Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл
бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен
түннің теңесуі кезіне
келеді.
Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік секілді
халықтардың арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы
ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, ал Орталық Азия елдерінде
және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және
Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні
аталып
өтіледі.
«Салт- дәстүрді
сыйлаймыз,
Ұятқа біз қалмаймыз» - деген ұранмен келесі
айдарымызға кезек
берейік.
Салтын
сүйген,
Халқын сүйген, – демекші, сұрақ-жауап
салт-дәстүрге
байланысты
Ендеше, қазіргі ойналатын ойынның шарты –
қоржыннан асық алып реттік сан арқылы сұрақтарға жауап бересіздер.
(яғни қай санды атасаңыздар сол сандағы сұрақтар
қойылады)
1.
Бесік жабдықтарын ата? (Бесік көрпе, жөргек, қолбау, құс жастық,
құс төсек, тізе бау, тізе жастықша, түбек,
шүмек)
2.
Домбыраның құрылысын ата? (Бас, мойын, шанақ,
шек)
3.
Қазақ халқының дәстүр-салт, той-томалақтарын атап шық. (Бесікке
салу, қырқынан шығару, түсау кесер, сүндетке отырғызу, бет ашар,
көкпар,
тойбастар)
4. Бес асыл мен бас
дұшпанды ата? (Бес асыл: еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.
Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал
шашпақ)
5. Ұлттық ойындардың
түрлерін атап шық. (Ақ сүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи,
сақина салу, асық ойнау, тоғыз
құмалақ)
6. Наурыз көженің
құрамы. (Бидай, су, тұз, ет, құрт,
сүт)
7. Киіз үйдің
құрлысы. (Шаңырақ, кереге, уық,
түндік)
8. Жеті ата дегеніміз
қандай ұғым? Атауларын ата. (Ата, әке, бала, немере, шөбере,
шөпшек, немене)
9. Жеті қазына. (ат,
ит, бүркіт, ер,
мылтық,
10. Төрт түлік малды
ата. (Түйе, жылқы, сиыр,
қой)
Қазақтың түрлі –
түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға
жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма
екен, бұл балалар,
Сол себептен қоятын
сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт
жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы:
Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды
аралаған.)
2. Наурыз күні
дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз
көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта
т.б.)
3. Наурыз тілек деген
не? (Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің,
адамгершіліктің белгісі. Әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде
айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс-туғандары мен
дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді,
бір-бірінің үйіне кіріп дәм
татады)
4. Қыдыр ата қай күні
адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21
наурыз)
5. Наурыз бата
дегеніміз не? (Жауабы: Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі –
Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап,
«наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші,
палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен
әжелер, ел ағалары бата
береді)
Сәулесіндей көрінген
таңғы үміттің,
Басын қостың салт –
дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса!
Наурыз!
Жарқыра!
Көкте
күндей!
Мерекесі достықтың,
мәңгіліктің – дей отырып, біз бүгін тәрбие сағатымызды осымен
аяқтаймыз.
Жанарларыңыздан жылу,
жүздеріңізден күлкі
кетпесін!
Жол қозғалысы
ережелері бойынша негізгі ұғымдар мен
терминдер:
автомагистраль
|

|
автобус
|

|
автопоезд
|

|
багаж
|

|
|