Наурыз көңілді мереке

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурыз көңілді мереке

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобы пән мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.Шығармашылық білім беру саласы бойынша.Тақырыбы: Наурыз көңілді мереке
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық

Сурет салу

Уақыты:13.03.2019 жыл

Мейрембекова Ә

Тақырыбы

Наурыз көңілді мереке

ҰОҚ оқытылу мақсаты:

Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелеу.Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіреді, материалдарды үнемдеп жұмсау.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;

құралдарды көлбеу ұстап, штрихтарды біркелкі түсіре отырып, бормен,

қарындашпен салады;

жеке гигиена ережелерін орындайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

суретті сюжетті желімен толықтырады;

суреттегі көңіл күйді түстің көмегімен жеткізеді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

өз таңдауын түсіндіре отырып, берілген материалдарды жұмыста

пайдаланады;

көркем материалдарды ажыратады және пайдаланады.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сюжетті өз естеліктерімен толықтыруды ұсынады;

затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;

өз жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір

білдіреді;

қажетті түс реңктерін таңдау себептерін атайды;

сюжетті жасау кезеңдерін ауызша сипаттайды.

Көптілділік: мереке – праздник – celebration.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

дәстүрлер, салттар, көңілді мейрам.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде тойланады?

Адамдар мейрамға қалай дайындалады?

Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?

Жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-5 минут

II. Өмірлік тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер

сыбырлайды. Әуен ойнап, балаларға мәтін оқып беру:

«Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дейді қазақ халық даналығы. Дауылдар мен қиыншылықтардан әке- тау қорғайтын және ана-бұлақтың жанды суымен молынан суарылған құрақ-бала өсіп бекиді.

Қамқорлық пен махаббат қоршауындағы бала нәзік және берік болады. Ол жайбарақат және бақытты. Алайда өмірде бәрі де болады. Ренжітеді, көңілін қалдырады, сағын сындырады. Құрақтың көңіл күйі жабырқайды. Сол кезде ол күш пен ақыл жинау үшін өзіне өмір сыйлаған ана-бұлақтың құшағына енеді. Ол қасында тіршілік көзі –анасы

бар кезде өсіп, беки береді.

Наурыз – бұл еңбек, бейбітшілік, достық мейрамы.

Адамдар бір-бірінің реніштерін кешіріп, өздері мен басқаларға жақсылық пен бақыт тілеген. Осы күндері Бата алу маңызды болған. Бата – бұл үлкен адамдардың тілегі, өсиеті. Мынадай тілектер айтылатын болған: «Барлық бастамаларыңа табыс тілеймін», «Жерімізге өнімділік тілеймін», т.б.







Әліппе-дәптер

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

6-18 минут

Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Әліппе-альбомдағы тапсырманы орындауды ұсыну.

Суретші суретте нені шатастырған?

Балалар досымен бірге біздің қай мейрамдарды қыста, ал қай мейрамдарды көктемде қарсы алатынымызды талқылауды ұсыну.

Сергіту сәті

Көзіңді жұм! (Алақандарымен көздерін жауып,

артынан ашады.)

Найзағай жарқылдайды. (Саусақтарын жұмып ашады.)

Жаңбыр жауып, (Үстелді саусақтарымен ұрады.)

Аспанда кемпірқосақ ойнайды (Ауада жартылай

шеңберлер салады.)

Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын сақтау туралы

әңгімелеуін сұрау.

Жұмыстың орындалу технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Наурызды тойлаудан ең жарқын сәтті еске түсіріп, оны зерде бойынша салу керек екендігін нақтылайды. Балалар топта жұмыс істейтіндігімізді түсіндіру. Сурет қайталанбауы үшін кімнің не салатыны туралы кеңесіп алу керек. Балалар орындау тәртібін талқылайды және мейрамның бір сәтін салады.

Әліппе-дәптер.




Әліппе-альбом.




Түрлі түсті

қарындаштар,

балауыз борлар,

фломастерлер.






.


IV. Сабақ

қорытындысы

Рефлексия.

«Наурызды қарсы аламыз» көрмесі ұйымдастырылады.

Жұмыстарды талқылауды ұйымдастыру.

Кімге өз жұмысы ұнады?

Салғылары келген суретті сала алды ма?

Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият

орындалмады ма?

Өзін-өзі бағалауды ұсыну.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар



Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.06.2019
1301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі