Материалдар / Нұрлы жол - болашаққа бастар жол. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Нұрлы жол - болашаққа бастар жол. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
болашақ маман иелерінің мемлекеттік маңызы бар мәселелелерді талқылай отырып, түсінуге жетелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2020
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып:

11"А"

Пән:

Қазақ тілі

Тақырып:

Нұрлы жол - болашаққа бастар жол.

Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Мақсаты:

Елбасының жолдауымен танысады, талдайды, жолдаудан алынған сөйлемнен етістікті табады, қызметін анықтайды.

Нәтижесі:

Жолдаумен танысты, өз ойларын топта жұмыс істей отырып дәлелдеді. Сөйлемдерден етістікті тапты, қызметін ажыратты.

Түрі:

Жаңа сабақ

Дерек көздер:

Интернет желісінен алынған жолдау, қазақ тілі.

Сілтемелер:

А3 қағазы, маркерлер,

Уақыт

Сабақтың кезеңі

Оқушы әрекеті

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі: "Достық торын жасау", топқа бөлінеді.


Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалімнің қолында домалақ тоқыма жіп. Шеңбер бойындағы кез келген оқушыға жіпті лақтырып, сол оқушымен амандасып, тілек айтады. Ойын соңында достық торы пайда болады. Топқа бөлініп, орындарына жайғасады.

7 мин

Жаңа тақырыпқа кіріспе:

-Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Жолдау тақырыбы: «Нұрлы ……»(жол)
2. «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі кім туралы? (Шоқан)
3. Елбасының есімі? (Нұрсұлтан)
4. Бес қарудың бірі. (Садақ)
5. Дала жұлдызы кім? (Алтынсарин)


-Елбасы Қазақстандықтарға жылда не арнап отырады?










-Жақында шыққан жолдауы қалай аталады?

-Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы "Жолдау" деп жазады.






-Өткен жылға мемлекеттің жұмыс туралы есеп бере отырып, жаңа жылға жоспар құра отырып, қиындықтарды жеңу жолдары туралы айтылған "Жолдауын" арнайды.

- Нұрлы жол- болашаққа бастар жол

10 мин

Жаңа тақырып.

Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

Дәптерлеріне жазып алады. (қысқаша конспект)

Әрбір топ мәтінді оқиды, жұппен, топпен талқылайды.

15 мин

Постермен жұмыс:

1-топ: «Мәңгілік ел» туралы ой-толғау жазу.

Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.(етістіктердің сөйлемдегі қызметін ата)




2-топ: Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеулерің керек. "Фишбоун" әдісі арқылы кездесетін кедергі, шешу жолдары.

Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.


3-топ: "Нұрлы жол- болашаққа бастар жол" Қазақ елінің тұрмысын салыстыру (сол кез бен қазіргі кез)

Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін

Жұмыстарын қорғайды

1-топ: Ой-толғауды оқу.

Қашқан, тасқан жер-анықтауыш,

Асқан емес-баяндауыш.


2-топ: жұмыстарын қорғайды.

Алатынын-толықтауыш,

Көрсетеді-баяндауыш.


3-топ: Асыруда-толықтауыш, қорытындылады-баяндауыш, тілеймін деп-пысықтауыш.

4 мин

Қорытынды: "Ыстық орындық"

-Жолдау деген не?









-Етістік деген не?


-Сөйлемде етістік қандай қызмет атқарады?

-Өткен жылға мемлекеттің жұмыс туралы есеп бере отырып, жаңа жылға жоспар құра отырып, қиындықтарды жеңу жолдары

туралы айтылған Елбасының есебі.

- Заттың іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

-Етістік бес сөйлем мүшесінің (бастауыш,баяндауыш,анықтауыш,толықтауыш, пысықтауыш) қызметін атқарады.

3 мин

Кері байланыс:

Екі жұлдыз, бір тілек.

Келесі сабақта тереңірек білгін келетін сұрақты жазып көрсету.

2 мин

Бағалау

Мұғалімнің сумотивті бағалауы.

1 мин

Үйге тапсырма беру:

Сөз таптарын қайталау

Күнделіктеріне жазып алады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ