Материалдар / Негізгі экономикалық мәселелер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Негізгі экономикалық мәселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі экономикалық мәселелер. Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама. Нарықтық экономикаға өту жағдайы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
2454
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Арнайы пән оқытушысы Абдрахманова А.А.

«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс:

2

Топтар: 191


Сабақ

тың номері

1.2

Мамандықтарбіліктіліктіліктері:

1114000 – «Пісіру ісі»

Модульдің атауы

Модуль КМ 02 Газ жалынымен дәнекерлеу

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі экономикалық мәселелер. Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама. Нарықтық экономикаға өту жағдайы.

Күні:

«___»_________2020 ж.

Ұзақтығы:

1,5 сағат (90мин)

Өткізу орны:

«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК 304 каб.


Сабақтың мақсаты:

Экономиканың негізгі мәселелері қандай және оның шешімдерін,тиімді әдістерін меңгереді

Күтілетін нәтижелер:

Сабақтық соңында студенттер:

1.Білу.Экономиканың негізгі мәселелері қандай және оның шешімдерін,тиімді әдістерін біледі

2.Түсіну.Экономиканың негізгі міндеттерін түсінеді.

3.Қолдану. Қажетті мөлшердегі тауарлар мен қызметтерді шығарудың тиімді әдістерін анықтай алады.Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек?сұрақтарына жауап іздейді.

Сабақтың типі:

аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі , іздену әдісі, баяндау, ой қозғау стратегиясы.

Пән аралық байланыс:

Экономика негіздері,микрозкономика,макроэкономика

Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

Ноутбук, презентация, дәріс, конспект, таратпа тапсырмалар

Әдебиеттер (қосымша көздер)


«Экономика негіздері» Г.Жолдасова, «Нарықтық экономика негіздері» Ж.Т.Ходжаниязова, «Экономикажәне кәсіпкерлік негіздері» К.З.Хамитова

Оқытушының байланыс ақпараты:

Оқытушы: Абдрахманова А.А.

Тел:+77016165417

E-mail:asel-1979-kz

Сабақты жүргізу кезеңдері

Білу.Түсіну, қолдану

I. Ұйымдастыру кезеңі (5мин)

  1. Амандасу, түгендеу.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Бағалау, қорытындылау

II. Өткен тақырыпты қайталау. (15мин) Сұрақ- жауап арқылы жұмыс жүргізіледі. Оқушылардан экономика туралы түсініктері сұралады.

«Тірі сөйлем» ойыны .Тақтаға он бір оқушы шығады.Олардың әрқайсысы сөз жазылған карточкаларды алады (ғылым, экономика, қалай, зерттейтін,адамдардың , ресурстарды, бөлетінін, үшін, өз, қажеттіліктерін, қанағаттандыру) Бірлесе ақылдасып болғаннан кейін балалар: «Экономика –өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым» деген сөйлем шығатындай етіп карточкаларын ұстап қатар-қатар тұрады. 


III. Жаңа тақырыпты баяндау(40 мин)

Слайд көрсету, жаздыру, қайталату.

Негізгі экономикалық проблемалар адамның, жалпы адамзаттың сан қырлы мәселелерін қамтиды.Ресурстардың шектеулігі мәселесі қай уақытта болсын қасымыздан табылады, сондықтан, экономиканың негізгі міндеті, проблемасы - қажетті мөлшердегі тауарлар мен қызметтерді шығару үшін өндіріс факторларын қолдануға мүмкіндік беретін ресурстарды орналастырудың біршама тиімді әдістерін анықтау.Бұл проблемаларды шешу үшін қоғам негізгі 3 сұраққа жауап табуы керек:

  • Не өндіру қажет, яғни, қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі керек, қандай мөлшерде

  • Бұл тауар мен қызметтер қалай өндіріліуі керек

  • Бұл тауар мен қызметтерді кім алады және пайдаланады.


1.Не өндіру қажет, яғни, қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі керек, қандай мөлшерде?- жеке адамдар және қоғам өнімдерді түрлі әдістермен ала алады.Өздері өндірі арқылы,бір нәрсеге айырбастау арқылы, сыйлық түрінде.Ресурстардың шектеулігі қоғамнаың қандай тауар өндіру керек, қайсысын кейінге қалдыру керек,неден бас тарту керектігін шешуге мәжбүрлейді.


2.Бұл тауарлар мен қызметтер қалай өндірілуі тиіс?-үй салу немесе мектеп салу,жер бөлігін қолданудың неше түрлі жобалары бар.т.с.с.

3.Елдегі өндірістік тауарлар мен қызметтерді кім қолданады- қанша өнім өндірілсе де бір адамның қажеттілігіне жеткізу мүмкін емес, сондықтан,өндірістік тауарларды тарату әдісін табу керек.т.б.

Негізгі сұрақтарға жауап беру әдісі экономикалық жүйе бойынша табылады.



IV. Жаңа тақырыпты бекіту. (20 мин)


1- тапсырма.Тест тапсырмалары

1. Нарық дегеніміз не

А) Экономикалық қатынастардың жүйесі;

Б) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық – экономикалық қатынастар жүйесі;

В) сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі;

Г) сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар айырбасының саласы;

Д) тауарды өткізуге байланысты айырбас саласында қалыптасқан экономикалық қатынастардың жиынтығы.


2.Нарықтық экономиканың артықшылығы
А) өндірушімен тұтынушының еркіндігі;
В) экономиканы әлеуметтік реттеудің жоқтығы;
С) мемлекет тарапынан қатаң бақылаудың болуы;
D) экономиканың тұйықтығы;
Е) дұрыс жауабы жоқ;

3.Нарықтық экономиканың экономикалық принциптеріне келесілердің қайсысы жатпайды
А) еркін баға қалыптастыру;
В) меншік иесі болу құқығы;
С) бәсеке;
D) экономикалық кәсіпкерліктің еркіндігі;
Е) әлеуметтік қорғау жүйесі;

4.Нарықтық қатынастардың негізгі қатысушылары болып табылатындар
А) үй шаруашылығы және фирмалар;
В) үй шаруашылығы және мемлекеттік кәсіпорындар;
С) үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет;
D) мемлекет және шетелдер;
Е) жеке кәсіпкерлер;

5.Нарықтық экономика бұл
А) хаос пен анархия жүйесі;
В) баға жүйесі арқылы әрекет ететін, үйлестірудің күрделі механизмі;
С) әлеуметтік реттеусіз және кепілсіз «жабайы» экономика;
D) мемлекеттің реттеуі;
Е) ғылымитехникалық прогресс;

V. Үй тапсырмасы. (5 минут )19-23 беттер оқу. Сұрақтарға жауап беру,негізгі проблемалардың шешімін іздеу

VІ. Сабақты қорытындылау. (5 мин)

Кері байланыс. (ауызша немесе жазбаша сабақты кім қалай түсінді сұрау)

Формативті бағалау

1.Не жақсы өтті?

2.Не жақсы өтпеді?

3.Өзіңіздің қандай күшті жақтарыңызға арқа сүйендіңіз?

4.Нені өзгерткіңіз келеді?

5.Саған не ерекше қиын болды?

6. Саған ең пайдалысы не болды?

оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!