Наурызнама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурызнама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта тойлануда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлыстың Ұлы күні жаңа форматта тойлануда

 Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде.

Мұқағали Мақатаев

Наурыз-Ұлыстың Ұлы күні. Түбі бір түркі халықтарына ортақ, күн мен түннің теңеліп, табиғаттың да түр-тіні түрленер бұл мерекенің біздің еліміз үшін де маңызы зор әрі ерекше. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Дана халқымыз Наурыз мейрамын «Жылдың басы» , «Ақ түйенің қарны жарылатын күн» , «Күн мен түннің теңелетін күні» деп , айтулы мерекеге ерекше , ізгі ниетпен дайындалады. Ақ түйенің қарны жарылатын күннің ең басты тақ түйенің қарны жарылатын күннің ең басты тағамы наурызкөже.  Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленеді. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты 7 ингридиент қосылады.

Осы уақытқа дейін бұл мереке 3 күн тойланса , биылдан бастап 10 күн тойлануда. «2024 жылдан бастап Қазақстан бойынша Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланатын болады. Оның мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылды. Мұнымен қатар, Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағына жолданды»-деді ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев. Наурыздың басы 14 наурыз күні Амал мерекесімен басталды. Барлық адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып , «Бір жасыңмен» деп ізгі тілек айтып көрісті. 15 наурыз қайырымдылық күні деп бекітіліп , қаламыздағы оқу орындары мен мектептер және барлық қайырымдылықпен айналысқысы келетін жандар жағдай төмен отбасыларға , көмек керек жандарға өз қол ұштарын созды. 16 наурыз-Мәдениет пен салт-дәстүр күні болса , 17 наурыз-Шаңырақ күні деп аталды. Ал 18 наурыз-Ұлттық киім күні болып , ұлттық киімімізді дәріптеген болатынбыз. Сонымен қатар мектептерде 14 наурыздан бастап ұлттық киім киіп жүру міндеттелген болатын. Ал 19 наурыз Жаңару күні болып , 20-ыншы наурызда ұлттық ойындар ойналып ұлттық спорт күні деп бекітілген еді. 21-іңші наурыз Ынтымақ күні баршамызды бірлік пен ынтымаққа шақырды деп ойлаймын. 22 наурыз жыл басы. Барлық қалалардың басты алаңдарында этноауылдар ашылып, ұлттық мәдениеттің байлығын паш етеді. 23 наурыз Тазару күні. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.

Елімізде болып жатқан бұл бастама барлығымыздың көңілінен шықты деген ойдамын. Көңілімізден шығып қана қоймай баршамыз Наурыздың он күндігіне атсалысамыз деген ойдамын. Наурызды жаңа форматта өткізуге идея қосқан барша жанға жас ұрпаққа беріп жатқан үлгілері үшін алғыс білдіремін. Ата-бабаларымыз қасық қанын төгіп сақтап қалған жерді қорғап , мерекелеріміз бен дәстүрлерімізді дәріптеп , жаңғырту біздің қолымыздан келеді. Ең бастысы еліміз аман , жұртымыз тыныш болып , өзге елдермен тереземміз тең тұрып ілгерілей беруді тілеймін.

Бөлтірік Назым

№3 мектеп оқушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.03.2024
216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі