Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Нео Биология"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ
9 сынып
(Апробация)
С ҰРАҚ-КІТАПШАСЫ
151 - НҰСҚА
Аты-жөні ______________________________________________________
Қала (Облыс) _____________________________________________________
Аудан ___________________________________________________________
Мектеп ________________________________Сынып ___________________
Оқушының қолы__________________________
2016
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
-
Сұрақ-кітапшасы ҚАЗАҚ ТІЛІ және БИОЛОГИЯ пәндерінің тест тапсырмаларынан тұрады.
-
Тест сынағына берілетін уақыт – 130 минут (2 сағат 10 минут).
-
Жауап беру кезінде кез келген пәннен бастауға болады.
-
Қазақ тілі пәнінен 1 мәтін, әр мәтінге 5 тест тапсырмасы беріледі. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.
-
Сұрақ-кітапшасында келесі тест тапсырмаларының түрлері кездеседі:
-
берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар;
-
берілген сегіз жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар.
-
Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.
-
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.
-
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ-кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
-
Тест аяқталған соң сұрақ-кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
Сынақ кезінде:
-
аудиториядан рұқсатсыз шығуға;
-
орын ауыстыруға;
-
сұрақ-кітапшасын ауыстыруға, көшіруге;
-
тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кілттерін табатын мәліметті пайдалануға;
-
ақпараттық мәліметтерді, электронды жазба кітапшаларын, ұялы телефондар, калькуляторды және т.б. байланыс құралдарын пайдалануға
қатаң тыйым салынады
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет». 1. «Тіл» сөзінің бастапқы тура мағынасы A) тілі шықты B) қазақ тілі C) тілі уылды D) ана тілі E) тіл алмады |
||||||
2. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз. A) Жұт. B) Қой. C) Үйрек. D) Сал. E) Тал. |
||||||
3. Жұп дауыссыздар дұрыс орналасқан қатар A) п-б, ш-щ, с-ц B) п-б, ш-ж, с-з C) п-в, ш-ж, с-з D) п-б, ш-ж, с-ш E) п-б, ш-с, с-ж |
||||||
4. Дауыстылар тілдің қатысына қарай қалай бөлінетінін көрсетіңіз. A) Жуан, жіңішке. B) Қатаң, ұяң. C) Ұяң, үнді. D) Еріндік, езулік. E) Ашық, қысаң. |
||||||
5. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз. A) Ала ғап. B) Боз жирен. C) Жанпейіс. D) Ішсе. E) Қас жау. |
||||||
6. Түбір сөзді табыңыз. A) Гүлдей. B) Сыйлас. C) Үюлі. D) Борыштар. E) Терең. |
||||||
7. Негізгі сын есімді тіркесті табыңыз. A) Жергілікті жер. B) Өнерлі бала. C) Сары бидай. D) Аспалы шам. E) Өткір пышақ. |
||||||
8. Етістіктің бұйрық райынан болған баяндауышты көрсетіңіз. A) Әке-шеше қамқорлығы шексіз. B) Сен де келесің бе? C) Біз сендермен біргеміз. D) Жастар – біздің болашағымыз. E) Жастарға жігер, күш берейік. |
||||||
9. Кестеде берілген термин сөздер сәйкес келетін қатар
A) әдебиет, тіл білімі, математика B) социология, тіл білімі, география C) музыка, әдебиет, химия D) тіл білімі, тарих, математика E) тарих, әдебиет, музыка |
||||||
10. Сөздердің айтылуындағы сәйкестік:
A) ішсе, көп пала, Көрікбай B) жассын, тоғ екен, Сәтпай C) ашса, ала ғап, Жанпейіс D) тайақ, кек алу, Жанқожа E) қошшы, қырың гету, Имамбек |
||||||
11. Туынды сөз жасап тұрған қосымшалы сөзді анықтаңыз. A) Кескіз. B) Кесті. C) Кеспе. D) Кеседі. E) Кестір. |
||||||
12. Күрделі зат есімді табыңыз. A) Шалғымен шөпті шаппа. B) Сырға – қыз әшекейі. C) Кітап – рухани досымыз. D) Көрпе жақсы жуылған. E) «Сарыжайлау» – жақсы ән. |
||||||
13. Көмектес септігіндегі бірыңғай толықтауышты табыңыз. Есеней содан бері өз ісімен, бедел-билігімен айналысатын болды. A) Есеней, билігімен. B) Айналысып жүре беретін. C) Билігімен, беделімен, содан бері. D) Есеней содан бері. E) Билігімен, өз ісімен, беделімен. |
||||||
14. Негізгі үстеуден болған мезгіл пысықтауышты табыңыз. A) Раушанмен оқта-текте сырласпайды, мұңдаспайды. B) Бүгін аурухананы қамап, жұмысшылар кетпей қойды. C) Азамат ерте оянды. D) Сәнжан жолшыбай бір ескі шелек тауып алыпты. E) Таңертеңнен бір сұлу қыз суға келеді. |
||||||
15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз. A) Қызыл, сөзге салынба, балақай!.. B) Қызыл сөзге салынба, балақай! C) Қызыл сөзге салынба, балақай... D) Қызыл – сөзге салынба, балақай. E) Қызыл сөзге салынба балақай. |
||||||
|
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Әлем елдері үйлену тойына не сыйлайды?
«Әр елдің салты басқа» дегендей, әр ұлттың неке қию салтанатында сый жасау үрдісі әрқилы.
Той жасау біраз шығынды талап еткендіктен, жапондықтар жас жұбайларға ақша салынған конверт сыйлайды. Алайда, сыйдың көлемі емес, оның қалай тартылғаны аса маңыздырақ. Сый берген қонаққа жас жұбайлар тұрмысқа қажетті бұйымдарды тартады. Бірнеше ақша қағаздарын жинақтап, қонақтар желпеуіш (веер) жасайды. Содан кейін желпеуішті алып, жас жұбайлардың үстін қағады. Осылайша, олар жаңа отбасына байлық пен береке самалын желдетеді.
Тәтті тоқаштары мен бәліштері арқылы кеңінен танымал Франция елі неке қию салтанатында миндаль кәмпиттері мен нан-тоқаштарын сыйға тартады. Бұл дәстүр XVI ғасырда бастау алған. Француздықтардың нанымы бойынша, әдемі қорапқа салынған тағамдар жас жұбайларға балдай тәтті өмір мен құт-береке әкеледі.
Қытай халқының ерекше құрметтейтін түсі – қызыл. Қызыл түс – ырыс пен бақтың нышаны. Сондықтан да, қытай халқы кез келген сыйды қызыл түсті қорап пен қағазға орайды. Әдетте, үйлену тойына олар байлық, бақыт, ұзақ ғұмыр, шаттық сияқты тәңірлердің мүсіндерін сыйлайды.
Малайзия елінде жас жұбайларға піскен жұмыртқа сыйлау дәстүрі бар. Наным бойынша, жұмыртқа жаңа шаңыраққа байлық пен бақ әкеледі. Сондай-ақ, үйлену тойы кезінде жас жұбайлар бір-бірлеріне гүлдермен безендірілген жеміс-жидектерге толы шара сыйлайды.
Грузия елінде үйлену тойына «чирагдани» деп аталатын ағаштан жасалған әшекей бұйымдарды сыйлайды. Бұл «байлық пен өмірдің ағашы» болып саналады. Чирагдани жас жұбайлар ғұмырлы, ұрпағы көп болсын деген ниетпен тартылады.
Вьетнам халқы жас жұбайларға қарбыз дәнін сыйға тартады. Бұл ұрпақ санының көбеюіне оң әсерін тигізеді деген сенім бар.
Папуастардың пайымдауынша, үйлену тойына шошқа, құс терілері мен теңіз ұлу қабыршақтарын сыйлау керек. Шошқа Жаңа Гвинея елінде киелі жануар болып саналады. Ал оның терісін сыйға алу үлкен мәртебе. Шошқа терісі байлық әкеліп, ұрпақ санының артуына оң ықпал етеді деген наным бар.
|
16. Жапон еліндегі жас жұбайларға берілетін сый A) әшекей B) ағаш C) тағам D) жануар E) ақша |
17. Жас жұбайларға ұсынылатын сыйлықтар ұғымына тән емес мақал A) Балалы үй базар, баласыз үй мазар. B) Ырыс алды–ынтымақ. C) Туған үйдің түтіні ыстық. D) Бас екеу болмай, мал екеу болмас. E) Үйлену оңай, үй болу қиын. |
18. Үйлену тойындағы ұрпақ санын арттыруға қатысы бар сыйлық A) ұлу B) ақша C) қарбыз D) мүсін E) ағаш |
19. Ырыс пен бақ нышанын негізге алатындар A) папуастар B) жапондықтар C) қытайлықтар D) грузиялықтар E) малайзиялықтар |
20. Сыйлықтың қорабына мән беретін елдің сыйлығы A) ағаш B) жұмыртқа C) ақша D) тағам E) мүсін ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
БИОЛОГИЯ
Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет». 1. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшелігі A) жеміс түзбейді B) шөптекті болады C) гүлдейді D) жемісінде тұқымы бар E) қосарлана ұрықтанады |
2. Тұқымы жемістің ішінде жетілген өсімдіктер A) Қылқанжапырақтылар B) Гүлді өсімдіктер C) Ашық тұқымды D) Плаундар E) Қырықбуындар |
3. Тұқымды кеуіп кетуден, шіруден, зақымданудан сақтайды A) Ұрық B) Тұқым жарнағы C) Қабығы D) Тұқым кіндігі E) Бүршікше |
4. Өсімдік ұлпаларының саны A) 4 B) 6 C) 5 D) 10 E) 2 |
5. Түрлер мен түршелердің пайда болу үдерісі A) Микроэволюция B) Ароморфоз C) Дивергенция D) Дегенерация E) Макроэволюция |
6. Жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру A) Іріктеу B) Көбейту C) Талдау D) Қосарлы атау E) Жіктеу |
7. Ұшында бір буда қылтандары бар денеден бұлтиып шыққан өсінді A) гамета B) таллом C) зигота D) параподия E) целом |
8. Жұлынның негізгі атқаратын қызметі A) қорғаныштық B) сүзгіштік C) рефлекстік, өткізгіштік D) тіректік E) қимыл қозғалыс |
9. Қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті сақтайтын ми бөлімі A) Ортаңғы ми B) Мишық C) Аралық ми D) Үлкен ми сынарлары E) Сопақша ми |
10. Нейронның ұзын өсіндісі A) Синапс B) Дендрит C) Нейроглия D) Аксон E) Қозу |
11. Ас қорыту жүйесіне жататын мүше A) өкпе B) асқазан C) бүйрек D) жүрек E) ми |
12. Қатты аяз күндері хайуанаттар саябағында құстар суға жиі-жиі сүңгіп шығады A) Жылыну үшін B) Қауіп-қатерден сақтану үшін C) Тыныс алу үшін D) Тітіркенуден E) Тамақтану үшін |
13. Антибиотикті ұзақ уақыт қабылдау микрофлораның қалыпты мөлшерінің бұзылуына әкеліп соқтыруының себебі A) Қанның мөлшері азаяды B) Қанның қорғау қызметі жойылады C) K дәрумені түзілмей қояды D) Қан тасымалдау қызметінен айырылады E) Зиянды бактериялар көбейіп кетеді |
14. Үйректұмсық пен ехидна мекендейтін жер A) Еуропа B) Азия C) Африка D) Оңтүстік Америка E) Австралия |
15. Майшабақтәріздестер отрядына жатады A) Латимерия B) Сардинка C) Акула D) Бекіре E) Манта |
16. Вена тамыры жарақаттанғанда қанның артерия қанына қарағанда баяу ағуы A) гемоглобиннің көп болуынан B) аорта қысымынан C) вена қысымның жоғары болуынан D) артерия қысымының төмен болуынан E) вена қысымының төмен болуынан |
17. Адамның қаны берілген қызметін тек біреуін атқарады A) Температураны реттеу B) Тыныс алу C) Қозуды жеткізу D) Ыдыратуды E) Ас қорыту |
18. Шеткі жүйке жүйесіне жатады A) Жүйкелер, жүйке түйіндері B) Ми C) Жұлын D) Көз E) Нейрон |
19. Домалаңғы, жасыл эвгленалар бар қараңғы жерге жақын жарық түсірсе олар, жарық мол түскен үлескіге қарай қозғалады, өйткені A) олар жылусүйгіштер B) фотосинтездегіш пигменттері бар C) жеке жеке кеткісі келеді D) денесінде көп митохондриялар бар E) жарық арқылы жауынан қорғанады |
20. Құлағаннан тізе жарақаттанғанда, ондағы жасушалардың қалпына келу жолы A) амитоз жолымен B) бүршіктену C) дегенерация D) мейоздық бөліну E) митоздық бөліну |
21. Эфедрин дәрісі алынатын өсімдік A) Шырша B) Кәдімгі арша C) Қарағай D) Қылша E) Самырсын |
22. Құстың қан айналым шеңберіндегі өкпеден шыққан қан құйылады A) Сол жақ жүрекшеге B) Оң және сол жақ қарыншаға бір мезгілде құйылады C) Оң жақ қарыншаға D) Оң жақ жүрекшеге E) Сол жақ қарыншаға |
23. Адамның омыртқа жотасының сүйектерінің саны A) 35-40 B) 33-34 C) 20-30 D) 30-40 E) 10-20 |
24. Екі традесканция өсімдігін банкамен жауып, бірін жарыққа, екіншісін қараңғыда қойып, 2-3 күннен соң жанып тұрған шырпыны еңгізгенде, қараңғыда тұрған банкада шырпы A) лап етіп жанады B) жана береді C) жанып, сосын өшеді D) сөніп қалады E) болар болмас жылтылдайды |
25. Традесканция өсімдігін банкамен жауып, қараңғыға қойып, 2-3 күннен соң жанып тұрған шырпыны еңгізгенде, банкадағы шырпының сөніп қалуынан білуге болатын процесс A) хемосинтез B) тыныс алу C) тітіркенгіштік D) фотосинтез E) көбею |
Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет». 26. Аналықтың құрылысы: A) аузы B) мойны C) тұқымбүршігі D) тозаңқабы E) қауызы F) жіпшесі G) жатыны H) тозаңы |
27. Бактериялардың пішіндері: A) жұлдызша B) шар C) таяқша D) үтір E) нүкте F) ұзынша G) сопақша H) таспа |
28. Вирустың пішіндері: A) сопақ B) үтір C) жұлдызша D) таяқ тәрізді E) оралма F) сопақша G) таспа H) шар |
29. Бір жасушалы жануарлар: A) жұмыр құрттар B) кірпікшелілер C) саркоталшықтылар D) маржандар E) споралылар F) медузалар G) буылтық құрттар H) гидратектестер |
30. Асқазанның пішіні: A) алмұрт тәрізді B) дөңгелек C) айшық тәрізді D) ұзын қапшық тәрізді E) қатпарлы F) ромб тәрізді G) шар тәрізді H) жолақты |
31. Жыныстық көбеюге қатысады: A) ұзын құйрықша B) аналық C) аталық D) қынап E) зәр шығаратын түтік F) қатпарлы қабық G) жеке ағза H) қуық асты |
32. Бүйректің пішіні: A) айшық тәрізді B) конус тәрізді C) дөңгелек D) қатпарлы E) үрмебұршақ тәрізді F) жеке G) шар тәрізді H) ромб тәрізді |
33. Асқорыту мүшелері: A) сол жақ өкпе B) көкет C) тоқ ішек D) жақтаулар E) асқазан F) оң жақ өкпе G) бүйрек H) өңеш |
34. Жабын ұлпа бөлімдері: A) тін B) өң C) қор жинаушы D) су жинаушы E) тірек F) тоз G) қыртыс H) қабық |
35. Көпқармалауыштылар класының өкілдері: A) шұрықденелі бунақай B) түбірауызды медуза C) айшықты медуза D) теңіз қауырсыны E) сәулелі өрмекаяқ F) актиния G) қызыл маржан H) цианеа |
36. Өсімдіктекті талшықтылар: A) лейшмания B) тамыр тәрізді C) хламидомонада D) жасыл эвглена E) бодо F) түншырақ G) лямблия H) домаланғы |
37. Жасушаның пішіндері: A) жалпақ B) ұзынша C) ұршық тәрізді D) жіпше E) сегменттелген F) сегменттелмеген G) дөңгелек H) оралма |
38. Мишықтың қызметтері: A) тепе-теңдікті сақтау B) бойдың өсуін баяулатады C) бойдың өсуін тездетеді D) артериялық қысымды жоғарылатады E) қан қысымын реттейді F) қимылды үйлестіру G) ұсақ артериялардың жиырылуын күшейтеді H) тердің бөлінуін көбейтеді |
39. Аналық жыныс гормондарының қалыптасуы кезінде: A) дене пішінінің өзгеруі B) дауыстың жуандауы C) дененің ерекше пішіні D) жіңішке дауыс E) тері майын түзеді F) сүт бездерінің дамуы G) сақал-мұрттың өсуі H) май ұлпасын ыдыратады |
40. Адамдағы сілекей бездері: A) бір шықшыт B) екі шықшыт C) екі жақ асты D) екі тіл асты E) бір тіл асты F) бір жақ сүйекті G) бір жақ асты H) екі жақ сүйекті БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |