Наурыз сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурызға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қарлығаш» бөбектер бақшасы











« Жыл басы – Наурыз»

«Жігер» ортаңғы тобы










Тәрбиеші:Жексенова Майгүл

























2018 жыл





« Жыл басы – Наурыз»


Жүргізуші : Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!
Музыка ойналады .

Балалар гүлдер ұстап айналып кіреді.


Жүргізуші: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, қызыр ата келеді. Қане, қарсы алайық. (музыка ойналады)
Барлығы амандасады: Қош келдіңіз қызыр ата!

Қызыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Қоян мен Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар мен айтыс өнерін тамашалаған. Қане, балалардың арасында суырып салма айтысатын балалар бар ма екен? Болса, шықсын ортаға, өнерін тамашалайық. ( Мирас пен Арай )

Мирас:

Айналайын халқым –ай
Құтты болсын салтың –ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын –ай

Арай:

Айналайын халқым –ай
Болсын жүзің жарқын –ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай




Мирас:

Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам –ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам –ай




Арай:

Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді


Мирас:Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді көрейін
Жауабын кім біледі


Арай:

Үйлеріңдей қаланың
Бөлек –бөлек бөлме жоқ
Макетіндей даланың
Болады ол дөңгелек
Қазағымның үйі ғой


Хормен екеуі бірге:

Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш болсын
Ерекше заман болсын
Келер Наурыз тойына
Аман –есен жетейік!


Наурыз: Рахмет балалар! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір мен сендерді «Арқан тартыс» ойынын ойнауға шақырамын. Шарты түсіндіріледі.


Жүргізуші:

Көктем келді әнімен
Салтанатты сәнімен
Қуантады біздерді
«Ән шашу» әнімен


Жүргізуші:

 Балалар өздерінің наурыз туралы ән жолдарын айтады:








Нұрәли

Жыл басы –Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.


Инсар

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан –Наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан –Наурыз.

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған наурыз

Жақсылық тілек халыққа ,

Молшылық әкелсін Наурыз.


Нурсат

Уа, ағайын, халайық!

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық.


Әбілмансұр

Наурыз айы келгенде,

Күн шуағы шашылып.

Жылғалардан су ағып,

Ақ әжелер құлпырып.

Наурыз көже пісіріп,

Қонақтарға тартамыз.

Арай

Наурыз тойы тамаша,

Қарсы алайық жаңаша.

Шат күлкімен қуаныш,

Еліме сыйлар жұбаныш.

Бүршік жарып ағаштар,

Асық ойнап балалар.

Наурызды жүр қарсы алып,

Жасы үлкен аналар.


Бауыржан

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.




Арыстан

Жылдың басы –Наурыз,

Жердің басы-Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.


Олжас

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.


Зере

Наурыз тойы- салтанат,

Наурыз тойы-мархабат.

Әр жүректен ә тарап,

Шаттанады шартарап.


Нурдаулет

Наурыз келді алақай,

Кел билейік, балақай.

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық.


Мирас

Наурыз келді-жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге енді.

Наурыз келді, нұр келді,

Түгел аймақ түрленді.

Бақшадағы апайлар,

Тойға әзір боп келді.


Мансұр

Құстар ұшып келеді,

Наурыз келді алақай.

Күн нұрындай төгілді,

Көк кілемге жамылып.

Ағаштар да гүлденіп,

Шашу шашты егінге,

Шаттанамыз қуанып,

Наурыз тойы болғанда.






Жанерке

Біз бақытты баламыз,

Бақыт тілеп баршаға.

Ақ тілекті дос-жаран,

Құтты болсын –Наурыз.








Жүргізуші:

Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады.
Әже: (қолында тостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын!
- Балалар «наурыз көже» туралы білесіңдер?

Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді

Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы

Әже:

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. -Қане, қандай тағам түрлері? (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!
- отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.







Жүргізуші:

«Наурыз көже» әнін қабыл алыңыздар.
Жүр: Дәміңізге рақмет! Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.

Әже:

Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?
- Мен бар, мен бар –деп біреу шығады.
Тұсау кесуші:

Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Ер жетті деп айтайын



Шашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!

Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!
Әже шашу шашады, бата береді. Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин!


Әже:

Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады
Осы кезде сүйінші деп екі бала жүгіріп келеді:
1 бала: (қуанып) Әже, сүйінші ақ сиыр бұзаулады. Аппақ, әдемі бұзауы бар.
Әжесі: (масаттанып) Төлің көбейсін, пейілің кеңейсін!
2 бала: (Дауыстап) Апа, біздің қара қой егіз қозы туды. Бұп-бұйра. Осында алып келейін деп едім, енесі жылайтын болды. Сосын әкелмедім.
Жүр: ( көпшілікке қарап) Міне, көрдіңіздер ме, құтты қонақ келсе қой егіз табады дейді. Қуаныштарыңыз құтты болсын.
- Көктем мезгілінде жер қарайып, күн жылынды, жайлаудағы ата әжелеріңе барғанда алдарыңнан шығатын қошақандарыңды сағынған боларсыңдар, ендеше, бәріміз «Қошақан» әнін орындайық.
Әже қоштасып шығып кетеді.






Жүргізуші:

Аңызбен, ертегімен бізге жеткен құрметті қонақты қарсы алайық.
(Ер Төстік атпен шауып келеді)
Ассалаумағалейкум ! Бұл жерде қандай жиын болып жатыр, менің кішкентай батырларым! Сендер, қай балабақшадан боласыңдар?
Жүр: Қош келіпсің! Ер Төстік батыр! Бұл жерде наурыз тойы өтіп жатыр. Батырлар мен сұлулар өз өнерлерін ортаға салып жатыр.

Ер Төстік:

Менде құр қол келгем жоқпын. «Кім жылдам» деген ойын ала келдім.
Ойын шарты: бір сұлу қыз орындыққа шығып, екі қолына орамал ұстап биікке көтереді. Батырлар шауып келіп атпен, сұлулардың қолындағы орамалды алады. Кім бірінші орамалға жетіп, орнына оралады, сол жеңімпаз атанады.

Ер Төстік:

Жарайсыңдар, батырларым! Маған ұнадыңдар! Рақмет сендерге! –
- Келесі ойнайтын ойынымыз: «Кім мерген» («Жамбы ату»)
- Қазақтың батырлары ат үстінде шауып келе жатып, құралайды көзге атқан, мерген болған. Мен сендерге атымды бере тұрайын, сынап көрейік.




Ойынның шарты түсіндіріледі. Егер де, дәл тигізе алмаса, сол балаға қоятын мына дорбамда сұрағым бар.
1сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
2 сұрақ: Ұлттық киімдерді ата?
3 сұрақ: Жылқының сүті қалай аталады?
4 сұрақ: Түйенің сүті қалай аталады?
- Рақмет балалар! Көп нәрсе біледі екенсіңдер.


Жүргізуші: Ер Төстік батыр, балаларға бата беріңіз.
Ертөстік:

Берсем берейін батамды, ал тыңдаңдар, балалар!
Бата десең бастайын
Уа, халқым қол жайғын
Айналайын дарын болыңдар!
Сөнбейтұғын жалын болыңдар!
Балабақшаның нұры болыңдар! –менің жолға аттанатын уақытым келді. Сау болыңдар! – деп бір айналып шауып өтеді.

Жүргізуші: Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі