Материалдар / «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Наурыз –Ұлыстың ұлы күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Наурыз –Ұлыстың ұлы күні»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
130
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 7

Мұғалімнің аты – жөні : Нұргазина Ж

Күні: 15.03.2024

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Наурыз –Ұлыстың ұлы күні»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Құндылықтарды дарыту

Қазақ халқының жаңа жылы туралы түсінік бере отырып, салт-дәстүрді құрметтуді үйрету

Жоспар

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұымдастыру кезеңі

( мин)

Оқуышыдармен амандасу.

Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

  • Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.


Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды !

Мал біткеннің бал татыған уызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.


Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Оқушылар 22 Наурыз туралы түсініктерімен бөліседі

Видео

Сабақтың басы

(мин)















Сабақтың ортасы











«Білім көпірі» әдісі арқылы оқушылардың өз түсініктерін анықтау.

Shape1

ІІ. Әңгімелесу

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген

ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.


Біздің сыныбымыздың оқушыларының бізге арнаған өлеңдері бар екен, бәріміз назарымызды аударып тыңдайық.


Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, постер арқылы тапсырма береді.

1топ -

2топ -

3топ -


ІІІ. «Сен білесің бе?» Наурыз мейрамына байланысты сұрақтар


1.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)


2.Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)

3.Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.


4.Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).


5.«Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)


6.« Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).

Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.


7.Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты.


8.Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің көзі болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.


9.Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жібереді.


10. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

11. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің? - Ақ мол болсын,ұлыс оң болсын,қайда барсаң жол болсын.

12. Көрімдік дегеніміз не? - Көрімдік– қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі. Нәрестелі болғанда, келін түскенде құтты болсын айтып, ұсынады.


VІ. Ой-қозғау

Ал енді осы сабаққа байланысты мен сіздерге жұмбақ жасырайын.


Ана ауылдың бурасы,

Мына ауылдың бурасы

Желкілдейді шудасы.

(түтін)


Боп-боп борпылдақ,

Борпылдақта қызыл тақ.

Қызыл тақта үш бұтақ.

Үш бұтақта қара тақ.

Қара тақта жайдақ тақ,

Жайдақ тақта бес тармақ.

(қақпақты ұстаған адамның бес саусағы)


Жер астында жездемнін қамшысы жатыр

(жылан)


Қаз қанатын жайды,

Үйрек мойнын созды,

Төбесіне аққу қонды.

(киіз үй, кереге, уық, шаңырақ)


Талға таяқ сүйедім

(шашбау)


Жабық астында жарты күлше

(ай)


Екеуі елеңдесіп келеді,

Төртеуі төбелесіп келеді.

(аттың екі құлағы мен төрт аяғы)


VІІ. Қорытындылау

Оқушылардың жұмыстарын қарап салыстырмалы түрде бағалау.

Криптограмма


(Қазақ алфавитінің 42 әріпінен сөйлем құрау)


27 16 37 24

20 19

3 20 16 24 37 18


1 15

17 20 16

3 20 16 24 37 18


15 1 13 7 1

3 1 23 24 1 15

10 20 16

3 20 16 24 37 18


27 16 37 24

1 15 25 37

3 20 16 24 37 18


Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс ақты болсын!

«Білім көпірі» әдісі арқылы білімдерін бекіту



Оқушылар Білім көпірін толтырады










Оқушылар жалпы ақпаратпен танысады










Оқушылар өлеңдерін айтады







Оқушылар топқа бөлінеді





Оқушылар сұрақтарға жауап береді




















































Оқушылар жұмбақтарға жауап береді






























Оқушылар сандар мен әліппенің көмегімен мақал шығарады











Оқушылар білім көпірін аяқтайды





Көрнекілік











https://youtu.be/eFXaKRN0QD4?si=fE3o4w7jlHjpKBzz

Слайдтар


Сұрақтар











көрнекілік














Сұрақтар





















































Жұмбақтар











































Әліппе
















Қима қағаздар



Сабақтың соңы

«Автограф» ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет)
Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.

Сабақтың соңы: Кері байланыс

Оқушылар тапсырманы толық орындайды

Қима қағаздар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!