Материалдар / Нысандық жаттығу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нысандық жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаматтық қорғаныс бойынша жүргізілетін жаттығулар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
751
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Иманов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

БҰЙРЫҚ №


Абай ауылы 2.05.2017.



Иманов атындағы жалпы орта мектепте нысандық жаттығуға даярлық пен өткiзу туралы


Азаматтық қорғаныс жөнiндегi негiзгi шаралар жоспарына сәйкес және мектеп басшы құрамын, педагогикалық және техникалық қызметшiлердi, оқушыларды даярлауды жетiлдiру мақсатында


Бұйырамын:

  1. 11.05.2017 жылы Иманов атындағы жалпы орта мектебінде нысандық жаттығу өткiзiлсiн.

Тақырыбы: оқытушылар құрамы мен оқушылардың төтенше жағдайлар кезiндегi жүрiп – тұру тәртiбi және iс-әрекетi.

  1. Нысандық жаттығу өткiзудегi негiзгi мақсат:

оқушыларда жоғарғы моральдық – психологиялық қасиеттердi қалыптастыру және дамыту;

төтенше жағдайлардағы iс-әрекет бойынша оқушыларда теориялық бiлiм мен практикалық дағдыларды жетiлдiру;

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша, соңдай-ақ төтенше жағдай туындаған кездегi iс-әрекет әдiстер негiздерiн пысықтау;

төтенше жағдайлар салдарын жою кезiнде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткiзудегi дағдыларды жетiлдiру;

оқушыларда сабырлылық пен өзi ұстай бiлудi, бастамашылдық пен тапқырлықты, өзара қамқорлықты, тән төзiмдiлiгiн, Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындауға тұрақты даярлықты қалыптастыру.

  1. «Нысандық жаттығуға » қатыстырылсын:

1) АҚ басшы құрамы;

2) АҚ бөлiмшесi;

3) педагогикалық және техникалық қызметшiлер;

4) оқушылар.

  1. Мына құрамда нысандық жаттығуды өткiзу жөнiнде жалпы мектептiк комиссия тағайындалсын:

төраға – мектеп директоры – АҚ бастығы; Шардарбеков С.

төрағаның орынбасары – АҚ штабының бастығы – оқу iсiнiң меңгерушiсi Қуандықова Ұ.

Комиссия мүшелерi:

директордың тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары Байдабекова А;

директордың шаруашылық жұмыстары жөнiндегi орынбасары Әділбекова Ұ;

БӘД (ТҚМ) оқытушысы Есентай Н;

дене тәрбиесiнiң оқытушысы Шардарбеков Н;

кiтапхана меңгерушiсi Исатай Ә;

дәрiгер (медбике) Жұматаева Б.

  1. Мектеп АҚ штабының бастығы Қуандықова Ұ.

10 мамырға дейiн нысандық жаттығуға даярлық пен өткiзу жоспарын әзiрлесiн және бекiтуге ұсынсын.

  1. Директордың шаруашылық жұмыстары жөнiндегi орынбасары Әділбекова

10 мамыр 2017 ж. дейiн мектеп аумағын даярласын, жиналатын қауiпсiз орын мен эстафета, викторина және конкурстар өткiзетiн орынды анықтасын;

10 мамырға дейiн жеке қорғаныс құралдарын, радиациялық және химиялық барлау приборлары мен басқа мүлiктiң жәй – күйiн тексерсiн;

10 мамырға дейiн мектептiң АҚ құрамасын жеке дара мүлiкпен қамсыздандырсын.

  1. БӘД (ТҚН) оқытушысы Есентай Н 10 мамырға. дейiн эстафета, викторина және конкурстар тақырыптарын анықтасын.


  1. Дәне тәрбиесiнiң оқытушысы Шардарбеков Н. орынбасарлармен бiрге 10 мамырға дейiн күрделi эстафета, викторина және конкурстар өткiзу жоспарын әзiрлесiн.

  2. Оқытушылар құрамы:

нысандық жаттығуды өткiзу басталғанға дейiн оқушыларға төтенше жағдайдағы iс-әрекет тәртiбi мен ереженi түсiндiрсiн;

оқушылар мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртiбiн үйренсiн;

қауiпсiздiк шараларын бiлуi бойынша сынақ қабылдансын.

  1. Нысандық жаттығу өткiзуге барлық жауаптылар оқиғаларды, жарақаттарды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдасын, қауiпсiздiк шаралары бойынша нұсқаулықты қатаң орындасын.

  2. Нысандық жаттығуға даярлық __.___.20__ ж. аяқталсын.

  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мектеп АҚ штабының бастығына жүктелсiн.

  4. Бұйрық мектептiң бүкiл басшы құрамына, оқытушыларға және техникалық қызметшiлерге жеткізілсін.



Азаматтық қорғаныс бастығы: Шардарбеков С.




































БЕКIТЕМIН

АҚ бастығы- мектеп директоры____________ Шардарбеков С.


«10» мамыр 2017 ж.




Мектепте нысандық жаттығу өткiзу

ЖОСПАРЫ



Тақырыбы: оқытушылар құрамы мен оқушылардың төтенше жағдайлар кезiндегi жүрiп – тұру тәртiбi және iс-әрекетi.

Оқыту мақсаты:

  1. Басшы құрам, педагогикалық және техникалық қызметшiлер үшiн – төтенше жағдайлар кезiндегi басқару дағдыларын жетiлдiру.

  2. Оқушылар үшiн төтенше жағдайлардағы iс-әрекет бойынша оқушыларда теориялық бiлiм мен практикалық дағдыларды жетiлдiру; «Баршаның назарына!» дабылы бойынша, соңдай-ақ төтенше жағдай туындаған кездегi iс-әрекет әдiстерiн пысықтау.

  3. Бөлiмшелерiнiң жеке құрамы үшiн – төтенше жағдайлар салдарын жою кезiнде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткiзудегi дағдылдарды жетiлдiру.

  4. Оқушыларда сабырлық пен өзiн-өзi ұстай бiлудi, бастамашылдық пен тапқырлықты өзара қамқорлықты, тән төзiмдiлiгiн, Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындауға тұрақты даярлықты қалыптастыру.

№№

Өткiзiлетiн шаралар

Өтетiн уақыты мен орны

Кiм жүргiзедi

Орындау белгiсi

1

2

3

4

5

Даярлық кезенi

1

Педагогикалық кеңестiң мәжiлiсiнде «Мектептегi Азаматтық қорғаныстың жағдайы және нысандық жаттығу өткiзуге даярлық бойынша ұжымның алдында тұрған мiндеттер туралы мәселенi қарау.


Мектеп директоры – АҚ бастығы


2

Нысандық жаттығу шараларын өткiзудiң ережесi мен әртүлi нұсқаларын зерттеу бойынша жалпы мемлекеттiк комиссия (жюри) мүшелерiнiң нұсқаулық - әдiстемелiк сабағы. Алдағы шараларды өткiзу жоспарына түзету.


Мектеп директоры, АҚ штабының бастығы, АӘД (ТҚН) және дене тәрбиесi оқытушылары


3

Нысандық жаттығуға даярлық пен өткiзу (қатысу) үшiн тартылған (шақырылған) қатысушылар (қонақтар) құрамын анықтау.


Мектеп директоры, АҚ штабының бастығы, сынып жетекшiлерi


4

Нысандық жаттығуға даярлық кезiнде ТҚН бағдарламасы бойынша сабақ пен жаттығу сапасына бақылау ұйымдастыру және жүргiзу.


Мектеп директоры, АҚ штабының бастығы, АӘД (ТҚН) және дене тәрбиесi оқытушылары


5

АҚ бөлiмшелерiнiң жеке құрамымен сабақ ұйымдастыру және өткiзу және олардың қызметтiк мiндеттемесiн анықтау.


АҚ штабының бастықтары, АҚ бөлiмшелер коман-дирлерi



6

Нысандық жаттығуда қолданылатын АҚ мүлiктерiн даярлау.


Мектеп директоры, АҚ штабының бастығы, шаруашылық бойынша директор-дың орынбасары


7

Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарды жасау, практикалық шараларды жасау үшiн материалдарды даярлау.


Шаруашылық бойынша директордың орынбасары, сынып жетекшiлерi оқушы-лар


8

Нысандық жаттығу өткiзу туралы жалпы мектептiк комиссия мүшелерiмен, ұйымдастырушыларымен кеңес өткізу.


Мектеп директоры, нысандық жаттығу өткiзуге жауаптылар


9

Қазы мүшiлерiне, сынып жетекшiлерi үшiн викторина, эстафета және байқауды өткiзу бойынша құжаттарын және жеке жоспарларды жасау.


АҚ штабының бастығы, жалпы мектептiк комиссия-ның төрағасы, сынып жетекшiлерi


10

Нысандық жаттығуға қоғамдық ұйымдардың, АҚ және ТЖ аудандық, қалалық қызметтердің өкiлдерiнiң қатысу мәселесiн шешу.


АҚ штабының бастығы


11

Адамның тiршiлiк қауiпсiздiгi мәселелерi, ТЖ мен АҚ бiлiмдерiн насихаттауды ұйымдастыру мен өткiзу:

ТЖ бойынша аудандық бөлiм немесе басқарма мамандарының сөзiн тыңдау;

ТЖ мен АҚ бойынша ежiре мен кинофильмдердi көрсету;

ТЖ мен АҚ бойынша әдебиеттер көрмесiн ұйымдастыру;

«Төтенше жағдайда қандай iс-қимылдар жасау керек» ақпарат – анықтамалық тақтасын (жаңарту) даярлау;

көрнекi насихат ақпар жасау: қабырға газеттерiн, плакаттар, көшiру бойынша жоспар – схемаларын даярлау


АҚ штабының бастығы, БӘД (ТҚН) оқытушысы.


Кiтапхана меңгерушiсi, АҚ штабы, мектеп активi


Нысандық жаттығуды өткiзу

11

Нысандық жаттығу жоспарымен қарастырылған шараларды өткiзу үшiн мектептiң АҚ басшыларын жинау, АҚ штаб бастығының, жалпы мектептiк комиссия төрағасының, шаруашылық бойынша директор орынбасарының, АҚ құрамалардың және оқушылардың, сондай-ақ педагогикалық құраманың даярлағы туралы баяндамасын тыңдау.

9.30-10.00

Мектеп директоры


12

Нысандық жаттығуды ашу рәсiмi, аудандық, қалалық бiлiм және ТЖ бөлiмдерi өкiлдерiнiң, ата-аналардың және т.б. қатысуымен жалпы мектептiк линейка өткiзу.

10.00-10.30

Мектеп директоры, АҚ штабының бастығы, директор-дың орынбасары, жалпы мектептiк комиссияның төрағасы


13

Тiршiлiк қауiпсiздiгi негіздері бағдарламасы бойынша ашық сабақтар өткізу.

10.30-11.15

АӘД (ТҚН) оқыту-шысы, сынып жетекшiлерi


14

Апат, авария және зiлзала барысында оқушылардың, оқытушылар құрамының мектеп аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар нұсқамаларына сәйкес кiрiспелері бойынша iс-әрекеттерді көрсету.

11.15-11.30

Мектеп директоры, АҚ штабының бастығы, басшы және педагогикалық құрам, мектеп оқушылары


15

Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық іс-шараларды өткізу.

11.30-12.00

Мектептің АҚ құрылымдары, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері



Оқушыларға Азаматтық қорғаныс нормативтерi бойынша байқаулар, күрделi эстафеталар мен конкурстар өткiзу.

12.00-12.30

АҚ штабы, жалпы мектептiк комиссия, БӘД (ТҚН) және дене шынықтару оқыту-шылары, сынып жетекшiлерi


Нысандық жаттығу қорытындасын өткiзу

1

Нысандық жаттығу қорытындысын өткiзу, ол үшiн педагогикалық құрамды және оқушыларды жинау.

12.30-13.00

АҚ бастығы – мектеп директоры



Мектеп Азаматтық қорғанысының бастығы – директордың нысандық жаттығуды өткiзу қорытындысы туралы бұйрығын оқу.

__.___.20__ ж.

Мектеп АҚ штабы-ның бастығы



Нысандық жаттығуды қалай өткiзгендiгiн басшы құраммен, жауаптылармен, сынып жетекшiлерiмен талқылау.

__.___.20__ ж.

Мектеп директоры, АҚ штабының бастығы



Мектеп АҚ штабының бастығы________________

Аты,жөні, қолы









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!