Наурыз аруы – 2017
Мақсаты: Қыз балалар дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, сұлулыққа, ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық киім үлгілері (фотоплакаттар), Қолөнер түрлерінің бұйымдары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Барысы: Жүргізуші. Армысыздар жиылған барша қауым. Бүгінгі „Наурыз аруы-2017" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Жүргізуші. Нығметова АЯУЖАН қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
Шакерова АРУЖАН қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
Нүкібаева МАХАББАТ қыз қылықты
Алады тез тіліңді.
Ақша бетті Зейнуллина АРУЖАН
Ұқсайды хор қызына
Несібелі үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
Гауһардай қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
Жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Мектеп директоры-Қалдыбаев Серік Тұрсынғазыұлы
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Куеубаева Саягуль Назарбекқызы
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Бөлкенова Әлия
Жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 4 турдан тұрады.
1 тур. «Қыздар сұлу көрінер» (Сәлемдесу)
2 тур. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
3 тур. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тірбиелейді» (Сұрақ-жауап)
4 тур. «Көктемгі қиял» (Мода көрсету)
Жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.

Жүргізуші. Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Сымбатына сән киім
жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

Жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

Зерделінің озық ойын анықтайтын бұл кезеңде. Әр аруға 3 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
|
Нығметова Аяужан 1. Тыштырма дәстүріне түсінік беріңіз? 2. «Қыздың жиған жүгіндей» - теңеудің мағынасын түсіндіріңіз? 3. «Қымызмұрындық» тойы қай айларда тойланады. |
|
Шакерова Аружан
|
|
Нүкібаева Махаббат
|
|
Зейнуллина Аружан
|
Жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын
Ал,халайық ықыласпен
демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік
4 тур. «Көктемгі қиял» (Мода көрсету)
Жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, бас жүлде мен әр номинация бойынша (наурыз аруы, көрермен көзайымы, өнерлі қыз, дарынды қыз,) жүлде тағайындайды.
«Наурыз аруы - 2017» бас жүлде - Нығметова Аяужан
«Көрермен көзайымы» номинациясы - Нүкібаева Махаббат
«Өнерлі қыз» номинациясы - Шакерова Аружан
«Дарынды қыз» номинациясы - Зейнуллина Аружан
Жүргізуші. Барша қыздарды - 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Келеси кездескенше сау – саламатта болыңыздар.
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1.Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.
2.«Қыздың жиған
жүгіндей» 3.Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі. |
|
1.Тұсау кесу. Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қаз‑қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жеріні топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таң‑тамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Баланың анасы ала‑құла шуда жіптен екі‑үш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «ал сен кес, өзіндей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректеп жөнеледі. 2.Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.
.«Қызға қырық үйден
тыйым» 3.«Қызға қырық үйден
тыйым» |
|
1.Той малы - ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі. «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады. 2.Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады. 3.«Қыз жат жұртқа жаратылған» Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған. |
|
1.Есік ашар - күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата енесінің үйіне келгенде жасалатын дәстүр.Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш яғни есік аша келуі дейді. Демек бұл жауапкершілігі мол, бұрын ел жұрт көрмеген күйеуді сынайтын келіс. Күйеу бұл жолы да кәде жорасымен, әдет салтымен келеді. Әзілқой жеңгелердің сын мініне де шыдайды. Ретін тауып жауап та бере алады. Ойын тойсыз, әзіл қалжыңсыз отырмайтын қазақ ауылы үшін күйеудің есік аша келуі де көңілді мерекеден кем болмайды. Мұнда да үлкен кіші бір жасап қалады. 2.Ат байлар – отаудың шаңырағы көтерілгеннен кейін «ат байлары мол болсын, белдеуінен ат, төрінен қонақ кетпесін, дастарқаны жиылмасын!» деп етене жақыны бір ат байлайды. 3.«Біреудің ала жібін аттама» Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Наурыз аруы-2017" атты қыз сыны сайысына арналған сценарии

шағым қалдыра аласыз