Материалдар / Наурыз той думан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Наурыз той думан

Материал туралы қысқаша түсінік
22 Наурызға арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2024
94
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Наурыз той думан

Сабақтың мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау,қабылдау,

Зейін қабілеттерін дамыту. Граматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге ,мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, шарлар, дөңгелек үстел, бесік, домбыра.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі,

- Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз той думан» атты ашық сабағымызды бастайық.

-Балалар, міне Наурыз да келді.22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!

Мал біткенің бал татыған уызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

-Ал, балалар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып,

Наурыз мейрамы мен құттықтайық.

Наурыз -Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке,молшылық әкелсін!

2. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурыз күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау»-жаңа, «рыз»- күн деген сөздерден алынып жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Халқымыз наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойындар ұйымдастырады.

-Құрметті балалар! Наурыз құтты болсын!

(шашу шашады, музыка қосу.)

-Наурыз- бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы,

Ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған,

сезімге гүл сыйлаған халықтың қастерлейтін күні.

-Ал, енді біздің балалардың бүгінгі мейрамға деген өлең шумақтарын тыңдасақ.

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Мұғалім: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып , бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын,қызғалтақ.

Оқушы: Түрлі түсті әибат,

Гүлдер шықты жайнап.

Қызығып ылғи барамын

Қырға шықты ойнап.

Оқушы: Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен

Көңіл гүлдей жайнасын.

Мұғалім: Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жер көкке боялады. Көктем - өте көңілді мезгіл.

Сергіту сәтті: “Қара жорға” биі.

Мұғалім:

-Ал енді балалар! Сендерге жұмбақ жасырам табыңдар: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды. қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)

Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

Ұлттық салт -дәстүрмен танысайық, Қазақ халқы тойшыл халық. Соның бірі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың айтып, түрлі ырымдар айтып, ән айтып ойындар ойнайды. Бала он екі ай шамасында «Тұсаукесер» тойы өткізіледі. Ұлттық ойындар: Арқан тартыс, асық ату тағыда басқа ойындар.

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойындар ойнап көңіл көтерген. Соның ішінде: «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Асық ату» тағыда басқа ойындар.

-Ал балалар, ендеше «Арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.

Қортындылау: Қазақтың халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі -бата тілек білдіру. Сөз арқалы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді»- деп кейінгі ұрпағына ықлас білдіріп, ақ ниетін бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Ендеше үлкендердің батасын алайық. Үлкендерді әр қашанда сыйлап жүрейік. Осымен сабағымыз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!