, оны қорғаңдар!
(Осы сәтте сахнаға жарқын, алғыр Тазша бала жүгіріп шығады.)
Тазша бала:Ойпырмай, қандай керемет күн! Наурыз мерекесі – көңілді, Қыстың ызғары кетіп, көңілде шуақ ойнайды. Қызыр ата, мен де бір сұрақ қойсам бола ма?
Қызыр ата: Әрине, балам, білімге құштар жанның сұрағы әрқашан құнды.
Тазша бала: Адамның бақыты неде?
Қызыр ата:Адамның бақыты – бірлікте, жүректің тазалығында, Отанға деген сүйіспеншілікте!
Жүргізуші:Көктем – тіршіліктің жаңаруы, табиғаттың қайта түлеуі. Осы тамаша мезгілді қарсы ала отырып, сіздерге "Көктем" әнін тарту етеміз!
(Ортаға әншілер шығып, "Көктем" әнін орындайды.)
Жүргізуші:
(Сахнаға төрт-бес бала шығады, әрқайсысы шешендік сөз айтады.)
1-бала: Бірлік түбі – береке, Ынтымақ жүрген жер – мереке.
2-бала: Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер
3-бала: Татулық табылмас байлық, Ынтымақ бұзылмас қорған.
4-бала: Жақсы сөз – жарым ырыс, Жаман сөз – қайғы-мұң
5-бала: Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
(Шешендік сөздер аяқталған соң, балаларға Қызыр ата батасын береді.) Жүргізуші: « Қара жорға биін қабыл алыңыздар»
Жүргізуші:Келесі кезекті жас ақындардың « айтысына береміз.
Айтыс бөлім:
(Жас ақындар сахнаға шығып, айтысады.)(Айтыс аяқталған соң, Қызыр ата айтыскерлерге бата береді.)
Жүргізуші:Құрбылар, достар – өмірдің сәні мен мәні. Осы мерекеде сіздерге "Құрбылар" әнін тарту етеміз!
(Сахнаға қыздар шығып, "Құрбылар" әнін орындайды.)
Ұлттық ойындар:
Жүргізуші: Қазақ халқының ұлттық ойындары – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Бүгінгі мерекеде "Арқан тартыс", "Теңге ілу", "Асық ату" ойындарын тамашалайық!
(Сахнада ұлттық ойындар өткізіледі.)
Жүргізуші:Қазақ баласы үшін асық – мергендіктің, ептіліктің белгісі. Ал қазір "Асық ату" әнін тыңдап, сосын осы ойынды тамашалайық!
(Ортада "Асық ату" әні орындалады, кейін асық ату ойыны өтеді.)
(Барлығы ортаға шығып, "Наурыз көктем" әнін шырқайды. Қызыр ата соңғы батасын береді.)
Қызыр ата:Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң, жол болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз