"Ниет тазалығы-имандылық мұраты"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ниет тазалығы-имандылық мұраты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл өзін-өзі тану пәнінен сабақ өткізетін ұстаздарға керекті сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Өзін-өзі тану

10-сынып 5-6-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ниет тазалығы-имандылық мұраты

Сілтеме

Мұғалімге арналған Нұсқаулық

Маслоу иерархиясы, Мерсер (1995), Александер(2008)

Жалпы мақсаттары

Оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету. Жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру, оқушыларды жақсы ойлауға, ізгі ниетті болуға үйрету.

Түйінді идея

Ниет-адамды іс-әрекетке жетелейді. Оның сол әрекетке деген пейілі, ықыласы, ынтасы. Алдымызға мақсат қойғанда белгілі бір ниетті басшылыққа аламыз.

Негізгі мақсат

  • Балалар достық орнатуға, өзге топ мүшелерімен ынтымақтасып жұмыс істеуге бейімделуін, оқушылар ға өзге оқушылардың сезімін түсіне алуын, көмектесе отырып, қолдау білдіруін арттыру.

Нәтиже

Оқушылар жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйренеді.

Жаттығулар



















  1. Ұйымдастыру кезеңi. (Амандасу, түгендеу) 

Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Джеймс Лейн Алленнің «Адам қалай ойлайды?» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

3. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ниет, ықылас, пейіл деген сөздерді қалай түсінесіздер?

Адамның ниеті іс жүзінде қалай көрінеді?

Адамның жақсы өмір сүруіне ниеттің қаншалықты маңызы бар?

4. Дәйек сөз.

   Назары мен ниеті әдемінің ой-санасы әдемі, ой-санасы әдемінің өмірі рахатқа кенеледі.          Халық нақылы

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Ниетім- өмірімнің айнасы» мәтіні бойынша «Режисер», «Журналист», «Актер», «Көрермен» болып шағын қойылым ұйымдастырыңыздар.

6. Топпен ән айту.

М.Нәбиевтің «Болашаққа» әнін орындау.

7. Үй тапсырмасы.

Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» өлеңін оқып, мазмұнын айтып келу.

8. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Рефлексия

Саған сабақ ұнады ма? Сабақта не ұнамады ?

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.10.2018
849
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі