Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы. 2025жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Семей Невада антиядролық полигоны тәрбие сағат 2025жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін ___________

Дирекордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________________


Сынып сағатның тақырыбы

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 35 жыл.

Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға «Невада-Семей» қозғалысының саяси мән-мағынасын ашу. Оқушыларға 35 жыл бойы сыналып келген Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабының жазықсыз жапа шеккендер жайында мәлімет беру. Семей-қайғылы шындық екенін ұмытпау.

Құндылық тарға баулу

Ұлттық мүдде,талап (өз Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге тәрбиелеу Құқықтық және экологиялық мәдениетті жоғары бағалайды).

Сабақтың түрі

Танымдық сабақ

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Психологиялық ахуал

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

«Ой ашар» кезеңі:

Мұғалім сөзі: Балалар, Олжас Сүлейменов кім?

ОЛ: -Жазушы, ақын, қоғам қайраткері,ағартушы,…..

Олжас Сүлейменов қандай қозғалысты ұйымдастырған?

-ия балалар Олжас Сүлейменов ... «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын ұйымдастырған,осы жылы 35 жыл аталып өтіледі.

Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 35 жыл.

Мақсаты: 40 жыл бойы сыналып келген Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабының жазықсыз жапа шеккендер жайында Полигон сұмдығы жайында, болашақ ұрпақты қасиетті ата-баба жерінің мұңын бөлісуге шақыру.Семей-қайғылы шындық екенін ұмытпау.



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді















Мұғалім оқушыларға «Қазақстан ядролық қарудан бас тартамыз» туралы презентация көрсетіледі


ҚБ: Жарайсыңдар.


Слайд


Ортасы (20 мин)




Мұғалім сөзі: 1989-жылы ақпан айының 28-інде белгілі қоғам қайраткері Олжас Сулейменовтың басшылығымен «Семей-Невада» Халықаралық қозғалысы құрылып, атом полигонын жабуға оң әсер етті.Мәңгілікке үні өшкен атом полигонының жабылғанына да 35 жыл толып отыр. Бүгінгі сабағымызда Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары туралы айтылады.

Оқушы _Асылай_: 1947 жылы 22 тамызда Қазақстанда құпия қала құрылды, оған «Семей – 21 » деген жасырын ат берілді. Қала ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды. Жайылымдардан, шабындықтардан, таулы қыраттар есебінен 18000 шаршы километрдей жер бөлініп берілді.

Оқушы _Бахтияр__:

Қайғың көп қазақ жері !

Шыдамдысың!

Жатқа сыр алдырмайық-

Мың аңдысың

Шешсін деп тағдырыңды тапсырасың,

Сеніммен әр перзентке қыран мүсін.

Оқушы _Нұрасыл_: 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналыпты. Сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды.

Оқушы _Асылай_:

Шерменде болған тауым-ай,

Шегіртке болған елім-ай.

Бабамның көрін қопарған

Ұйтқысын елдің қопарған.

Бөкенің безіп жапаннан,

Қойын өліп қотаннан,

Аңдарын үркіп қопаннан,

Арланың шошып апаннан,

Қыраның кетп шыңынан,

Мұңартып көгір тұманнан,

Бұлағын мөлдір суалған ,

Қайыңдарың қуарған,

Үстемдік құрып «қу заман»,

Болыпсың – ау зар жетім,

Болыпсың – ау зар жетім!

Ортада «Боз жорға» күйі орындайтын Атымтаев Серікбол.


Оқушы _Нұрасыл_:Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр 100 мың адамға шаққанда жүйке-психихологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 4612-ге, жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Оқушы _Асылай_: Шоқан, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Әміре Қашаубаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Даулет Тұрлыханов, Нұртай Сабилиянов сынды қазақтың біртуар асылдары дүниеге келген қасиетті ата – баба жері осылайша тозаққа айналды.


Оқушы _Нұрасыл_: «Заман — ай» — ел мен жер тағдырын, халық мұңын шерткен азаматтық әуен. Қазақ ССР Халық әртісі Роза Рымбаева бұл әнді алғаш рет Наурыз тойында, кейіннен «Азия дауысы» халықаралық конкурсында орындады. Қасиетті ата-баба жерін,халқын «Заман-ай» бейнеәуенмен еске алсақ. (Заман-ай өлеңі шырқалады.)

Оқушы_Асылай__: 1989 жылы 28 ақпанда Семей ядролық полигонында жер қойнауындағы сәтсіз аяқталған ядролық жарылыс салдарынан айналадағы ортаға радиоактивті газ шыққаны туралы хабар жеткен соң, Алматыдағы жазушылар үйі жанында қарсылық митингісі өтті де, ол халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының құрылуына түрткі болды. Оны әлемге танымал ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сулейменов басқарды.

Оқушы _Ұлан_:

Сарыарқаны қара албасты басып тұр,

Күдер үзіп, мүсін көңіл жасып тұр.

Оқушы __Нұрасыл: Невада – Америка Құрама Штаттарының бір әкімшілік бірлігінің аты.

-Ортада Сергіту ойыны.( Мұғалім сергіту ойынын ойнатады: Бірлесейік ойыны.)

Мақсаты:Балалардың бірлігін шыңдау.


-Ортада патриоттық жастар биі «Ядролық жарылысты тоқтат!»


Оқушы ______Нүрасыл__: Ақыры халық тілегі орындалды. 1991 жылы мемлекеттік егемендік алған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Семей атом сынақ полигоны жабылды. Ресми түрде бұл күн қыркүйектің 29 деп белгіленді.




Оқушылар ортада қозғалыс тарихына тоқталады.

Өлең оқылады.

Күй орындалады.

Еске алады.





































Оқушы Боз жорға күйін шертеді.














Заман-ай бейнеәуен қосылады.

























Сергіту ойынына белсене қатысады


Оқушылар би орындайды.





























































































Мұғалім жақсы ойнағанны үшін мадақтау конфеттерін таратады.

Слайд.





















Билборд



Наразылық плакаттары






















Домбыра
















Бейнеәуен



























Шкоклад,Доптар, макеттер.












Соңы






Мұғалім «Додекаэдо» әдіспен оқушылардан сұрақтар алу арқылы тақырыпты қорытындылайды.

Антиядролық қозғалыс қашан жарияланды?

1989 жылы 28 Ақпанда антиядролық қозғалыс құрылды деп жарияланды

2

Бұл қозғалысты кім басқарды?

2.

Олжас Сулейменов

3

Яғни, қозғалыс ...деп аталды деп айтасың ба? Қалай?

3.

Қозғалыс «Невада – Семипалатинск»

4

Неліктен қозғалыс осылай аталды?

4.

Қозғалыс осылай аталды, өйткені ядролық сынақтар әлемнің әр түкпірінде жүргізілді.

5

Сынақтар өткізілгенде не болды?

5.

Адамдарда қан аурулары көбейіп, мүгедек балалар дүниеге келді, өмір мен денсаулыққа қауіп төнді.

6

Қозғалыс қандай мақсатты көздеді?

6.

Халық әлемдегі барлық полигондарды жабуды талап етті.

7

Қазақстанда Семей ядролық полигоны қашан жабылды?

7.

1991 жылы 29 тамызда Қазақстанда Семей ядролық полигоны жабылды?


Кері байланыс – «Көгершін символы»

---Көгершін-бейбітшіліктің символы, соғысқа, зорлық-зомбылыққа, мазасыздық пен көз жасына қарсы күрестің символы.

-Балалар бейбітшілік үшін күреске бізде өз ілесімізді қосайық. Әр көгершінге бүкіл адамға бейбітшілік тілегімізді жазып қалдырайық.

-Біздің көгершіндеріміз бүкіл дүниежүзіне Біз жарылысты,соғысты қаламайтынымызды және біз ана,Отан,достықты,мейірімділік,махаббат, Қазақстан әрқашан бізбен бірге болсын!


Ортада ән «Әрқашан күн сөнбесін» қабыл алыңыздар.


-Әр оқушы додекаәдо добын қағып алу арқылы тақырыпты қорытындылайды.




















Оқушылар әр көгершінге бүкіл адамға бейбітшілік тілектерін жазып плакатқа іледі.





Оқушылар ортада ән айтады.



Жарайсың! Керемет!

Дұрыс!

Додекаэдо макеті






















Плакат,Көгершін суреті.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11