400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Нейрондардың құрылысы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Нейрондардың құрылысы мен қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

«Координация және реттелу.»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

06.02

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері § 36 Нейрондардың құрылысы мен қызметі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.2 – жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;

7.1.7.3 – жүйке жасушасының компоненттерін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атайды және жүйке жасушасының компоненттерін анықтайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Үй тапсырмасы: «Пазл» әдісі. Жүйке жүйесін құрастырыңыз.

Рисунок 29362 Рисунок 29363

Оқушылар ұстазымен амандасады. Жүйке жүйесін құрастырады.

ҚБ мадақтау


Үлестірмелі материал



Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу


«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.

Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




ҚБ мадақтау

презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну





Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.


Мұғалімнің сабақты түсіндіруі.

Нейронның құрылысы

Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары- нейрон құрайды. Нейрон - денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі – аксон. Ол ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді.

Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері – дендриттер деп аталады. олардың сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді.

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:

Сезгіш – сенсорлы нейрондар (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);

Қозғалтқыш, жауап қайтарушы – мотонейрондар. Олар қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.

Байланыстырғыш – интернейрондар - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды.



презентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану




Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.


Тапсырма

1. Жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігін анықтаңыз.

A аксон

B дендрит

C нейрон

D нейроглия

2. Жүйке жүйесінің қызметін көрсетіңіз.

A бөліп шығару

B жиырылу

C қозу

D қоректену

3. (а) Жүйке жасушасының құрылымдарын атаңыз.

Дескриптор:


- жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігін анықтайды – 1 балл;

- жүйке жүйесінің қызметін атайды – 1 балл;

- нейронның құрылымдық компоненттерін анықтайды – 1 балл;

- жүйке жасушасының құрылысын атқаратын қызметімен байланыстырады – 1 балл;


ҚБ мадақтау

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау






Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.


Биологиялық диктант

1.Жүйке ұлпасының негізін ......... құрайды, оны ...... деп атайды.

2.Жүйке жүйесіне ...., ....... және ........ жатады.

3. Жүйке жүйесі ...... мен ......... байланысын қамтамасыз етеді.

4.Нейрон ..... мен ......... тұрады.


тірек сөздер: нейрон,жұлын,ми,жүйке жасушалары, жүйкелер,өсінділер, ағза,дене,сыртқы орта

Дескриптор:


-бос орындарға тиісті сөздерді жазады – 3 балл;

ҚБ мадақтау

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


Дұрыс жауабын белгілеңіз:


1.Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі

А) адам ағзасындағы мүшелерінің қызметін бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.

В) қорғаныш қызметін атқарады

С) сыртқы, ішкі ортамен байланысын жою

2. Нейронның ұзын өсінділерінің атауы

А) аксон В) дендрит С) нейроглия

3. Ақ затты түзеді

А) қысқа өсінділер В) ұзын өсінділер С) нейрон денелері мен қысқа өсінділер

4. Жүйке жүйесі неден басталады?

А. Ми Б.Жұлын С. Ұлпа

5. Ми ненің көмегімен қоршалған нәзік мүше?

А. Кеуде. В.Арқа С. Бас сүйек

6. Жүйке жүйесінің жасушасы

А) нейрон В) без С) жұлын

Дескриптор:


-жүйке жүйесіне тән құрылымдарды анықтайды – 2 балл;



ҚБ мадақтау

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері




«Сұрақ-жауап» әдісі

Дескриптор:

Берілген сұрақтарға жауап береді – 1 балл.

ҚБ мадақтау


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
945
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі