Бекітемін:
«Наурыз келсе,құт келгені
халайық!»
Хор:
«Наурыз»
Ақнұр:Армысыңдар,ағайын,
Ағайын тілін
табайын
Диана:Бармысыңдар
,бауырлар,
Өкпе жоқ,бізде бауыр
бар
Ақнұр:Есенбісіз,ұстаздар,
Шаршамайтын
қыс-жаздар
Диана: Ізетке ие
інілер,
Інілер,еті
тірілер
Ақнұр:Тойға келген
сайланып,
Отырам деп
жайланып.
Диана: Көрермендер ,аман
ба,
Отырған анау
ойланып.
Бірге: Бәріңізге бір
сәлем!
Ақнұр: Құрметті халайық! Наурыз мерекесіне
арнаған «Наурыз келсе,құт келгені
халайық!»атты жиынымызға қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Диана:: Наурыз ән-күй, би, достық, ынтымақ
мерекесі. Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат
айтылып, тілектер
тіленген.
Ақнұр: Ау, достым, тоқтай тұр. «Әке тұрып ұл
сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» демекші алдымен
үлкендерге сөз
берейік!
Ендеше Бастаса –елдің
көсемі,
Сөйлесе - сөздің
шешені.
Ақылы асқан
Абыздай,
Бар түйінді шешеді, - дей отырып, мектеп
директоры Каржаубаев Руслан ағайға сөз кезегін
береміз.
Ән;
«Тойбастар»
орындайтындар
:Бақнұр,Перизат
Диана::Наурыз шығыс халықтарының көбінің мейрамы
болған.Солардың ішінде әсіресе көшпелі түркілер арасында ең
қадірлі,ең ұлы мейрам болып саналған.Ескі ауыртпалықтың бәрі қыспен
кетіп,енді жаңа үміт,жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған
күн.
Ақнұр:Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз
сөзі парсы тілінде «нау» жаңа, «рыз» күн деген сөздерден
шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні-күн мен түн
теңеліп,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне
шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні»деп
атаған.
Диана: Көркемсөз « »
оқитын:
Диана:Наурыз мейрам жүректерге нұр
сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн
көктем.
Жарығыңмен ,шуағыңмен,Жер
Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл
көктем
Ақнұр: Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған
тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік
те
Құтты болсын Ұлы күн
жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен
бірлікке!
Көрініс:
«Алдар
Көсе»
(Шашу шашылады осы
жерде)
Қыдыр
ата:
Үлкені мен
жасыңа:
Береке берсін
басыңа
«Наурызға»келген
халайық
Жамбылдың жетсін
жасына
Ырыс,дәулет мол
болсын,
Жылда осындай той
болсын,
Жортқанда жол
болсын
Дәулетті бас
берсін
Бақытты жас
берсін.
Ұлыстың ұлы
күнінде
Ұлың оңға
қонсын
Қызың қырға
қонсын,
Қыруар малың өріске
толсын
Дәулетіңді
асырсын,
Дұшпаның
басылсын.
Ұлы өмірдің
өзіндей
Жайнай берсін
жасымыз.
Енді қайғы
көрмесін
Ақ қыраулы
басымыз
Барлық халық тең
болсын,
Бір-бірімен
қауышқан
Дос-туысқан ел
болсын!
Менің берген ұлы
батам
Ұлыс күнге сақтап жүрген жыр
болсын!
Көже
таратылады:Наурыз тойын
әдемі
Әжем еске
түсірді
Біздерге арнап
әдейі
Наурыз көже
пісірді.
Ашылды да
кебеже,
Дәм әзірлеу
басталды.
Әжем
наурыз-көжеге,
7 түрлі ас
салды
Бидай ,күріш,тары
бар
Бар сүр ет пен
шұжығы,
Ащы құрты тағы
бар,
Көже-елдің
ырзығы
Бидай салып
көжеге
Мол болсын деп биыл
нан
Ұлыс күнге
сақталған,
Тары да бар
ақталған
Адал астан
бұйырған,
Дәм татыңыз,ел
жиылған.
Диана:Наурыз келді,жайраң қақты таң
күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние
жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған
Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің
мәңгілік.
Би: «Ұйғыр
биі»
Ақнұр: Наурыз тойының басты кәделерінің
бірі-Наурыз айтыс (Қыз бен жігіт айтысы
тамашаланады)
Айтыскер
аруларымыз Мақпал мен Аизаны ортаға
шақырамыз
Диана:
Қош келіпсің,
Наурыз!
Арман тойы
баршаның,
Қуанышы
ғаламнын,
Құтты болсын
қадамың!
Сені тойлап, қарсы
алып,
Бар әлемге жар
салып,
«Бейбітшілік тойы!»
деп,
Қол соғады барша
жұрт!
Ақнұр:Арайындай көрінген тағы
үміттің,
Басын қостың сан халық,сан бір
ұлттың
Жарқырай
бер,жер-көкте,жаса,Наурыз,
Ұлы достық мейрамы
мәңгіліктің
Би : «Қазақ
биі»
Диана: Тәуелсіз биік
халқымның
Желбіреп туы
шалқысын.
Әз Наурыз келіп
еліме,
Жер –Ана бойы
балқысын
Ақнұр:
Жаңғырар
дәстүр-салтымның
Күзелсін бұлақ
жылғасы
Қастерлі менің
халқымның
Мереке Наурыз –жыл
басы!
Ән:
«Әриайдай» орындайтындар: Аиза мен
Гүлнұр
Диана:Көргенде қуанасың таза
ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз
әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі
бақи,
Наурызың құтты болсын,қазақ
елі.
Ақнұр:Құт-береке наурыз айым келді
деп
Жер түледі,жасыл желек
желбіреп,
Айналайын,Атамекен,кең
далам
Толықсиды нұрға
балқып,елжіреп.
Ән :
«Атамекен» орындайтын: Айдын мен
Сымбат
Диана:Наурызды тәңір бізге нәсіп
еткен,
Мейірім танысын деп тасып
өткен
Наурыз сән-салтанат,ұлттық
рух,
Бақытты наурызы бар халқым
неткен!
Халықтың пейілінен
жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан
таралғандай,
Ел мен жер
елжірескен,қуанысқан,
Наурызда ажар қандай,арай
қандай!
Ән :
«Қазақия» орындайтындар: Сымбат,Бақнұр, Айдын,
Перизат
Ақнұр: Жасай берсін жаңа
күн
Туа берсін жаңа
нұр
Дүр сілкінсін дала
бір,
Құтты болсын Наурыз
той!
Құтты болсын Жаңа
жыл!
Диана: Наурыз құтты
болсын
Дендеріңіз сау,мықты
болсын!
Наурыз тойы келе
берсін
Барлық халық бақытқа
кенелсін!
Еліміздің несібесі көп
болсын,
Бірге: Қош ,сау
болыңыздар,халайық,
Көріскенше күн жарық
болсын!
10-сынып
Қабылдаған: Егеубаев
Ж
Өткізгендер: Файзуллаева
А
2015-2016 оқу
жылы
№100 орта мектебінде
10а,б-сынып
оқушыларының
ұйымдастыруымен
«Наурыз келсе,құт келгені
халайық!» атты өткізілген
жиынның
Анықтамасы
18-наурыз 2016 жылы «Наурыз»
мерекесіне орай«Наурыз келсе,құт
келгені халайық!» атты жиын
өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға Қазақ
халқының мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере
отырып,халқымызыдң салт-дәстүрін бойларына дарыту
арқылы,шынайылыққа,адамгершілікке ,ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
Мазмұны:Бүкіл тіршілік
атаулының түрленіп,жаңаруы паш етіледі.Мейрамның ең қадірлі дәмдері
мен қасиетті сөздері кеңінен
насихатталады.
Қөрнекілігі:Қазақтың киіз
үйінің жабдықтары,ұлттық тағамдар,т.б
1Хор
«Наурыз»
2.Құттықтау
сөз
3. Ән;
«Тойбастар»
4.Көрініс «Алдар Көсе»
Шашу шашылады
5.Көркемсөз
6.Ұйғыр
биі
7.Айтыс
8. Би : «Қазақ
биі»
9. Ән:
«Әриайдай»
10. Ән :
«Атамекен»
11. Ән :
«Қазақия»
ІҮ.
Қорытындылау
«Наурыз келсе,құт келгені
халайық!» атты жиынды мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Егеубаев
қорытындылап,жиынға қатысқан ұстаздар мен оқушыларды «Наурыз»
мерекесімен құттықтады.
Сынып жетекші: Файзуллаева А