Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Неліктен Батыс Рим империясы құлады
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҰМЖ тарауы: 1А Рим империясының құлауы |
Мектеп: ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Қ.Билялов атындағы гимназия» КММ |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мухтарбеков Нурлыбек Адилбекулы |
|||
Сынып: 7 |
Қатысқандар - |
|||
Қатыспағандар - |
||||
Сабақ: Дүние жүзі тарихы |
Тақырыбы: Неліктен Батыс Рим империясы құлады (1 сағат) |
|||
Осы сабаққа негізделген оқу мақсаттары: |
6.3.1.1 Ерте, орта кейінгі орта ғасырлар хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу 6.3.2.1 Рим империясын ыдырау себептерін анықтау және жіктеу |
|||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлардың хронологиялық уақытын анықтайды, уақыт сызығында көрсетеді |
|||
Оқушылардың басым бөлігі: Рим империясының кем дегенде 3 ыдырау себебін дәптерлеріне жазып талдайды |
||||
Кейбір оқушылар: Факторлардың өзара қалай байланысты екенін көрсете отырып, олар маңызды деп санайтын факторлардың сипаттамасын қысқаша таныстырылым жасап, ұсынады. |
||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну; қолдану |
|||
Бағалау критерийлері: |
|
|||
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: |
|||
Рим империясы құлауының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді себептерін, сонымен қатар осы үрдісте ішкі және сыртқы факторлардың рөлін зерттейді |
||||
Пәндік лексика және терминдер «Герман тайпалары» «Рим империясы» «Византия империясы» ғұндар, түркілер, «Ұлы қоныс аудару», дипломатия, Юстиниан заңы, орта ғасыр, Каталун. |
||||
Талқылауға арналған тармақтар Неліктен Рим империясы екіге бөлінді және олар қалай аталды? Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер - Жүйелік органайзер бойынша уақыт шәкілінде ерте, орта, кейінгі орта ғасырлардын хронологиялық шегін, болған оқиғаларды айтып талқылайды. - Рим империясының орналасқан жерін көрсетіп, контур картаға түсіреді. - Рим империясын ыдырау әкелген себептерін ирархиялық органайзерде пирамидалық құрылымда көрсету арқылы,шағын топта талқылау, басқа топтарға түсіндірту арқылы оқушылардың жазылым дағдысын дамыту. |
||||
Жазылым:карточкадағы сұрақтарға жауап жазу. Ерте орта ғасырлар, дамыған орта ғасырлар, кейінгі орта ғасырлар ерекшеліктерін кестеге түсіреді. Рим империясының әлсіреуіне себеп болған жағдайларды анықтайды. Герман тайпалыры, ғұндар даму деңгейіне қандай сипаттама берер едіңдер? Бұл тайпалар «варвар» болды деген пікір дұрыс деп ойлайсындар ма? Ойларыңды тұжыымдап жазыңдар. |
||||
Құндылықтарға баулу |
Басқа елдердің тарихына құрметпен қарауға, мемлекет тәуелсіздігі қашанда ең бірінші құндылық екеніне баулу «Мәңгілік ел» идеясының «Қазақстан тәуелсіздігі мен Астана» құндылығымен байланыстыру. |
|||
Пәнаралық байланыс |
География, Қазақстан тарихы. Осы пәндердегі алған білімдерімен пәнаралық байланыс жасаймын. |
|||
Алдыңғы білім |
5.3.1.1 Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды. Рим империясы, ғұндар тақырыбы бойынша білімдері бар. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
Басы 3 минут 10 минут |
Ұйымдастыру шаралары: (сәлемдесу) «Наполеон әдісі» арқылы көңіл күйлерін білу. Нұсқаулық: Қатысушылар шеңберде тұрып, мұғалім шапалақтағанда 3 түрде қолдарын қоюға болады: 1.Қолдары кеудеде қайшы түрінде. 2.Жұдырықтарын түйіп.3. Қолын созып жайып. Қолын кеудесіне қойғандар шаршап тұрмын. Жұдырығын түйіп тұрғандар кейін жасаймын. Қолын созып тұрған мен дайынмын дегені. «Молекула, атом» әдісі бойынша топқа бөлу. -Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады. -БББ кестесін толтыру- әр топ ежелгі дүние тарихын оқығаннан не есте қалғаны туралы жазу сұралады (соғыстар, мәдениет, оқиғалар және т.б.).Ұжымдық талқылау жүргізіледі. |
Интербелсенді тақта, |
||
Ортасы 10 минут |
Топтық жұмыс, жеке жұмыс -Оқушыларға осы оқу жылында орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихының қандай тақырыптарды қамтитынын презентация арқылы (суреттер) Кроссенс әдісі арқылы хабарлау; Жүйелік органайзер. Уақыт шәкілдері хронологиялық реттегі оқиғаларды жазып көрсетеді. -Уақыт сызығын көрсетіп, оқушылармен оның құрылымын талқылап, оқушылар толтырады. |
АКТ, оқулық, кесте, плакат, маркер, қарындаш тар |
||
5 минут |
Зерттеу сұрағы:
Зерттеу және талдау Б/Т Рим империясының ыдырауының 3 себебін анықтау тапсырылады. Оқушылардың мақсаты: Түрік қағанаты құрылуының маңыздылығын анықтап, Шығыс Түрік қағанатындағы саяси оқиғалармен байланысын талдау. Т Топтарға сұрақтар жазылған карточкаларды таратыңыз. Бірдей тапсырма алған екі топ мүшелері бір- бірімен жауаптарымен алмасып, танысады. Өзге топтан алған қосымша мәліметтермен өз жазбаларына толықтырулар енгізеді. Бірдей тапсырмасы бар төрт топтың екеуі бірігіп, жазбаларын қорғайды. Интерпретация Ж «Орхон және Күлтегін жазбалары» негізінде Білге қаған мен Күлтегіннің ел басқару саясатының ерекшеліктерін ПТМС формуласы арқылы қорытындылаймыз ПТМС-формула *Позиция_____________деп санаймыз. *Түсіндіру (себебі....) *Мысал (біз мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламыз... ) *Салдар немесе нәтиже (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймыз..) Топтық жұмыс: «Ретімен орналастыру» әдісі арқылы терминдермен жұмыс: Мұғалім оқушыларға тақырыпқа сай терминдер мен оның анықтамаларын араластырып, төрт топқа бөліп береді. Оқушылар оларды оқып, ретімен орналастырады. Бірінші болған топқа ынталандыру үшін смайлик беріледі. Топтар жұмыстарын бітіргесін дайын жауаппен тексеріп, өздерін бағалайды. |
|
||
5 минут |
Сәйкестендіру тесті. Оқушыларға А4 форматындағы қағаздар таратылады. Оқушылар оны 9 бөлікке бүктейді. Әр топта оқушылар жеке парақшаның төрт бөлігіне төрт сұрақ құрастырады. Екінші оқушы оған жауап береді. Үшінші оқушы оны сәйкестендіреді. |
|
||
Сабақтың соңы 5 минут |
1.Мәтіндегі деректерді пайдалана отырып әр кезеңге тән белгілерін атап өтіңіз және ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңберін уақыт сызығында көрсетіңіз. 2.Төменде берілгендер бойынша және 6 сыныптағы білімді еске түсіру арқылы Батыс Рим империясының ыдырауын саяси, әскери, әлеуметтік-экономикалық себептеріне байланысты бөліп кестеге орналастырыңыз. 3. Көрсетілген себептердің ішінен қайсысы Рим империясы құлауының басты және қосалқы себептері екенін анықтаңыз |
Қалыптастырушы бағалау парағы |
||
|
"Шеринг" әдісі бойынша Оқушылар шеңберде отырып, (тақтадан) сөйлемнің басын оқып, ойды жалғастырады. Ұсынылатын сөйлемдер: Бүгін мен білдім… …қызықты болды …қиын болды …тапсырмаларды орындадым …екенін түсіндім …қазір жасай аламын …екенін сездім …алдым …үйрендім … менің қолымнан келеді …жасай алдым … мен жасап көремін …мені таң қалдырды Сабақтан өмірде қолдануға болатын… үйрендім …қызығушылығымды арттырды Үй тапсырмасы: 1 топ: Неліктен Батыс Рим империясы құлады тақырыбына 5 сұрақ дайындап келу. 2 топ: Батыс Рим империясының құлауына алып келген 5 себепті жазып келу. 3 топ: Батыс Рим империясының шекарасын контур картаға түсіріп келу.
|
Флипчарт, стикер |
||
Қосымша ақпарат: Интернет, АКТ |
||||
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||
«Тапсырма» саралау тәсілі бойынша білім деңгейі әр түрлі оқушыларға арналған тапсырмалар беремін. «Диалог және қолдау» саралау тәсілін қолданамын. Қабілетті оқушыларға картамен жұмыс жасауды ұсынамын. Сабақта сурет,кесін картасы сияқты көрнекіліктер арқылы визуал балалардың м қанағаттандырып көмек қажет етеін оқушыларға біршама уақыт беремін. Сабаққа сыныптағы түгел оқушының қатысып отыруын қадағалаймын. Оқушыларды сабақ бойы ынталандырылып, әр атқарған жұмыстары үнемі бағаланып отырылады, оқушылардың қажетіліктеріне қарай түзетіп отырамын. |
«Екі жұлдыз,бір тілек», «мадақтау сэндвичі», «плюс, минус, қызықты», «смайликтер» қалыптастырушы бағалау парағы арқылы. |
Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Сабақ басында көңіл күйлерін «Наполеон әдісі» арқылы білу. «Молекула, атом» әдісі бойынша топқа бөлу.Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу. Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі. |
||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||
Жалпы бағалау |
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты) 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты) 1: 2: Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Бөлім Тақырып |
1A бөлімі - Рим империясының құлауы. Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады |
|
Оқу мақсаты |
6.3.1.1«ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну; қолдану |
|
Бағалау критерийі |
«Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін атайды; Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері мен кезеңдерін уақыт сызығында көрсетеді |
|
Тапсырма |
||
Мәтіндегі деректерді пайдалана отырып әр кезеңге тән белгілерін атап өтіңіз және ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңберін уақыт сызығында көрсетіңіз. «Орта ғасырлар» деген сөз тіркесі қайдан шыққан? Оның төл атауы - латынша: медиум - орта, аевум - ғасыр. Батыс Рим империясы құлағаннан бастап Қайта өркендеу дәуіріне дейінгі аралық орта ғасырлар деп аталады. Орта ғасырлар тарихы үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – ерте орта ғасырлар.Бұл кезде феодалдық өндіріс тәсілі қалыптасты. Ерте орта ғасырлар V ғасырдан басталады, ал кейбір Азия елдерінде II-XI ғасырларға дейінгі аралықты қамтиды. Екіншісі - дамыған орта ғасырлар. Бұл кезеңге XI гасырдың аяғынан XV ғасырға дейінгі аралық, ал кейбір Азия елдерінде XVI ғасыр қоса кіреді. Үшіншісі - кейінгі орта ғасырларфеодализмнің ыдырауымен және капиталистік өндіріс тәсілінің туа бастауымен сипатталады. Бұл кезең XVI ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін, ал Шығыс елдерінде XVIII-XIX ғасырларға дейінгі аралықты қамтиды |
||
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
|
«Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін атайды |
тарихтағы «орта ғасыр» сөз тіркесін түсінеді; орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері мен кезеңдерін атайды |
|
Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері мен кезеңдерін уақыт сызығында көрсетеді |
орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері мен кезеңдерін уақыт сызығына орналастырады |
Бөлім Тақырып |
1A бөлімі - Рим империясының құлауы. Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады. |
||||||
Оқу мақсаты |
6.3.2.1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу |
||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Талдау |
||||||
Бағалау критерийі |
Рим империясының ыдырау себептерін талдайды |
||||||
Тапсырма |
|||||||
Төменде берілгендер бойынша және 6 сыныптағы білімді еске түсіру арқылы Батыс Рим империясының ыдырауын саяси, әскери, әлеуметтік-экономикалық себептеріне байланысты бөліп кестеге орналастырыңыз
Көрсетілген себептердің ішінен қайсысы Рим империясы құлауының басты және қосалқы себептері екенін анықтаңыз |
|||||||
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
||||||
Рим империясының ыдырау себептерін талдайды |
Батыс Рим империясының құлаған жылын құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылымен байланыстырады; Батыс Рим империясының ыдырауын саяси, әскери, әлеуметтік-экономикалық себептеріне байланысты жіктейді; Рим империясының құлауының басты және қосалқы себептерін анықтайды |