Материалдар / Наурыз жыл басы

Наурыз жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2019
379
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз- жыл басы.Тәрбие сағатының мақсаты:
  • Наурыз мерекесінің ерекшелігімен таныстыру. Балалардың ата жолын үлгі тұта отырып, наурыз туралы мәліметтерді, өлең-жырларды үйрету.Оның тәрбиелік мәнін ұғындыру. Балаларды мәдениеттілікке, әдептілікке баулу.
Көрнекілігі: тақырыпқа сай плакаттар, ұлттық нақыштағы бұйымдар. Ертөре: Армысыңдар қонақтар!Гаусар: Бармысыңдар қонақтар!Ертөре: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.Естімегендер, естіңдер,Тыңдамағандар тыңдаңдарНаурыз тойын бастайық!Гаусар:Той пердесін ашайық,Тойға шашу шашайықТой шашуға тойыңдарБұдан кейін ойын барБір топ жігіттер тойға кіріп келеді.-Армысыздар қонақтар!-Біз тойға кешігіп қалған жоқпыз ба?Жүргізушілер: Жоқ жігіттер төрлетіңіздер! Әлия:Қашанда құт береке орнасын деп,Тойларда шашу салты елімніңУа, халайық теріп ал шашуыңды Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. (шашу шашылады)

Ертөре: Армысыздар құрметті қонақтар! Сіздерді ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Гаусар: Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Тойымызды елбасымыздың құттықтауымен бастаймыз. -Елбасымыздың құттықтау сөзі (бейнеролик)Тойымызды әсем әнмен бастасақ қайтеді. (бейнеролик)Ән: НаурызГаусар: Қыздар, жігіттер! Наурыз мерекесі жайлы не білесіңдер?-Наурыз мерекесі жайлы білім алушылар мағлұмат береді.Арман: Жігіттер қыздарды қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биін билеу үшін ортаға ару қыздарымызды шақырайық.Ертөре: Қыздар! Наурыз мерекесіне арналған жырларыңыз бар ма?(қыздар тақпақтар айтады)Наурыз тойы тамаша,Наурыз тойы жаңаша.Әр жүректен ән тарапШаттанады шартарап!Жыл басы – Наурыз, мереке!Ақ нұрға әлем оянды.Наурыз той береке.Тіршілік жаңа оянды.Наурыз құтты болсын!О, ағайын, ағайынДуманға толы маңайыңМереке болып келіп тұрНаурыз айы – бал айыңНаурыз тойытамашаНаурыз тойыжаңашаТабиғатта тамашаТамылжып тұр жарасаТұсаукесер дәстүрі:Құрметті халайық! Бүгінгі тойды пайдаланып балам Нүкетайдың тұсауын кестіріп алайын деп едім. Гаусар: Жарайды, бүгін қонақта Бәтима әжеміз отыр екен. Сол кісіге тұауын кестіріп алсақ қайтеді? Қаз, қаз балам, қаз балам,Қадам бассаң мәз боламТұсауыңды кесейінКүрмеуіңді шешейін. Бисмилла (баланы тәй-тәй бастырып жүргізеді)Ертөре: Жігіттер Наурыз мерекесіне арналған қандай тақпақтар білесіңдер? Наурыз келді, көктем келді ағайын,Жадырайды, жаңғырады маңайым.Назды, сазды науан Наурыз, армысың?Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.Жеткен кезде наурызымыз жапан біткен жаңғырар,Тұман орнап, тау басын аспан үрпі салбырар.Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.Жадырап күннің жанары,Бетті өпсе жылы самалы.Сай - сайға ақса жылғалар,Бұл Наурыз хабары.Ашылып аспан шүмегі,Жауынмен құм да түледі.Көкмайса жұмсақ құлпырған,Бұл Наурыз кілемі.Бусанып тарғыл атырап,Нәрленіп торғын топырақ.Жауқазын өссе күнеске,Бұл Наурыз – жапырақ.Көз тігіп Күнге барлығы,Бүршігін жарса әр гүлі.Халыққа бақыт тілеген,Бұл Наурыздың жарлығы.Бөктіріп көктем жаңбыры,Тіріліп шөптің тамыры.Бүрленсе жусан бұрқырап,Бұл Наурыздың таң нұры.Қауымға қалың дүр болған,Шаттыққа бөлер жыр болған.Шапағат төккен мейірлі,Бұл Наурыз ғой нұр болған.Себелеп жаңбыр жауып тұр,Емшегін бұлттың сауып тұр.Жақсылық нәрін мол сепкен,Бұл Наурыз сауық - жыр.Тілегін айтып ұнаған,Арылса туыс күнәдан.Көңілде күдік қалдырмас,Бұл Наурыз – шын адам.Тұқымын сеуіп ырыс - құт,Дем алса диқан тыныс қып.Тірлік пен байлық бастауы,Наурыз сыйы тыныштық.Тәуелсіз елдің адамы,Бейбіт күн берік қамалы.Құт болсын дейік ағайын,Жаңа күн Наурыз қадамы.Зекен ҒалымжанЖасыл нұрға бөленіп төңірегімМарфуға БектемироваҚырға көшіп келеді елім менің,Малын жайып, салатын төріне егін.Наурыз туып, жан бітті дүниеге,Жасыл нұрға малынып төңірегім.Көңіл шіркін қарлығаш ұшып шыққан,Жатқандай бір қапаста, құлыптауда.Елең қылмай, сап - салқын түн ызғарын,Тыңдап тұрмын құстардың сыбызғы әні.Ерте көктем жұтқызар жұпар ауа,Таңдайыма әкелді қымыз дәмін.Кеш оралған көктемнің ерке құсы,Осы екен ғой көктемнің еркелісі.Осы екен ғой атамның аманаты,Осы екен ғой әжемнің ертегісі.Шолпы тақты алтын күн қайыңға әсем,Ән айтады бұлақтар, уайым бәсең.Тек асығып барасың, алтын айым,Не айтасың ақын қыз жайында сен?*****Келдің бе наурыз – жыл басы,Бар құтын жиып өлкенің.Халқың сенің сырласың,Өзіңнен өрбір көркем үн.Гаусар: Би: Үнді биіӘн: Әке Орындайтын Жеңіс АнарысЕртөре: Қане жігіттер, арқан тартысып күшімізді сынайық.Гаусар: Өзбек биімен ортаға Ару қыздарымызды шақырамыз.Ертөре: Ортамыздағы ақсақалдан бата сұрайық.Қорытынды сөз: Наурыз мейрамы құтты болсын молшылық, береке болсын, ұлыс оң болсын ақ көп болсын. Барлық қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!Сау болыңыздар!



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!