Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Наурыз келді , құт келді !» атты ертеңгілік .
Мақсаты : Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау .Ұлттық салт –дәстүр,
әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру . Ата –бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп , қастерлеуге , қасиетін түсінуге баулу . Қазақ халқының салт -дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру .
«Наурыз Думан» әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады .
Жүргізуші : Армысыздар , ата –аналар , қонақтар ! Бәрімізді асыға күткен Наурыз тойымызда келіп жетті . Тойларыңыз құтты болсын ! Бұл күн біздің ата –бабаларымыз , арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі .
Наурыз мерекесі құтты болсын ! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты , тілектеріңіз қабыл болсын !
Наурыз айы -шығыс күні есебі бойынша жылдың алғашқы айы . Бұл айда
жылдың айы есебінде күн мен түн теңеледі сол себеттен Наурыз жыл басы болып саналады .Осы Наурыз мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік .
Ән : «Наурыз көктем»
Наурыз –көктем акелді таңның шуағын
Наурыз -көктем акелді таудың бұлағын
Наурыз -көктем жайнайды далам гүлдері
Наурыз - көктем алмағаштары гүлдеді
Наурыз –көктем ,
Шуағын төккен
Әкелді байлық еліме
Наурыз -көктем асығып жеткен
Әкелді бақыт жеріме
Жүргізуші :Балалар біздерге Ұлыстың Ұлы күні ақбата айтып , шашу шашатын кім білесіңдерме ?
Балалар : Қыдыр ата !Наурыз әже
Жүргізуші :Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашу шашуға Наурыз әжемізді шақырайық .
Қыдыр ата :
Сұрасаң бата берейін ,
Үстем болсын мерейің .
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын .
Қайда барсаң жол болсын !
Ұлыс бақытты болсын, Төрт түлік ақты болсын !
Әмин .
Наурыз әже
Наурыз келсе , құт келгені халайық !
Есік ашып шашу шашып ,
Ел боп қарсы алайық ( Әже шашу шашады )
Жүргізуші :Қыдыр ата ! Наурыз әже ортаға жайғасыңдар бүгін бізде үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлаңыздар !
Қыдыр Ата: Жарайды құрметпен бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ .
Тақпақтар
Арман
Наурыз , Наурыз жыл басы
Жасыл көктем құрдасы
Төл мереке кел мереке
С.Айша
Наурыз бабамның сөзі
Наурыз адамның сөзі
Ғасырдан ғасырға жеткен
Данамның сөзі
Әзима
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді
Дамир
Ашылды
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Еркебұлан
Наурыз келді құт болып
Мына бізге нұр болып
Аққа аузым толады
Бар жақсылық болады .
Нұрай
Армысың халайық
Әр кез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылда қарсы алайық
Жетербай Кәусар
Жыл басы Наурыз Мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Расул
Ақ мол болсын .
Ұлыс бақытты болсын
Төрт түлік асты болсын .
Ұлыс мереке болсын
Бәле жәле жерге енсін
Қайда барсаңда жол болсын .
Би :Қамажай биі Қыздар
Жүргізуші :Рахмет балалар . Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді .
Ойын : « Қыз қу» бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді .
Кішкентай бала қолында қамшысы бар « Сүйінші ,сүйінші ,сүйінші сәби дүниеге келді »
Қыдыр Ата :Сәбилерін құтты болсын ! Баланың бауы берік болсын !
Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып ат қояйық !
Әже :Құндақталған сәбиді алып келеді.
Қыдыр Ата : Сен Наурыз мерекесі күні дүниеге келгенсін «сенің атыңды Наурызбай , сенің атың Наурызбай , сенің атың Наурызбай»
Үш рет құлағына айқайлайды
Наурыз Әже :Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық .Балалар бесікке салу үшін . Бесік , қолбау , аяқбау , шүмек , көрпе , көпшік . Бесік қасиетті мүлік . Бесікті аластап , тыштырма жасап , баланы бесікке бөленеді .Бәле жәледен сақтасын деп , ырымдап , оған тұмар тағып қояды !
Жүргізуші : Әже , бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады ?
Әже : Баланы қырқынан шығарады .
Жүргізуші :Баланы қырқынан қай кезде шығарады
Әже : Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады .
Қырық қасық суға түсіріп , ит көйлегіне тәттіні түйіп , оны иттің мойнына байлап жібереді . Балалар итті қуып жетіп , тәттіні бөліп жейді . Ит көйлек нәрестенің алғашқы көйлегі .
Жүргізуші :Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін .
Ойын :Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды .
Ол қашады оны балалар қуады . Ит балаға жеткен бала кәмпиттерді үйлестіріп береді .
Ойын : Арқан тарту ойыны.
Әзима әжесі наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтеді .
Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер !Ақ мол болсын !
Қыдыр Ата :О , халқым кішкентай менің балаларым !
Сендердің бүгінгі өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш , еліміз аман болсын ! Мен еліме қайтамын аман сау болыңдар !
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Наурыз келді , құт келді !»

шағым қалдыра аласыз