Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Нобай материалдар мен құрал –жабдықтар Бұйымдарға нобайлар дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


1 Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баймурзаева А

Сынып: 8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нобай материалдар мен құрал –жабдықтар Бұйымдарға нобайлар дайындау.

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

8.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау;
8.1.6.4
шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру.

Сабақ мақсаттары

Сәндік бұйым дайындауға арналған материалдарды таңдап алу. Интерьерге арналған сәндік бұйым эскизін салу. Оны жасау үшін техника таңдау.

Жетістік критерийлері

  • интерьер стилін, сәндік бұйымды орналастыруға арналған орын мен жайды таңдай алады;

  • сәндік бұйымның түрін анықтайды;

  • дайындауға арналған материалдарды іріктейді;

Тілдік мақсаттар


Сәндік бұйым жасауға арналған материал ерекшелігін түсіндіреді, эскиз идеясы мен техника таңдауын дәлелдейді.

Пәнге тән лексика және терминология:

интерьер, дизайн ерекшелігі, интерьер стильдері, эстетикалық әсемділік.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:


Құндылықтарды дарыту


Құрметтеу, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық

Тарих

Бастапқы білім


Конструкциялық/тоқыма материалдардың атаулары мен қасиеттері.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басталуы








  1. Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлемдесу, көңіл аударуын ұйымдастыру, сыныпта қолайлы атмосфера қалыптастыру.


Тірек білімдерін өзектілендіру.

Интерьердегі сәндік бұйымның қандай түрлерін білесіңдер?

  • Сіз қандай сәндік бұйымды таңдар едіңіз? Неліктен?

Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу:

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.


Сабақтың ортасы






































Таныстырылымдар/суреттер арқылы интерьер стилінің ерекшеліктерін түсіндіру. Бірнеше интерьер стилін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.


Тәжірибелік жұмыс: қонақбөлме интерьеріне арналған сәндік элементтерді таңдау.

Оқушылар қонақбөлме интерьерінің стилі бейнеленген карточкаларды таңдай отырып, топтарға бірігеді.

1-нұсқа. Оқушылар қонақбөлме стиліне арналған сәндік элементтерді (тоқыма бұйымдар, ыдыстар, бейнелеу өнері заттары, аква және фито-дизайн элементтері, басқа сәндік элементтер) ұсынады, өз ұсыныстарын негіздейді, сыныптастарымен идеяларын талқылайды.

2-нұсқа. Топ мүшелері сәндік элементтерді орналастыру арқылы таңдалған стильге сәйкес постерде қонақ бөлмесін жасақтайды. Сыныптастарына постерлерін таныстырады.




Тәжірибелік жұмыс. Таңдалған интерьер стиліне сәйкес сәндік бұйым эскизін салу.

Тәжірибелік жұмысты жеке немесе топпен орындауға болады.


Тапсырма дескрипторларын талқылау.

  • интерьер стилі, сәндік бұйымды орналастыру үшін орын мен жай таңдалған;

  • сәндік бұйымның түрі анықталған;

  • пішіні мен түстік гаммасын үйлестіріп, оны интерьерге орналастырып, интерьерге арналған сәндік бұйым эскизін орындаған;

  • материалдар атаулары аталған;

  • бұйым дайындауға арналған техника таңдалған.

Оқушылар сәндік бұйым жасалатын интерьер, бөлме стилін, оған сәндік бұйымды орналастыру тәсілі мен орнын (қабырғаға ілінген, полкада орналасқан және т.б.) таңдайды. Сәндік бұйым түрін (панно, коллаж, диван жастығы, сәндік сағат және т.б.) анықтайды. Бұл ақпараттарды эскиздің жоғарғы жағына жазады.

Сәндік бұйым эскизін салады. Алдымен еркін масштабта нобай дайындауға, сонан соң бұйымның пішінін, өлшемі мен түстік гаммасын анықтай отырып, болашақ жұмыстың эскизін форматта орындауға болады. Эскиз композиция элементтерінің өзара байланысын көрнекі түрде көрсетеді.


Бөлменің схемасын қолдануға болады.

Эскизге материалдардың атауы мен олардың болжаулы түсін енгізеді. Сәндік бұйым жасау техникасын жазады.

Интерьер стильдерінің суреттері/ презентация










Интерьер стильдерінің атауымен карточкалар.

Постерге арналған қағаз, фломастерлер немесе маркерлер, қарындаштар




















Жұмыс дәптері және альбом.

Түрлі-түсті және графиттен жасалған қарындаштар, өшіргіш.

Бөлме схемалары.



Жұмысты таныстыру:


Оқушылар өздерінің эскиздерін таныстырады, дайындауға кететін уақытты тиімді жоспарлау үшін шығармашылық идеяларын, материал таңдау және дайындау техникасын талқылайды, эскиздеріне өзгерістер енгізуіне болады.


Рефлексия.

Сұрақтарға жауап беру:

- Мен осы сабақтан не түсіндім?

- Қандай сұрақтар түсініксіз болды?

- Мен нені білуім керек?


Үй тапсырмасы

Сәндік бұйым жасауға арналған материалдар мен құралдардың тізімін жасаңдар. Келесі сабаққа қажетті материалдарды әкеліңдер.



Саралау көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау шығармашылық жұмысқа материал таңдау кезінде көрінеді.


Өзара бағалау

Кабинетте жалпы ережені сақтау. Кесетін-тесетін құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.










Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.07.2021
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12