"Наурыз келді"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Наурыз келді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз келді сағынтып Жүргізуші: құрметті ата-аналар, мерекеге шақырылған қонақтар! Хош келіпсіздер!Бүгін ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын! Армысыңдар,халайық! Бармысыңдар,балалық! Келді наурыз сағынтып, Қыздарға алқа тағынтып. Наурызкелсе, құт келеді халайық Есік ашып,шашу шашып.қол соғып, Ұлысты қарсы алайық. Наурыз бала кіреді: Жайнатамын бар гүлді, Сайратамын бұлбұлды. Төгілтіп ән-күй жырды, Мейрамдайық бұл күнді. Тіршіліктің бастауы Наурыз айы-мен болам! Күн мен түн шығады. Күн:Күн сәулесі мол күнмін. Түн:Жұлдызы мол түнмін. Күн мен түн:Ұзақтығы бірдей болып, Теңелеміз бұл күні. Жүргізуші: Ал балалар, жарыса билеп, ән салып,ойын ойнап,тақпақ айтып, өнерімізді ортаға салайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыйқыршы Аяз Ата (I-сәбилер тобы)


Ән ырғағымен балалар залға кіріп шыршаны айналып тұрады.


Жүргізуші: Балалар, сендер қандай мерекеге келдіңдер?


Балалар: Шырша мерекесіне!


Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Бүгін шырша мерекесі. Бұл мерекеде

әртүрлі сиқырлы уақиғалар болуы мүмкін. Қане шыршаны

айналып жүріп шыршаға қарайық. Шыршамыз неткен әдемі.

Шыршаға әртүрлі әдемі моншақтар, әсем ойыншықтар ілінген.

Енді шыршаға арнап ән орындап берелік.


Хор: «Жаңа жыл, жаңа жыл!»


Жүргізуші: Балалар, қараңдар, шырша шамын жағып бізге ырзашылығын

білдіріп тұр. Біздің айтқан өлеңіміз өзіне ұнаған білем.

Қане, шыршамен ойнайық – көңілімізді бір көтерейік!


Ойын

Шырша шамы жағылды,

Моншақтары тағылды.

Біз аяқты ұрғанда

Өшсін шырша шамдары!

(Балалар аяқтарын бір ұрады – шырша шамы өшеді)

Қане, алақан ұрайық -

Шырша шамын жағайық!

(Балалар қол шапалақтайды – шырша шамы жағылады)


Жүргізуші: Балалар, енді шыршаға арнап тақпақтарымызды айтайық.


Бала: Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!


Бала: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.


Бала: Кел балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

2.

Бала: Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа жылда – жаңа жыр!

Жасыл шырша маңында

Билеп барлық бала жүр!


Хор: «Жаңа жыл келді»

Бала: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Жолдар мұз боп қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.


Бала: Оралды өлкеге,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.


Бала: Тоғай да, баулар да,

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да,

Өзіңді сағынды.


Бала: Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келеді,

Ақ күпіге оранып.



.Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алапқа тарайды.


«Шығыс» биі


Биден кейін залға Аяз ата кіреді

Аяз ата: Сәлем ата-аналар!

Сәлем бердім балалар!

Кетіп бара жатқан жерімде

Естідім мен сылдырмақ!

Содан келдім сендерге.


3.

Жүргізуші: Қош келдіңіз ата!

Ол біздің қыздар шығыс биін орындады.

Төрлетіңіз.


Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем үндерің!

Ортаға шық – билеңдер,

Шырша әнін шырқаңдар!


Хор: «Аяз ата»


Аяз ата: Балалар, менің Ақшақар қызым орталарыңа келген жоқ па?


Балалар: Жоқ!


Аяз ата: Ана тұрған үй, менің немерем Ақшақардың үйі, қане дауыстап

менің немере қызымды шақырып жіберейік.


Балалар: Ақшақар!!!


Ақшақар: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жалмен құттықтаймын деген үн –

Қанаттана кең алапқа тарайды!


Жүргізуші: Қош келдің Ақшақар ортаға!


Ақшақар: Атам әкелген шыршасы неткен әсем, әдемі!

Балалар да өте көңілді.

Ата, Сыйқырлы таяқшаңыз қайда?


Аяз ата: Ақшақар, менің сыйқырлы таяқшам әрдайым менімен бірге жүреді.

Міне! (көрсетеді) Қандай сыйқыр керек айта ғой!


Ақшақар: Ата, мына шырша ойыншықтарын, қызық болсын жандандырып

жіберіңізші!


Аяз ата: Мен үшін жандандыру түк емес.

Балалар, мына ілулі тұрған ойыншықтың аты не?


Балалар: Петрушка!


Аяз ата: Ойыншықты сыйқырлаймын,

Биле, кәне ортада!


4.

Петрушкалар биі.


Ақшақар: Айтыңдаршы, кімсіңдер?


Петрушка: Қызықтырып әркімді,

Ойнап жүрем жалтырап.

Балалар мені сүйеді,

Меніменен билейді.


Аяз ата: Балалар, бұл қандай ойыншытар?


Балалар: Петрушкалар!


Аяз ата: Шыршаға балалар қараңдар.

Мына затты атаңдар,

Бұл не?


Балалар: Бұл ұлпақ!


Аяз ата: Сыйқырлайын мен тағы,

Ұлпақ биін көрейік!

(таяқшаны ары-бері бұлғайды)


Ұлпақтар биі.


Ақшақар: Өздеріңді атаңдар!


Ұлпақ: Біз ұлпақпыз, ұлпақпыз,

Әппақ ақ қар қыздармыз,

Орман, тауда ұшқанмен,

Ойын-сауық сүйеміз!


Аяз ата: Ондай болса, мен үрлейін, сендер ұшып кетіңдер.

(Аяз ата үрлейді, Ұлпақтар жүгіріп барып орындарына отырады.)


Аяз ата: Маған сыйқырлаған қатты ұнап қалды, қане, мына ойыншықты да

сыйқырлап жіберейін.

(таяқшасымен ара-бері бұлғап.)

Жасыл шырша алдында

Асыл моншақ тағылған.

Биле ойыншық көңілді,

Көпшіліктің алдында!


Пингвиндер биі.

5.

Жүргізуші: Аяз ата, сыйқырлығыңыз бізге қатты ұнады, енді балалар

өзіңізбен ойын ойнағысы келіп тұр.


Аяз ата: Тамаша, тамаша,

Ойын ойнайық балаша!


Ойын «Мұздатамын»

(балалар орындарына отырады.)


Аяз ата: Балалармен балаша жүгіріп әбден шаршадым.


Жүргізуші: Ондай болса ата, отырып дем алыңыз, балалар өзіңізге

тақпақтарын айтып берсін.


Балалар тақпақ айтады.


Аяз ата: Балаларым, рақмет сендерге.

Оқыған тақпақтарың маған қатты ұнады, енді қар лақтырып

ойнайық.


Ойын «Қар лақтыру»


Аяз ата: Жә-жә, болды ойнадық, енді Ақшақар мына қорапқа

Жинат қарды балаларға.


Аяз ата: Балалар, тағы сыйқыр көргілерің келе ме?


Балалар: Иә!


Аяз ата: Ондай болса қараңдар!

Мына қарды аламын

Сыйқырлы сөз айтамын, (қарға сыбырлайды)

Енді жермен жүргізем

(шырша артына кішкентай қарды домалатып алып кетіп, ол жақтан үлкен қарды домалатып алып шығарады.)

Міне енді қараңдар!


Жүргізуші: Ата, шынында да жаңағы кішкентай қар әп-сәтте үлкен болып

кетті ғой!


Аяз ата: Әрине, мен сыйқыршы емес пе едім!

Енді қардың ішін қараңдар!

(Қар ортасы бөлінеді, оның ішінде – сыйлықтар. Балаларға көрсетеді. Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратады.)


Аяз ата: Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендермен

Қош айтқысы келеді.

Келесі жылға дейін сау-саламат балыңдар балалар!

(шығып кетеді.)









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
718
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі