Тақырып бойынша 11 материал табылды

ң әрпінің жазылу емлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал орыс сыныптарында оқитын балаларға қазақ тіліндегі төл дыбыстардың бірі ң дыбысын дұрыс дыбыстап , сауатты жазуда ескеріліп отыруға тиісті жағдайларды қарастырады.Арнайы ережесі болмағандықтан ң дыбысының айтылуы мен қатар жазылуында өзге тілді оқушылардың қиындықтырға кездесіп жататыны белгілі..Сондықтан бұл мақалада жазуда ң дыбысын кәдімгі н дыбысыныан қалай ажыратып, қателіктерді болдырмаудың қарапайым жолдары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

-1-

Қазақ тілі.



Жақыпова

Бақытхан Қайыржанқызы.

46 гимназияның

орыс сыныптарының

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

ң әрпінің емлесі.



Өзге ұлт балалары оқитын мектептерде қазақ тілін оқыту – күрделі жұмыстардың бірі.

Бүгінгі таңда тіл үйретудің сан түрлі амал-тәсілдері туралы жазылған еңбектер көбею үстінде. Инновациялық технологиялардың түрлері қолданылып, оқытушылар тарапынан да ізденістер көп. Әр мектепте интерактивті тақталар қолданысқа еніп, тіл үйретудің еуропалық стандартқа сай тәжірибелері жүзеге асырылуда. Алайда мұның барлығы айналып келгенде тілді үйретуші мұғалімнің түрлі технологияларды тиімді пайдалану мен тіл үйретуде жинаған тәжірибесін ұштастыра отырып, сабақты тартымды, нәтижелі , жанды түрде өткізе білу шеберлігіне байланысты екендігі талас туғызбайтын ақиқат.

Тілді оқытуда , әдетте, төрт түрлі жұмысты қатар і ске асырып отыру көзделеді. Олар: тыңдалым,айтылым, оқылым, жазылым.

Алдымен өтілетін материалдар бойынша берілген сөздерді мұғалім тақтаға алдын-ала жазып, оны өзі дауыстап оқиды .Оқушылар мұқият тыңдап, соңынан аудармасымен қоса айтады. Құрамында қазақ тіліне тән дыбыстар бар сөздерге аса мән беріліп, оқушылардың осы сөздерді дұрыс айтуы қадағаланады. Мұғалімнен соң топпен қайталатып болған соң, әр оқушы жеке –жеке берілген сөздерді оқып шығады. Мұнан кейін осы сөздер арқылы сөз тіркесін, соңынан сөйлем құрату талап етіледі Сөз тіркесін құраумен қатар балалар бірден сөйлем құрағанды жөн көреді.Алайда оқушыдан өзі құраған сөз тіркесі немесе сөйлемнің аудармасын сұрап отыру , егер бірден сөйлемді дұрыс құраса , аудармасын басқа балаға аударту дұрыс болады.

Бала жаңа сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу үшін Жүнісбеков методикасы бойынша арнайы ды фонетикалық жаттығулар жасатып отырған жөн.Соңынан оқушылардың өздері құраған сөз тіркестерін тақтада және дәптерде орындатады. Кейде бұл жұмыс тақырыпты түсіндіріп болған соң жүзеге асырылады.Жазылым кезінде баланың қатесіз әрі көркем жазуына көңіл бөлінеді.Мұғалім баланы да , өзін де жалықтыратын бірізділіктен сақтанып, жұмыс

-2-



түрлерін алмастырып, түрлендіріп отырғаны дұрыс Алайда күнделікт і өмірде көріп жүргеніміздей , кейбір дыбыстардың жазылуында немесе айтылуында орыс мектебінде оқитын тілге қабілетті деген оқушының өзі қиналатын, қанша тырысса да қате жіберіп алатын кездер болады. Бұл -қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерде немесе осы дыбыстар кездесетін қосымшаларды қолданғанда жиі кездесетін құбылыс.

Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді жазуда қате жібермеу үшін , алдымен ол дыбыстарды дұрыс айта білу жағына көбірек көңіл бөлу керек. Екіншіден , қазақ тіліне тән дыбыстардың жазылу емлесін жете меңгертуге назар аударған дұрыс. Мысалы, ә дыбысының емлесін өткенде ,оның дауысты дыбыс екендігі, жіңішке дауысты екендігі , сөздің алғашқы буынында кездесетіндігін, соңғы буында, біріккен сөздерде сөз ортасында кездесетінін (бастауыш сыныпта оларды айтпаса да болады.) ұқтырамыз. Бұған мысалдар келтіру арқылы көз жеткіздіртеміз.(Әке, әже, әліппе, дәптер,кәрі, әдемі, әлем т.б.)Сонымен бірге тіл дыбыстарының жуан , жіңішке болып екіге бөлінетіні, олардың сөз құрамында бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып жазылатыны әр түрлі жаттығулар орындату арқылы оқушы санасына берік бекітілуі керек.Ө,ү,ұ дыбыстары жөнінде де осындай түсініктер беріліп отырады.

Ал қ , ғ дыбыстарының емлесін түсіндіргенде олардың тек жуан дыбысталатын сөздер құрамында қолданылатынын ,ал олардың жіңішке нұсқасы к,г дыбыстары екендігі мысалдар арқылы бала санасына сіңіру керек.

Енді ң дыбысы туралы айтсақ. ң дыбысын оқыту тек оқушыдан ғана емес , мұғалімнен де аса ыждағаттылықты талап етеді. Алдыңғы төл дыбыстарға қарағанда ң дыбысының емлесін түсіндіру күрделі . Өйткені ң дыбысын дұрыс айтып үйренудің өзі қиындық тудырады. Ал бұл дыбысты дұрыс айта алмаған адам ешқашан құрамында осы дыбыс кездесетін сөздерді дұрыс айтып,жаза алмайды. Ал дыбысты дұрыс айта алмай тұрып, сөзді дұрыс айту мүмкін еместігі өзінен –өзі түсінікті. Орыс сыныптарындағы өзге тілді оқушылар тұрмақ , қазақ мектебінде оқитын қазақ балаларының кейбірі осы дыбысты дұрыс айта алмай, айтуда және жазуда қателіктерге ұрынып жатады. Себебі ң дыбысын айту ,жазуда белгілі бір ереже жоқтың қасы. Фонетиканы зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде ң дыбысының жалпы сипаттамасы мен жасалу жолдары былайша берілген:

...«ң» -это носовой сонорный специпический звук казахского языка.Для правильного воспроизведения этого звука рекомендуется тесное соприкосновениезадней части спинки языка с задним небом, требуется закрытие полости рта ,а прохождение воздуха осуществляется через нос, при этом в казахском языке обязательно смычка, что придаетзвуку требуемый носовой тембр...»/С.М.Жұматаев. Қазақ тілі. (Вводно-коррективный фонетический курс для начинаючих) Ақм.1994.54-б/ Оқушы мұндай анықтаманы жаттап алған күннің өзінде ң дыбысының жазылу емлесін толық меңгеріп кетуі неғайбыл.Сондықтан мұғалім көмегімен айтып үйреніп, жиі –жиі жаттығып отыруы қажет .Сонда бұл дыбысты қалай оңай меңгертуге болады деген заңды сұрақ туады.ң дыбысының емлесімен таныстыра отырып, осы дыбыс әрпінің жиі қолданылатын тұстарына аса мән беріп, оқушы санасына тұрақтап қалуына жағдай туғызуымыз керек. Бастауыш сыныптың өзінде-ақ балаға ң дыбысын дұрыс дыбыстай білуге үнемі жаттықтыра отырып,қолдану жолдарын түсіндіріп, есте сақтауға жол көрсетеміз.Алдымен ол тәуелдік жалғауын қолдануға байланысты жүзеге асырылады.Біз тіпті тәуелдік жалғауын

-3-

арнайы өтпесек те, оны тіл үйрете бастағаннан –ақ ауызекі сөйлеу кезінде қолданып отырамыз.Мысалы ,бала мектепке келгеннен бастап қазақ тілін қолға алғанда, әр заттың атын үйрете отырып , оның кімге меншікті екендігін анықтауға тура келеді Мысалы, оқу құралдарымен таныстырғанда олардың әрқайсысының аттарын қазақ тілінде үйрете отырып, ол заттың кімге тиесілі екендігіне назар аудартамыз. Мынау не ? Бұл кімнің кітабы, дәптері, қаламы, қарындашы? немесе Мынау кім? Бұл кімнің әкесі, шешесі, әжесі, атасы, ағасы т.б сұрақтар арқылы баланыжауап беруге жетектеп отырамыз.Ал ол жауап бергенде олардың сөздерді, сөз тіркесін дұрыс дыбыстай білуімен қатар жалғауды дұрыс жалғай білуіне назар аударамыз және жадында сақтау үшін қайталата отырып дағдыландырамыз.

Мұндайда бала тәуелдік жалғауын дұрыс жалғай алу үшін мынандай кесте арқылы дағдыландыруға болады:

МShape2 Shape1 е н і ң ......................... .......-м; ( -ым; -ім)

СShape5 Shape4 Shape3 Shape6 е н і ң ...... ............ ..............-ң; ( -ың; -ің )

ОShape7 н ы ң ..... ...........................-сы; -сі ( -ы; -і )

Мұндай кестелер үнемі қазақ тілі кабинетінде тақта алдында ілулі тұрады немесе оқушылардың тіл дамыту, сөздік дәптерлерінде жинақталады. Алғашында есте сақтауға жеңіл болу үшін менің, сенің, оның деп үш жақта дағдыландырамыз да , әбден санасына сіңірген соң, сіздің деп 2 жақтың сыпайы түрінің қолданылу жолын көрсетеміз .Үш жақта жекеше түрде қолданып дағдыланған бала үшін ІІ жақтың сыпайы түрін есте сақтату аса қиындыкка түспейді.Міне, осылайша біз менің , сенің, оның , сіздің деген сөздердің соңында үнемі ң әрпінің жазылатындығын оқушы есіне түсіріп, сұрап отырамыз.Ал екінші жақтағы сөздің соңында ң дыбысының қолданылуына назар аудартамыз. Мысалы мұғалім менің деген сөзді өзі айтып, қаламды көрсетеді. Оқушы менің қаламым деп өзі жалғастырып кетуі талап етіледі. Қате жалғаса, басқа оқушылар түзетіп отырады немесе мұғалім қайтадан менің деп қайталап оқушыдан жалғауды дұрыс жалғау немесе жалғау дұрыс жалғанды ма, жоқ па соны ескеруі керек екендігі ескертіледі. Енді мұғалім сенің деген сөзді көрсеткенде , келесі сөздің соңында -ң, -ің, -ың жалғауларының бірін оқушы өзі кестеге қарай отырып жалғай алады. Ал ІІ жақта ғы сөзге жалғанатын -ң, -ің, -ың жалғауларын ұмытпау үшін олардың дұрыс айтылуы мен жазылуына мән бергізіп, кестеде көрсетілгендей, ң әрпін қарындашпен немесе жасыл сиялы қаламмен белгілеп отыруын қадағалаймыз.

Кейде осы кестедегі көп нүкте орнына дайын сурет қойылып, сөз тіркесін құрау сұралады. Мысалы, Менің , сенің, сіздің деген сөздерден кейін отбасы мүшелерінің суреттері кезек-кезек қойылып, балалар да кезектесіп жауап береді. Бұл тәсілді кез келген тақырыпты өткенде қолдануға болады. Жемістер тақырыбын өткенде бала кесте арқылы менің алмам, сенің алмаң, оның алмасы немесе басқа жеміс аттарын қойып айтатын болса, киімдер тақырыбын өткенде киім аттарын ІІІ жақта тәуелдеп үйренеді. Мұндай тәсілмен бастауыш сыныпта 1-ші сыныптың өзінде оқушыларды ауызша жаттықтырып отыруға болады. Егер бала жалғауды дұрыс жалғамаса, мұғалім тақтадағы суреттен кейінгі тұрған жалғауларды үнсіз нұсқау арқылы оқушы қатесін өзіне түзеттіреді, өзі түзей алмаған жағдайда басқа балаға айттырады. Бұл - ң

-4-

әрпін дұрыс қолданудың бір жолы.Осылайша бала ң әрпінің емлесін меңгеріп қана қоймай, тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдануға үйренеді.

Мұндай тәсілді ң дыбысы кездесетін кез келген жағдайда қолдануға болады. Жіктік жалғауларын өткенде жіктік жалғауын бөліп көрсете отырып, ІІ жақта кездесетін ң әрпін дәл осылай кестеден көрсетеміз.

Сонымен қоса , тіл дамыту, қайталау сабақтарында қазақ тіліне тән 9 дыбыс кездесетін , соның ішінде ң әрпі кездесетін сөздерді еске түсіртіп , ауызша немесе жазбаша түрде жұмыстар жүргізіп отыруға болады.Оларды тұтас немесе бірнешеуден беруге болады.

Мысалы , балаларды 2 не 3 топқа бөліп, 1топқа ә,ө, і әрпі бар сөздер жазу тапсырылса, 2-топ оқушыларына қ,ғ,һ дыбыстары кездесетін сөздер,ал 3-топқа ң,ү,ұ дыбыстары кездесетін сөздерді еске түсіртіп жаздыру тапсырылады. Кейде бір топ жазған сөздермен 2-ші топ сөз тіркесін құраса, 3-ші топ оқушыларына сөйлем құратуға болады.Оқушылардың ң мен н дыбыстарын жиі шатыстырып, жазуда жиі қате жіберетін тағы бір тұсы ол реттік сан есім жұрнақтарын қолданғанда кездеседі. Сандарды қазақша айтқызып, санатып дағдыландырған соң,оларды ретімен айтуға үйретеміз ,яғни реттік сан есім жұрнақтарын дұрыс қолдана білуге дағдыландырамыз.Оны да балаға сұрақ қойып, кейде өзара бір біріне cұрақ қойдырып, бұл жұрнақтарды күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуге үйретеміз. Алайда бұл жағдайда реттік сан есімнің -ыншы; -інші;-ншы; -нші жұрнақтарында ң дыбысы емес, керісінше н дыбысы қолданылатындығын естен шығармау керектігі ескертіледі. Бұл да өзге тілді оқушылар жиі жіберетін қателердің бірі.

Келес бір жағдай ол ң дыбысының түстерге байланысты қолданылуы. Түстерді үйреткенде ң дыбысының тек бір түсте кездесетіндігіне көңіл бөлгізуді мақсат етеміз. Яғни онда тек қоңыр түсінің ортасында ң дыбысы айтылатынын байқауға болады.

Ендігі бір ң дыбысын н дыбысымен шатыстырып, оқушылар жиі жіберетін жағдайы сұрау есімдіктеріне байланысты болып келеді. Ондайда мұндай қателерді жібертпеу үшін не істеу керек?

Алдымен қарапайым сұрақтар үйретіледі. Олар: кім? не? неше? қанша? қашан? қалай?

не істеді? қайтты? т.б. Осылардың ішінде балалар қанша ? қашан? сұрақтарын жазғанда

ң мен н дыбыстарының әріптерін ажырата алмай қате жіберетін кездер ұшырасады. Бұл қате ,әсіресе, бастауыш сынып оқушылары арасында жиі кездеседі.Сондықтан бұл сұрақтарды кесте түрінде көрсетіп , ескерту ретінде тақтаға ілулі тұрса құба-құп болады.

Бұдан кейінгі қате жіберетін жағдай септік сұрақтарына байланысты болып келеді. Ол шығыс септігінде тұрған сөздерге –нан;-нен; -тан;- тен; -дан; -ден, жатыс септігінде тұрғанда тәуелдік жалғауынан кейін келетін -нда, -нде ; көмектес септігінде -мен, -бен; -пен жалғауларын қолданған сәттерде кездеседі. Алайда оларды үнемі айтып, еске түсіріп отыру жеткіліксіз.Тілді терең түсіну дәрежесіне бұл жалғаулардың жазылуын қанша түсіндіргенмен, олардың нұсқалары көп болғандықтан , есте сақтауда қиындық келтіреді.Сондықтан септіктерді өткенде әу бастан- ақ ілік септігіне көңіл аудартып , онда септік жалғауының н дыбысына емес, ң дыбысына аяқталатынын түсіндіріп, үнемі естеріне түсіртіп отырған жөн. Біз бұл септікке өзімізше « ерекше

-5-

септік» деген ат қойып , ерекше септік қай септік? Ол неліктен ерекше ? ілік септігінің басқа септіктерден ерекшелігі неде? деп сұрап отыру арқылы бала есінде ң әрпінің қолданылуын ұмытыпауына көңіл бөлдік. Құрамында ң дыбысы кездесетін сөздердегі ң әрпін жасыл сиямен белгілеп отыруын әдетке айналдырттық. Бұл тәсілдің қате жібермеуде оң нәтижесі болғанын аңғардық.

Алайда бір ескеретін жағдай ң дыбысы әрпінің жазылу емлесін есте сақтату арқылы қатесіз қолдануға қол жеткізу мүмкін емес. Бұл дыбысты тіл үйренуші алдымен дұрыс дыбыстай білуге дағдылануы қажет. Алайда тіл үйренушілердің тіл үйрену қабілеті мен ізденімпаздығы әр түрлі болатындықтан, біз екінші жағдайға да көңіл бөліп отырудың артықтығы жоқ деп білеміз.

Сонымен оқушы ң әрпінің емлесін есте сақтауда нені ескеруі керек?

1.ң дыбысы сөздің барлық буынында кездескенмен, сөздің басында кездеспейді, яғни сөз немесе бірінші буын еш уақытта ң дыбысынан басталмайды.

2. ң дыбысы тәуелдік жалғаудың ІІ жағында (ІІжақтың сыпайы түрін қоса алғанда) кездеседі.

3.Сұрау есімдіктерінің ешқайсысында ң дыбысы жоқ, сондықтан сұрау есімдіктеріндегі н дыбысын ң дыбысымен шатыстыруға болмайды.

4. Септік жалғауларының ішінде бір ғана септік жалғауында, ілік септігі жалғаулары ң дыбысы кездеседі.. Ілік септігінің сұрақтары кімнің ? ненің? ң дыбысымен аяқталады.

5. Жіктік жалғауларының ІІ жағында жекеше , көпше түрінде ң дыбысы кездеседі.

6.Түстерді атағанда ң дыбысы 1ғана түсте ( қоңыр ) жазылады.

Бұл шарттарды есте сақтап ң дыбысына байланысты қате жібетпеуге болады деуге болмас.Ең бастысы бала бұл дыбысты дұрыс айта білуі керек. Мұғалім де бұл жағдайды әр сабақта пысықтап отырғаны дұрыс Біздің айтпағымыз: оқушының , әсіресе, бастауыш сыныптан бастап, қазақ тіліне тән әр дыбысты дұрыс айтып, әр сөзді сауатты жаза білкуі үшін әр дыбыстың өзіндік ерекшелігіне көңіл бөліп және бала санасында берік сақталуын қадағалап отыру істеген ісіміз нәтижелі болып, мемлекеттік тілді өз дәрежесінде меңгерушілер қатары молаяр еді деген ой

Қорыта келе айтарымыз, ең бастысы оқушы сауаттылығын арттырудың сан түрлі жолы бар екендігі белгілі болса да , айналып келгенде , тіл үйрену жұмысы жақсы нәтижеге жетуі үшін екі жақты ұмтылыс, оқушы тарапынан ынта, ал мұғалім тарапынан зор ыждағаттылық қажет, «Ұстаздық еткен жалықпас ,

Үйретуден балаға». –деп дана Абай атамыз айтқандай, ұстаздың ерінбей –жалықпай үздіксіз жүргізген жұмысы қай кезде де, қандай жағдайда да өз жемісін берері қақ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2018
3723
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі