Нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтау әдістері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтау әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери тәртіпке дағдыландыру және оларға нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтау әдістерін үйрету. Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, дүрбі, сызғыш, карандаш, шырпы қорабы. Өтетін орын: АӘД бөлмесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:   Оқушыларды әскери тәртіпке дағдыландыру және оларға нысанаға дейінгі

арақашықтықты анықтау әдістерін үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:   плакаттар, дүрбі, сызғыш, карандаш, шырпы қорабы.

 

Өтетін орын:   АӘД бөлмесі.

 

Сабақтың барысы:   І. Кіріспе бөлім.

а) Отыздықты сапқа тұрғызу. Отыздық сардары: «Отыздық, сапқа тұр!», «Отыздық, түзулен!», «Отыздық, тік тұр!».

ә) Әскери жетекшіге мәлімет беру. Отыздық сардары: «Әскери жетекші мырза, ІІ – отыздық құрамында … оқушымен АӘД сабағына дайын. Мәлімет беруші ІІ-отыздық сардары …………….»

Әскери жетекші: «Мәліметің қабылданды!», «Саламатсыңдарма, оқушылар!»

Оқушылар: «Саулығыңызды тілейміз әскери жетекші мырза!».

Әскери жетекші: «Еркін тұрыңдар!».

Отыздық сардары: «Еркін тұрыңдар!»

б) Оқушылардың киім киюін, сапта тұруына тоқталып ескерту жасау. Оларды орындарына отырғызу.

ІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ: «Нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтау әдістері»

Қарсыластың орналасу жері мен әрекетін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізіледі. Бұдан басқа ұрыста командирдің сигналдары мен белгілерін және өзінің ату нәтижелерін бақылау қажет. Ұрыс алаңында байқалған нысаналарды дереу командирге баяндап, оның орналасқан жерін дұрыс көрсету керек. Нысана ауызша баяндалады немесе жарқырауық оқтар арқылы көрсетіледі.

Нысананы дәл және нақты жою үшін, оған дейінгі арақашықтықты мүмкіндігінше тез анықтау керек. Әскери тәжірибеде нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтаудың көптеген түрлері қолданылады.

а) Адамның көз мөлшері арқылы арақашықтықты анықтау қабілеті:

есте жақсы қалған жер бедерлері арқылы;

көріну дәрежесіне, заттың көлеміне қарай;

қашықтықты адымдап өлшеу арқылы;

атыс қаруының көздеу қондырғысы арқылы;

дыбыс пен атылған жарылыс арқылы;

қол саусақтарының көмегімен.

ә) Топографиялық карта арқылы.

б) Дальномер арқылы.

в) Әскери машинаның (автомобиль, мотоцикл және т. б. транспорт құралдары) спидометрі

арқылы.

г) Мыңдық формуласының көмегімен.

 

Нысанаға дейінгі арақашықтық көз мөлшерімен анықталады. Нысанаға және жергілікті заттарға дейінгі арақашықтық есте жақсы қалатын жер бөліктері, көріну дәрежесіне, нысана (заттың) көлеміне, сондай-ақ осы аталған екі тәсілді бірдей қолдану арқылы анықталады.

Жердің көріну дәрежесі мен заттың (нысананың) ауқымы сияқты көрінген өлшем бойынша арақашықтығын анықтағанда көз қапері арқылы есте жақсы қалған әйтеуір бір әдеттегі арақашықтық керек, мысалы 100, 200 немесе 300 метр. Көріну дәрежесі мен заттың көрінген көлемі бойынша арақашықтықты анықтағанда, нысананың көлемін белгілі бір қашықтықта сол нысананың есте қалған көлемімен салыстыру қажет.

Егер жергілікті заттардың көлемі белгілі болса (биіктігі, ені немесе ұзындығы), онда оған дейінгі арақашықтықты бұрыш шамасымен анықтауға болады. Бұл үшін көрінген заттың өлшемі белгілі болса, оны мыңға көбейту керек және нәтижесінде мыңмен есептелінген санға бөлу керек.

Бұл мына формуламен есептелінеді:                 В *  1000

Д = —————-

У

Д – анықталатын қашықтық.

В – заттың белгілі өлшемі (ұзындық, биіктік, ені)

У — өлшенген бұрыш шамасы (мыңдықпен)

1000(мыңдық) – 1 / 1000 радианға тең.

 

Заттың бұрыш шамасын мыңдықпен дала дүрбісі немесе басқа бақылау құралдары арқылы анықтауға болады. Дүрбінің көзге шалынатын жерінде екі өзара қиылысқан бұрыш өлшегіш шкаласы, бұрыш өлшегіш торсызығы болады. Шкаланың бір үлкен көлемінің өлшемі 10 мыңдыққа, ал кішісі 5 мыңдыққа сәйкес.

Мысалы: 50 метрге тең көршілес телеграф бағаналарының арақашықтығы дүрбінің көлденең бұрыш өлшегіш шкалаларының 4 үлкен бөлігімен жабылады( 0-40 немесе 40 мыңдық). Бағанаға дейінгі арақашықтық мына формула арқылы анықталады:

 

В *  1000          50 * 1000

Д = —————- = —————- = 1250 метр.

У                        40

 

Бақылау құралдары болмаса, бұрыш көлемдерін қолда бар заттармен өлшеуге болады (сызғыш, қарындаш, шырпы қорабы, сондай-ақ қол саусақтары мен алақан арқылы). Бұл үшін мыңдықтағы оның (заттың) мәнін есте сақтау керек. Бұл заттардың бұрыш шамасы (көлемдері) көзден таса болғанда, алға созған қолмен есептегенде (50 сантиметр) мынаған тең болады:

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2018
1153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі