Материалдар / Наурыз-құт береке
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Наурыз-құт береке

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2018
575
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4






Тақырыбы: «Наурыз-құт береке

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Наурыз - 2018»


Барысы: Кіріспе.

Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Жандос: Наурыз – көктем мерекесі.

Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

Кәусар: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

.

Жандос: Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі


Кәусар: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!


Жандос:

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.



Кәусар: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,

Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.

Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,

Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.


Жандос: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.

1 – топ: «Жауқазын»

2 – топ: «Бәйшешек»

Жандос: «Береке басынан басталады» демекші , жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған.

Кәусар: Бұл 21-Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні дала аралаған Қыдыр ата келіп, «қыдыр, құт» дарытып кетеді екен.

Жандос: Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қыдыр Ата келе жатыр екен.


Кәусар: Орнымыздан тұрып, ауылдың үлкендері сәлем беріп, / Санжар А., Асхат; Айнур С., / «Қыдыр» атамызды қарсы алайық!

Азамат: Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсажол болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пале-жала жерге енсін!

Жандос: Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың

Жетелеп жұмасақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Кәусар: Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады.

1 – бөлім: «Өткеннен - өнеге», 2 - бөлім: «Ұлттық сана», 3 - бөлім: «Халық музыкасы – қайнар бұлақ», 4 - бөлім: «Ас – адамның арқауы»

Жандос : Әділ – қазы береді

Өздеріңе бағаны,

Бізге айтып береді,

Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін,

1.__________________________________________________________________________________________________________________________________

2. .__________________________________________________________________________________________________________________________________


3. .__________________________________________________________________________________________________________________________________

Сайыс қорытындысының балдарын сайыс соңында сұрайық.

Кәусар : Ақпан кетті араз боп Наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Жандос: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!


деп «Өткеннен -өнеге» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

әр топтан 1 көрініс көрсетілуі тиіс.

Кәусар: Келесі бөліміміз «Ұлттық сана», деп аталады.

Жандос: Бұл бөлімде әр топтың басшыларын ортаға шақырайық, сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді.

1 – сұрақ: Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жаңа күн)

2 – сұрақ: Ұзын сары деген не? (ол майлы ішекпен шажырқайдан, сұрпы еттің майлы жерінен жасалатын шұжық)

3 – сұрақ: Мысқал деген салмақ өлшем қандай мөлшерді білдіреді? ( 1 грамм)

4 – сұрақ: Қадақ деген салмақ өлшемі қандай мөлшерді білдіреді? (750 грамм)

5 – сұрақ: Батпан қандай өлшемді білдіреді? (100 гр)

6 – сұрақ: «Ә» дегенше мерзім өлшемі қандай мөлшерді білдіреді? (1 секунд)

7– сұрақ: «Бие сауым» - дегенше мерзім өлшемі қандай өлшемді білдіреді? (1,5 сағат)

8– сұрақ: Адам өміріндегі төртінші мүшел жас? (49 жас )

Кәусар: Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.





Жандос: Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін! – деп енді әр топқа жалпы сұрақ берейік,

/Кәусар 1-топтың жанына барып, сұрақ салынған табақты ұсынады, кезекпен 2 сұрақ алу керек/

Жандос: Енді 2-топты көрейік, /Кәусар 2-топтың жанына барып, сұрақ салынған табақты ұсынады/

Топтың сұрақтары:1-сұрақ: Төрт піріні атаңыз:

Жарлының пірі-қалтаң ата

Ұрының пірі-жалтаң ата,

Шебердің пірі- тешпем ата

Кәрінің пірі –кекшіл ата /Досбол шешен/

2-сұрақ: Бес намазды атаңыз:

1. таң намазы

2. бесін намазы

3. екінті намазы

4. ақшам намазы

5. жаншық намазы.

3-сұрақ: Бес борышты атаңыз

1)Аллаға,пайғамбарға байланысты борыш

2) Адамның өзіне байланысты борыш

3)мемлекет пен халыққа борыш

4)үй-іші жақындарға борыш

5)адамгершілік әлеміне борыш

(Мұхаммед пайғамбар)

4-сұрақ: Жеті атанызды атаңыз. / топтан бір оқушы өзінің жеті атасын атауы керек/

Кәусар: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында

/ ою ойғанға және қол күрес өткізгенге орын дайындалуы қажет)

Жандос: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көреген тон пішер» деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортағаәр топтан бір-бирден қыздарымызды шақырайық. / 2 минут/ / Жандос орналасыта береді/

Кәусар: қыздарымыз ою ойғанша, ұлдарымыздың мықтылығы мен шыдамдылығын анықтау мақсатында қол күрестіріп, жарыстырайық. Ортаға әр топтан 2 ұлдарымызды шақырайық.

Жандос: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазылар бағаларын беріп жатыр сіздерге.

Кәусар: Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік. – деп Әр жұп өз би өнерлерін көрсетеді.)

Кәусар: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Жандос: Наурыз – достық, Наурыз – күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі деп Қазақ халқы «дәмдісін, сыбағасын» наурызға сақтаған, наурыз мерекесіне байланысты жанұясындағы қуанышты, салт-дәстүрді осы мерекемен ұштастырған.

Олай болса, келесі бөлім « Ас – адамның арқауы» деп аталады, әр топ басшысы өз дастархан мәзіріндегі ұлттық тағамдар арқылы дастархан жаю үлгісін қысқада нұсқа таныстып өтуі тиіс.

Кәусар: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызық думан - мереке,

Қызық думан құрамыз

1-топ жетекшісіне сөз беріледі:

2-топ жетекшісіне сөз беріледі:

1) Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз

Жандос: Келер күнге бар үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!

Кәусар: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Жандос: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!. / Айнур шашу шашады/

Құттықтау сөз __________________________________________________________________________________________________________________________________

оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі

Жандос: Қош келдің, әз Наурыз!

Кәусар: Ұлыс оң болсын!

Екеуі бірге: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!