Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, ата-баба дәстүрін, бұйымдарын таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен дәріптеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, ата-баба дәстүрін, бұйымдарын таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен дәріптеу.

Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, ағайын! Той құтты болсын!

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ортаңғы топтың мерекелік «Қош келдің –Наурыз » атты ата-аналармен бірлескен шағын ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

(Мерекелік әуен сазы жіберіледі).

Көрініс : «Наурыз ашар»

(Ортада ақ дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылады. )

Жүргізуші: Армысың Наурыз,

Қуаныш боп кір,төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый-құрмет.

(Кеселерге ақ құйылып, қыздар таратады.)

 Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық!

Балалар хормен: «Қош келдің, Көктем» әні

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр

Би: «Қазақ биі» ұлдар тобы

Қыздар тобы «Наурыз» биі

Көрініс : «Бесікке салу»

ТәрбиешіҚазақ халқында сәбиді бесікке салып, үлкен ырым жасаған. Осы үлкен қуанышты назарларыңызға ұсынады.

Әжей: Бөпе мазасызданбай, тазалықта тыныш ұйықтап, күшті болып өсуі үшін бесіктің пайдасы мол. Көпшігінің астына бала әдемі болу үшін тарақ, айна, таза болу үшін сабын,батыр болу үшін қамшы қоямын.

Әжей: Алас,Алас,пәледен алас

Көзі жаманның көзінен,тілі жаманның тілінен алас! (Бесікті аластату)

Балалар, бесіктің астын қараңдар, Тышты ма, тышты ма? (кәмпиттерді түбегінен алады.)

(Бесіктің түбек, шүмек, тартпа бау, жапқыштарымен таныстырып өтеді,бесікке бала салынып, бесік жыры айтылады.)

Балалар ата-аналарымен «Әлди-әлди ақ бөпем» әнін шырқайды:

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат,бөпем,

Жілік шағып берейін

Майлыаяқтың құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Жүргізуші:Ой, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық деп Ақжайнаның орындауында «Наурыз» әні

Домбыра биі Қыздар тобы

Тәрбиеші: Ей,балалар,балалар,

Енді бері қараңдар

Наурызды тойлайық

Қызық ойын ойнайық- дей келе ұлттық ойындарға кезек берейік

Арқан тарту,теңге алу,күш сынасу.

Жүргізуші: 

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән саламыз бәріміз

Би билейміз бәріміз –дей келе «Саржайлау» биіне кезек берейік.

Балалар ата-аналарымен әнмен шырқайды:

Тәрбиеші:

Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Тәрбиеші:

Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін

Той бастаған қадамын құтты болсын,

Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын

Қош болыңыз, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін жалғапты!

Жылда осылай келе берсін жарасып!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Сау болыңыздар!









9орта мектеп



















«Қош келдің – Әз Наурыз»








«Балдырған» тобы

Тәрбиеші: Тажигулова Нургул

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі