Оқыту әдістерінің негізгі дидактикалық жүйесі.
1) Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс.
Түсіндірмелі – иллюстративтік, ақпараттық рецептивтік (қабылдау) әдіс.
Оны сипаттайтын белгілер:
-
оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады.
-
мұғалім әртүрлі тәсілдермен осы білімдерді меңгеруді ұйымдастырады.
-
оқушылар білімді қабылдайды (рецепсия) және түсініп ұғады, оларды есінде сақтайды.
Бұл әдістегі мұғалімнің ролі ақпаратты және іс-әрекеттің әдістерін (мыс: есеп шығаруда) оқушылардың қабылдауын ұйымдастыруда. Егер оқушы оған берілген ақпаратты немесе іс- әрекетті жүзеге асыру жолдарын қабылдап, оны практикада қолдана білсе онда білім меңгерудің белгілі бір деңгейі туралы айтуға болады.
Мұғалім ақпаратты ауызша сөз (әңгімелеу, дәріс оқу, түсіндіру) арқылы, баспасөз(оқулық, анықтамалар, христоматия т.б.)арқылы, оқытудың көрнекі құралдары (демонстрация, кино-, видео-, диафильмдерді, сұлбалар және кестелер т.б.) арқылы, іс- әрекеттерді жүзеге асыру жолдары(зертханалық жұмыстарды орындату, есептер шығару, жауаптың жоспарын құру және т.б.) арқылы іске асырады.
Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс білім берудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Оның тиімділігін білім беретін әр түрлі оқу орындарының көп жылдық тәжірибесі дәлелдеді. Бұл әдіс оқытудың әр түрлі сатысында және барлық елдердің мектептерінде нақты орын алып, қолданылады. Оқытуда тек осы әдісті қолдану жеткіліксіз. Себебі бұл әдіс оқушылардың әзір ақпаратты түсініп, қабылдап, еске сақтауын ғана көздейді. Ал қазіргі оқытудың мақсатына сәйкес оқушылардың жан-жақты дамуын көздейтін, яғни жаңа білімге мұғалімнің басшылығымен өз бетімен жетуге тиісті әдістерді қолдану керек. Бұл әдісті көбіне мұғалімдер жаңа тақырыпты қарастырудың басында немесе жаңа оқу материалының бір фрагментін қарастарғанда жаңа білімді меңгеру үшін оқушыларда қажетті білім болмаған жағдайда қолданады.
Бұл әдісті қолданудағы мұғалімнің мақсаты әр түрлі жағдайларда білім қалыптасыруды неден бастауды (сөзбен түсіндіру, оқулықтан мәтінді оқыттыру немесе көрнекілікті қолдану арқылы беру т.б.) анықтау. Осы мақсатты шешу қарастырылатын материалдың сипатына, оқушылардың дайындық деңгейіне және т.б. байланысты.
Негізгі мектепте түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс басқа әдістермен бірігіп қолданылады. Бұл мектептегі оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері жаңа оқу материалын
34
қабылдап, меңгеруде олардың әртүрлі іс-әрекеттерін сабақта алмастырып отыруды қажет етеді. Ал жоғарғы сыныптарда түсіндірмелі – иллюстративтік әдісті оқу материалын дәріс түрінде беру көзделгенде бүкіл сабақ бойы қодануға болады. Соңғы жылдары оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты оқушылар өз беттерімен жаңа білімді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар оның құрылымы мен білімге жетудің әдістерін де меңгереді.
2) Репродуктивтік әдіс
Репродуктивтік әдіс оқушылардың алған білімдерін қайталап, оны үлгіге сәйкес таныс жағдаяттарда қолдану үшін қажетті біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда қолданылады.
Мұғалім берілген білімді және білікті жүзеге асыру жолда- рын оқушылар естерінде сақтау үшін тапсырмалар жүйесінің көмегімен олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мұғалім ауызша сөз бен баспасөзді, оқытудың көрнекілік әдістерін қолданады, ал оқушылар тапсырмаларды орындауда мұғалімнің көрсеткен сол әдістері мен құралдарын қолданады. Репродуктивтік әдіс оқушы- лар берілген білімді ауызша қайталап айтқанда, репродуктивтік әңгімелесуде, физикалық есептерді шығаруда көрінеді. Репродук- тивтік әдіс зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында да жүзеге асырылады. Репродуктивтік әдістің тиімді- лігін артыру мақсатында мұғалімдер мен әдіскерлер өзін-өзі тексеру мен кері байланысты жүзеге асыру үшін арнайы жатты- ғулар жүйесін, бағдарламалық материалдарды (дидактикалық ма- териалдарды) құрастырады. Бір типті тапсырмалар мен жатты- ғуларды үнемі пайдалану оқушылардың қызығушылығын төмен- детеді. Сондықтан репродуктивтік әдісті қолданудың шегін біліп, оқушылардың жеке бастарының мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Негізгі мектепте оқыту үдерісінде репродуктивтік әдіс түсін- дірмелі – иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Бір сабақтың барысында түсіндірмелі – иллюстративтік әдісті қолданып жаңа материалды түсіндіріп, репродуктивтік әдісті қолданып оны бекітіп, әрі қарай жаңа ақпаратты беруді жалғастыруға болады. Оқытуда осындай жолмен оқыту әдістерін алмастырып отыру сабақта оқушылардың белсенділігін артырып, олардың қарастырылып отырған материалға қызығушылығын туғызады.
Оқытудың екі әдісі де оқушылардың білімдерін, біліктілік- терін, дағдыларын дамытып, оларда салыстыру, анализ, синтез, қорытындылау және т.б. сияқты негізгі ой-қызметтерін қалыпта- сырады. Бірақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына көп әсері болмайды.
3) Проблемалық әдісті
Проблемалық әдісті қолдану барысында мұғалім білімді беруді
35
ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен қатар проблеманы шешу жолдарын көрсетіп, ақыл-ой қызметінің таным процесінің бір сатысынан екінші сатысына көшудің логикасымен оқушыларды таныстырады. Яғни, мұғалім проблеманы қойып, оны шешіп ғылыми танымның үлгісін көрсетсе, ал оқушылар бұл процестің логикасы мен нақтылығын бақылап, проблеманы шешудің кезеңдерін меңгереді. Орта мектептің физика курсында көптеген тақырыптарды проблемалық әдісті қолданып, білімді беруге болады. Мысалы: Оқушылар 11-сыныпта жарықтың табиғатын қарастырғанда Ньютонның корпускулалық теориясы мен Гюйгенстің толқын- дық теориясының қарама-қайшылығының нәтижесінде пайда бол- ған проблеманы шешудің негізінде жарықтың табиғатына деген кор- пускулалық - толқындық дуализм идеясының пайда болғанын көреді.
Сонымен оқу материалын проблемалық әдіспен беруде, әуелі проблема қойылып, ғалымдардың болжамдары мен ойша экспе- риментті талдау нәтижесінде қорытынды жасалынады. Мүмкін болса қорытындыны дәлелдейтін нақты эксперимент қойылады.
Проблемалық оқытудың құрылымы:
-
қарама-қайшылықты анықтап, оны қою;
-
болжам жасау;
-
проблеманы шешудің жоспарын құру;
-
проблеманы шешу;
-
болжамның дұрыстығын дәлелдеу;
-
проблеманың шешімінің ой қызметінің және іс- әрекеттің әрі қарай дамуындағы маңызын анықтау.
Оқу материалын проблемалық әдіспен беруде мұғалім ауызша сөзді, баспасөзді, демонстрациялық немесе фронтальді тәжірибелерді және басқа да қажетті оқытудың құралдары мен әдістерін қоданады. Оқыту үдерісінде қандай әдісті немесе құралды қолдану сол сабақтағы оқушылардың танымдылық іс- әрекетерін ұйымдастыру жолына байланысты. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар берілген оқу ақпаратын саналы түрде түсініп, есте сақтап қана қоймайды, сонымен қатар проблеманы шешудің логикасын көріп, сенімділігіне көз жеткізіп талдауға қатысады. Соның нәтижесінде оқушылар таным процесінің жүзеге асу жолдарымен танысады.
Негізінен, физикадан проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар.
-
Проблемалық баяндау-мұғалімнің проблеманы тұжырым-дап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін көрсету.
-
Проблемалық жағдаятты туғызып, оны оқушыларды қа-тыстырып бірге шешу.
-
Проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін
36
оқущы-лардың өздеріне ұсыну.
-
Проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушы-лардың өздеріне беру.
Оқытудың мұндай әдісінде оқушылар тек қатысушы емес, сонымен қатар бақылаушылар ролінде болып, танымдық қиыншылықты шешуге байланысты жақсы сабақ алады.
-
Эвристикалық (бөліктік – ізденушілік) әдіс
Эвристикалық (бөліктік – ізденушілік) әдіс – мұғалім білімнің бір бөлігін хабарлайды, енді бір бөлігін оқушылар қойылған сұраққа жауап беру арқылы өздігінен табады. Бұл әдісте мұғалім проблеманы шешудің кейбір қадамдарында оқушыларды қатыстыруды ұйымдастырады. Мұғалімнің ролі оқушылардың алдына проблема түрінде қойылатын тапсырманы жеке кезеңдерге бөліп, қай кезеңде олар өз беттерімен жұмыс жасайтындығын анықтау. Яғни, мұғалім қандай да болмасын әдіспен оқушылардың өз бетімен жүзеге асатын танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастырады. Бір жағдайда оқушылар пробле- маны көріп, екінші бір жағдайда дәлелдеудің жолын анықтап, үшінші бір жағдайда көрсетілген фактылардан немесе айтылған ақпараттардан қорытында шығарып, төртінші бір жағдайда болжам жасап, бесінші бір жағдайда жасалған болжамды немесе қорытындыны тексерудің жоспарын құруға үйренеді. Оқытудың эвристикалық әдісінің жүзеге асырылуының бір түрі-эвристика- лық әңгімелесу. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың алдына біртіндеп проблеманы қойып, оны шешу- дегі қарама-қайшылықты көрсетіп, әңгімелесудің кезеңдерін құрса, ал оқушылар әңгімелесудің әр кезеңіндегі проблеманы шешудің жолдарын өз беттерімен іздейді.
Негізгі мектепте де және жоғарғы сыныптарда да кез-келген сабақты эвристикалық әдіспен ұйымдастырып өткізуге болады.
Фотоэффект құбылысын оқығанда Герц пен Сталетовтың тәжірибелері қарастырылады. Фотоэффект құбылысын бақылау үшін электрлік доғаның сәулесімен жарықталынатын мырыш пластинасы орнатылған электометр қолданылады. Мұғалім әуелі пластинаны оң зарядпен, артынан теріс зарядпен зарядтайды. Тек теріс зарядпен зарядталған мырыш пластинасының разрядталыну себебін мұғалім оқушылардың өз бетімен анықтауын тапсырады. Бұл оқушылардың өз бетімен ізденулерінің бірінші кезеңі. Әрі қарай мұғалім жарық ағынының жолына шыныны қойып, мырыш пластинасының разрядталмайтындығын көрсетіп, оқушылардың алдына келесі проблеманы қойып, бақылаған құбылысты түсіндіруді сұрайды. Мырыш пластинасына түсетін жарықтың ағынын арттырып, мұғалім бақыланып отырған құбылыстың жарықтың интинсивтілігіне тәуелсіздігін көрсетеді. Зертеудің үшінші кезеңінде оқушылар өздері білетін жарықтың толқындық теориясына сүйеніп, бақылаған құбылысты түсіндіре алмайтын-
37
дығына көздері жетеді. Сөйтіп проблемалық жағдаят пайда болады. Яғни, бақылаған құбылыстың нәтижесінде алынған жаңа білім мен бұрынғы білімнің арасында қарама-қайшылық пайда болады. Пайда болған жағдаятты қолданып, мұғалім фотоэффект құбылысы мен оның заңдарын береді. Сонымен оқытудың эвристикалық әдісін қолданып, мұғалім жаңа оқу материалын түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларды ізденуге мәжбір етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптас- тырып, дамытуға әсер етеді.
Сонымен эвристикалық әдістің белгілері:
-
оқушыларға білім «дайын» күйінде берілмейді, олар оны дербес табу керек.
-
мұғалім оқушыларды әртүрлі құралдармен жаңа білімді іздеуге, меңгеруге жұмылдырады.
-
оқушылар мұғалімнің басқаруымен дербес ойлайды, пайда болатын танымдық міндеттерді шешеді, проблемалық жағдаят- тарды құрады және шешеді, талдайды, салыстырады, жалпы- лайды, қорытындылайды. Нәтижесінде оларда саналы берік білім қалыптастырады.
5)Зерттеушілік әдіс.
Зерттеушілік әдістің негізі мұғалімнің оқушылардың алдарында тұрған жаңа проблемалық тапсырмаларды шешудегі олардың зерттеу іс-әрекеттері мен шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады.
Бұл әдістің мақсаты-оқушылардың шығармашылық іс- әрекеттің тәжірибесін толық меңгеруі. Зерттеушілік әдістің көмегімен білім шығармашылық деңгейде меңгеріледі. Яғни, бұл әдіс оқушыларды проблемалық тапсырмаларды шешуде бар білімдерін қолдануға және проблеманы шешудің негізінде жаңа білімді меңгеруге үйретеді. Сонымен қатар бұл әдіс ғылыми таным әдістерін менгертеді.Зерттеушілік әдіс оқушылардың өз беттерімен шығармашылық деңгейде іс-әрекеттерін ұйымдас- тырып, қызығушылықтарын қалыптастырады. Зерттеушілік әдістегі тапсырмалар сипаты әр түрлі болуы мүмкін: сыныптық зертханалық жұмыстар және үйде орындайтын практикалық жұмыстар; аналитикалық проблеманы шешу; қысқа уақытта және белгілі бір мерзімде (апта, ай) орындалатын тапсырмалар; жеке және топпен орындалатын тапсырмалар т.б. Зертханалық жұмыс- тарды орындау нұсқауы оқулықтарда берілген. Берілген нұсқау бойынша зертханалық жұмыстарды орындату физика курсын оқытудың бастапқы кезеңінде ғана пайдалы және қажет. Нұсқау бойынша зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамымайды. Сондықтан қазіргі кезенде оқыту мақсатына байланысты көбінесе зерттеушілік мақсатты
38
көздейтін зертханалық жұмыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Мұғалім жұмыстың мақсатын айтады, ал оқушылар зерттеудің кезендерін(жұмыс жоспары), қажетті құрал-жабдық- тарды өздері анықтайды. Әсіресе осы әдісті физикалық практи- кумдарды орындауда қолданған тиімді.
Зерттеу процесінің кезендері:
-
фактылар мен құбылыстарды бақылау және зерделеу;
-
зерттеуге жататын түсініксіз құбылысты анықтап, проблеманы қою;
-
болжам жасау;
-
зерттеу жоспарын құру;
-
қарастырылатын құбылыстын басқа құбылыстармен байланысын анықтаудын жоспарын жүзеге асыру;
-
проблеманың шешімін тұжырымдау,түсіндіру;
-
шешуін тексеру;
-
алынған білімнің қолданылуының мүмкіндігі туралы практикалық қорытынды жасау.
Зерттеушілік әдістің бағыты ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық іс әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ету. Белгілері:
-
мұғалім оқушылармен бірге проблеманы қояды.
-
оқушыларға білім хабарланбайды, олар өздері проблеманы зерттеп, шешу арқылы білімге ие болады.
-
мұғалімнің іс-әрекеті проблемалық міндетті шешу барысында оперативті басқаруға сай келеді.
-
оқыту процесі жоғары қарқындылықпен сипатталады, үлкен қызығушылықпен жүреді, алынған білім тереңдігімен, беріктілігімен, іскерлігімен ерекшеленеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Негізгі дидактикалық жүйесі

шағым қалдыра аласыз