«Қалалық жас туристер
стансасы» МКҚК
«Наурыз – жаңару мен бірліктің
бастауы» атты мерекелік шара
сценарийі
Өткізген: Утарбаева
А.Б.
2025 оқу
жылы
Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара
сценарийі
Тақырыбы: "Наурыз – жаңару мен бірліктің
бастауы"
Мақсаты: Оқушыларды Наурыз мейрамының
дәстүрлерімен таныстыру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, халықтық
ойындар арқылы қызықты мерекелік атмосфера
қалыптастыру.
Қатысушылар: Мұғалімдер, оқушылар,
ата-аналар.
Музыка ойнап тұрады, жүргізушілер ұлттық киімде
сахнаға шығады.
– Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар,
оқушылар! Бүгінгі көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні
Наурыз құтты болсын!
– Наурыз – бұл тек көктемнің келуі емес, бұл – жаңа
өмірдің бастауы, татулық пен бірліктің, ізгілік пен жақсылықтың
мейрамы!
-
Наурыз мерекесінің бастауы: Көрісу күні –
көктемгі жаңарудың алғашқы белгісі, оны қазақ халқы "Наурыздың
алғашқы күні" деп те атайды. Бұл мереке Наурыз мейрамынан бір апта
бұрын басталып, халықтың қыстан аман шыққанын атап өтумен
ерекшеленеді.
-
Тек
батыс өңірінде ғана сақталған дәстүр: Көрісу күні Қазақстанның
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында кеңінен
тойланады. Басқа аймақтарда бұл дәстүр кейін ұмыт болғанымен, соңғы
жылдары қайта жаңғырып, бүкіл ел бойынша танымал бола
бастады.
-
Жас
ерекшелігіне қарамайды: Бұл күні жас пен кәрі, кедей мен бай,
бастық пен жұмысшы – бәрі тең дәрежеде көріседі. Жастар жасы үлкен
кісілерге бірінші болып барып, қол алысып, құшақтасып, "Бір
жасыңмен!" деп тілек білдіреді.
-
Көрісу – тек амандасу емес: Бұл дәстүр
адамдар арасындағы ренішті ұмыту, араздықты жою және
қарым-қатынасты нығайту үшін өте маңызды. Қазақ халқы бұрынғы
заманда ренжіскен жандардың да Көрісу күні татуласуын міндетті
санаған.
– Наурыз тек ұлттық тағамдар ғана емес, ұлттық
ойындармен де ерекшеленеді. Олай болса, келесі бөлімде сайыс
түріндегі ұлттық ойындарға кезек берейік!
Жүргізуші 1:
«Көлеңкесін тап» ойынын
ойнайық, оюды сйкестендіру керек, 2 оқушыны
шақырамыз.
«Тауып көр»- Ұлттық аспаптар
мен Ұлттық ойындарға бөлу.
«Асық ату»
ойыны.
Карточа алу арқылы, анықтама
беру.
– Бүгінгі мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті.
Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, береке-бірлік, ырыс пен молшылық
тілейміз!
Олай болса, бата беруге
Сакен ағай мен Иматалиді ортаға шақырайық.
– Ақ
мол болсын, көңіл тоқ болсын, әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш
келсін! Келесі жылы да Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы
алайық!
1.
Балаға байланысты дәстүрлер
Сұрақ: Жаңа туған сәбиге алғаш рет кім ат
қояды?
Жауап: Әдетте ат қоюды сәбидің ата-анасы,
ата-әжесі немесе ауылдың құрметті ақсақалы жасайды. Кейде діни
тұлғаларға да ат қойдыру дәстүрі болған.
Сұрақ: «Тұсаукесер» дәстүрінің мақсаты
қандай?
Жауап: Бұл дәстүр бала еңбектеуден жүріске
ауысқанда жасалады. Баланың тұсауын өмірі жақсы, жолы ашық болсын
деген ниетпен жаны жайсаң адам кеседі.
Сұрақ: «Бесікке салу» дәстүрі қалай
өтеді?
Жауап: Бесікке салу рәсімін көреген, өнегелі
әйелдер атқарады. Олар бесікті аластау үшін оттың үстінен өткізеді,
бесікке баланы бөлеп, жақсы тілек тілейді.
Сұрақ: «Сүндет той» қандай
дәстүр?
Жауап: Бұл – ер баланы сүндетке отырғызуға
арналған той. Қазақта сүндетке отырғызу 3,5 немесе 7 жасында
жасалады.
Үйлену және отбасы дәстүрлері
Сұрақ: «Құда түсу» дәстүрі қалай
өтеді?
Жауап: Құда түсу – екі жастың ата-аналарының
келісімі бойынша өтетін рәсім. Бұл кезде құдалар бір-біріне сыйлық
беріп, баталасады.
Сұрақ: «Беташар» дәстүрінің мәні
неде?
Жауап: Беташар – жаңа түскен келіннің бетін ашып,
оның жаңа туыстарымен таныстыру рәсімі. Бұл дәстүрде келінге
отбасының үлкендеріне сәлем беру үйретіледі.
Сұрақ: «Қыз қуу» ойынының шарты
қандай?
Жауап: Бұл – қазақтың ұлттық ойыны. Жігіт атпен
қызды қуып жетіп, оны сүйсе, жеңгені. Ал егер қыз оны қуып жетсе,
қамшымен сабауға құқылы.
Сұрақ: Келіннің алғаш рет отбасына жасаған
сыйлығы қалай аталады?
Жауап: «Өлі-тірі» немесе «Құйрық-бауыр» деп
аталады. Бұл келіннің жаңа туыстарына құрмет көрсету
дәстүрі.
3.
Қазақтың қонақжайлық дәстүрлері
Сұрақ: «Ерулік» дегеніміз не?
Жауап: Бұл дәстүр жаңа көшіп келген көршілерге
арнайы дастарқан жайып, қонақ ету дегенді
білдіреді.
Сұрақ: «Сыбаға» деген не?
Жауап: Бұл – арнайы қонаққа немесе туысқа
сақталған ет немесе сый. Әсіресе, алыстан келген қонаққа
арналады.
Сұрақ: «Шашу» дәстүрі қандай жағдайда
жасалады?
Жауап: Шашу – қуанышты хабар немесе мерекелік
оқиға кезінде тәтті-дәмділерді шашу. Оны келін түсіргенде, бала
туған кезде немесе тойларда жасайды.
4.
Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлері
Сұрақ: «Жеті ата» ұғымының қазақ халқы үшін
маңызы қандай?
Жауап: Қазақтар жеті атаға дейін қыз алыспаған,
бұл дәстүр қанның тазалығын сақтау үшін қажет
болған.