Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік сайысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтөбе облысының 90 жылдығына арналған
«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысы
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру. Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін арттыру.
Көрнекіліктер:
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, сәйкестендіру, ұяшықтар арқылы тапсырма орындау т.б
Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгінгі үйірме білім алушылары арасында өткелі отырған Ақтөбе облысының 90 жылдығына арналған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында. Солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен
оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы Атырау және Батыс Қазақстан облысымен, шығысында — Қостанай облысымен, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облысымен шектесіп жатыр. Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы болып табылатын облысымызға биыл 90 жыл толып отыр.
Өлең: «Құт мекенім» (авторлық өлең)
Оқитын: Ахметжанқызы Ақжан
Жүргізуші:
Ал, қанекей, келіндер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер – дей келе, сайысқа қатысушы топтарды қошеметпен ортаға шақырайық!
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – демекші, әділ қазылармен таныс болыңыздар: 1._________________________________________________________________ 2._________________________________________________________________ 3._________________________________________________________________
Жүргізуші: Ендеше сайысқа қатысушы топтарға сәт сапар!
Сайыс кезеңдерін бастамас бұрын қатысушыларымыз өздерін таныстырады. Яғни қысқаша атын айтады атының бас әріпіне байланысты.
Жүргізуші: Ендеше зияткерлік сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық!
1-кезең: «Бәйге» (жылдамдыққа жауап беру);
2-кезең: «Қашан, қандай тарихи күндер болды?» (Берілген суреттер мен атаулы жылдарды сәйкестендіру және қай жерде орналасқанын табу);
3-кезең: «Ғажайып он екі» (Ұяшықтарды таңдай отырып, облыс көлеміндегі аудандарға байланысты сұрақтарға жауап беру);
4-кезең: «Тарихқа шолу. Бұрын және бүгін» (берілген суреттер арқылы тапсырманы орындау). Барлық кезең бойынша дұрыс жауап 5 баллдық көрсеткішпен бағаланады.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Кезең шарты бойынша берілген сұрақтарға жылдам жауап беру басты мақсат болып табылады.
1-кезең: «Бәйге»
-
Ақтөбе қаласы қай жылы құрылды?(1869ж)
-
Ақтөбе қаласының әкімі кім?(Асхат Шахаров)
-
Ақтөбе облысының автомобиль коды (04)
-
Ақтөбе облысы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? (Солтүстік батысында)
-
Қобыланды батыр мемориалдық кешені қай ауданда орналасқан? (Қобда)
-
Орал тауының оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында. Осы тауды атаңыз (Мұғалжар)
-
Облысымыздағы жер көлемі бойынша үлкен ауданды ата (Байғанин)
-
Ақтөбе облысы шығысында қай облыспен шектеседі?(Қостанай)
-
Қаланың басты даңғылдарын ата (Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова, Сәңкібай батыр)
-
Орталық стадион кімнің атында?(Қобыланды батыр)
-
Қала қай жылы 140 жылдық мерейтойын тойлады?(2009ж)
-
Ақтөбе қаласының символы десе ең бірінші есімізге не түседі?(қызғалдақ)
-
Ақтөбені ағарғанмен жарылқайтын «Айс» сүт өнімдері зауыты қай ауданда өз жұмысын жүргізуде? (Мәртөк)
-
Қаламыздағы «Даңқ» обелискі, «Мәңгілік алау» қай даңғылдың бойында орналасқан? (Әлия Молдағұлова)
-
Ақтөбе облысы оңтүстігінде қай мемлекетпен шектеседі?(Өзбекстанның Қарақалпақстанымен)
-
Ақтөбе облысының аумағы қанша шақырымды құрайды? (300 629 шаршы шақырым)
-
Ақтөбе облысының әкімі кім? (Оңдасын Оразалин)
-
Ақтөбе облысының телефон коды (713 2)
-
Әйтеке би ескерткіші қаланың қай бөлігінде орналасқан? (ескі қала бөлігінде)
-
Облысымызда жер көлемі бойынша ең кішкентай ауданды ата (Қарғалы)
-
Ақтөбе облысы батысында қай облыстармен шектеседі?(Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан)
-
Ақтөбе облысындағы су қоймаларды ата (Қарғалы, Сазды, Ақтөбе)
-
Ақтөбе облысында неше аудан бар? (12)
-
Қаламыздағы «Нұрғасыр» мешіті қай даңғылдың бойында орналасқан? (Әбілқайыр хан)
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Ендеше сайсымыздың келесі кезеңіне өтейік.
2-кезең: «Қашан, қандай тарихи күндер болды?»
2008 2007
2005 1992
2018 XX ғасыр
Жүргізуші:
Аймағыңды араладым
атпенен,
Құшағыңнан қызық көрем, бақ көрем.
Қыздарың бар қызыл гүлдей құлпырған,
Ұлдарың бар асыл алмас ақ берен.
Ырғыз, Шалқар, Қарабұтақ қосылып,
Елек, Ойыл бір өлке боп жатқан ем.
Қосын тігіп Қостанайдан, Торғайдан
Алтынсарин білім отын жақты әрең.
Аманкелді, Әлібидің ізімен
Құба жоңда керуен көшін тартқан ем.
Өркендеген өндірістің қарқыны
Өлшенеді аймен, күнмен, аптамен,
Дастан болған Әлияның ерлігін
Әлі күнге айтып жүрмін жатқа мен.
Шығанақтың ақ тарысын ақтарып,
Қапшық-қапшық қамбаларға қаптап ем.
Сан ғасырдың куәгері бола
бер,
Менің нұрлы,
Менің сырлы Ақтөбем!-
дей келе сайысымыздың облыс аудандарына арналған «Ғажайып он екі» кезеңіне өтейік. Яғни аудан атауларымен берілген ұяшықтарды таңдай отырып, көрсетілген тапсырманы орындайсыздар. Және де бұл ұяшықтар арасында 10 балдық есептегі екі тосын сыйымыз бар. Ендеше, сәттілік!
3-кезең: «Ғажайып он екі»
1-ұяшық: Мұғалжар ауданы
-
Мұғалжар ауданының орталығын ата
-
Аудан аумағында орналасқан табиғи қорықты атаңыз
2-ұяшық:Шалқар ауданы
-
Шалқар ауданында орналасқан көл
-
Аудан орталығын ата
3-ұяшық:Алға ауданы
-
Ауданда орталығында орналасқан қай батырдың ескерткіші?
-
Аудан орталығын ата
4-ұяшық:Әйтеке би ауданы
-
Аудан орталығын атаңыз
-
Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан жерленген қорым қалай аталады?
5-ұяшық:Байғанин ауданы
-
Аудан орталығын ата
-
Аудан аумағында орналасқан үстірт қалай аталады?
6-ұяшық:Қобда ауданы
-
Аудан орталығын ата
-
Ауданда орналасқан Абат Байтақ кесенесі қай ғасырдағы сәулет өнері ескерткіші болып табылады?
7-ұяшық:Мәртөк ауданы
-
Аудан орталығын ата
-
Ауданда орналасқан сүт өнімдерін шығаратын зауыт қалай аталады?
8-ұяшық:Қарғалы ауданы
-
Аудан орталығын ата
-
Қазақстанның ең көрікті жерлерінің «топ 50» тізіміне енген нысан?
9-ұяшық:Ырғыз ауданы
-
Аудан аумағында орналасқан 1млн жылдық тарихы бар метеориттік кратер?
-
Аудан орталығын ата
10-ұяшық:Ойыл ауданы
-
Ауданда орналасқан аты әлемге тараған жәрмеңке қалай аталады?
-
Аудан орталығын ата
11-ұяшық:Темір ауданы
-
ТОСЫН СЫЙ
12-ұяшық:Хромтау ауданы
-
ТОСЫН СЫЙ
Жүргізуші:
Өткеніңмен тарихыңды
танымай,
Мүмкін емес алға басу адымдай.
Айнымастан ата салттан жан салып,
Ақ жолында алаулай біл жалындай-
дей келе ендігі кезек «Тарихқа шолу. Бұрын және бүгін» кезеңіне келді. Бұл кезең бойынша сіздерге берілетін тапсырма көрсетілген тарих дәптеріндегі суреттердің қазіргі атауларын айта отырып, мәлімет беру.
4-кезең: «Тарихқа шолу. Бұрын және бүгін»
1-cурет: Бұл қазіргі қай даңғылдардың қиылысы?
А ) Әбілқайыр хан мен Сәңкібай батыр даңғылдары;
В) Әлия Молдағұлова даңғылы мен Есет батыр көшелері;
С) Әбілқайыр хан мен Әлия Молдағұлова даңғылдары.
2-сурет: Бұл ғимараттың қазіргі атауы?
А ) Облыстық әкімшілік үйі;
В) «Локоматив» кинотеатры;
С) Қалалық әкімшілік үйі
3-сурет: Суретте көрсетілген ғимараттың қазіргі атауын атаңыз?
А) Қ.Жұбанов ат. университет;
В) Облыстық әкімшілік үйі;
С ) №2 орта мектеп
4-cурет: Суретте көрсетілген ғимарат қазіргі таңда қай шығармашылық мекемесі?
А) Т.Ахтанов ат.облыстық драма театр
В) Өнер орталығы
С) Ғ.Жұбанова ат.облыстық филармония
5-сурет: Суретте көрсетілген алаң?
А) Абай бульвары
В) Арбат алаңы
С) Ақтөбе темір жол вокзалы алаңы
6-сурет: Суретте көрсетілген қай спорттық алаң?
А) Мұз айдыны;
В) Қоныс спорт кешені;
С) Қобыланды батыр атындағы орталық стадион.
Жүргізуші: Жарайсыздар! Ендеше зияткерлік сайысымыздың кезеңдерін аяқтай келе, алған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазы алқаларын ортаға шақырамыз.
Марапаттау
Жүргізуші:
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып–дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Әрдайым туған өлкемізді аялап, оның асыл құндылықтарын сақтауды басты мақсатымыз деп білейік!