Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушылармен амандасу,
қатыспағандарды белгілеу.
Оқушыларды
- сабақтың
мақсатымен
- бағалау критерийлерімен
таныстыру
Өткен тақырыпты қайталау
:
Дененің өзінің алатын үдеуіне
ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің
сандық сипаттамасы ретінде масса деп аталатын физикалық шамасы
қолданылады.
Дененің
массасы – оның инерттілігінің, яғни
күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық
сипаттамасы болып табылады.
Бір күш массалары әр түрлі
денелерге әр түрлі үдеу береді. (5-7 слайдтар бойынша түсіндіру,
оқушылардан қорытынды жасауларын
сұрау)
Ньютонның екінші
заңы
Дененің алатын үдеуі сол
денеге әрекет ететін теңәрекетті күшіне тура пропорционал, ал
массасына кері пропорционал.
a
~
F, a ~ 

мұндағы, F – денеге әсер
ететін күш [Н],
m – дененің массасы
[кг],
a – дененің алатын үдеуі
[м/с²]
Егер екі дене өзара
әрекеттесетін болса, онда олардың алатын үдеулері массаларына кері
пропорционал болады.
= 
(W)
Анимация бойынша талдау жасау
(W) Тапсырма: Осы сияқты
Ньютонның екінші заңының қолданылуына мысал
келтіріңдер.
(W) Есептер
шығару
1.Белгілі бір күш бос арбаға
1,5 м / с2, ал жүгі бар арбаға 0,5 м / с2 үдеу береді. Жүктің
массасы арбаның массасынан неше есе
ерекшеленеді?
2.40 Н күш денеге 0,6 м / с2
үдеу береді. Бұл денеге күштің қандай мәнінде үдеуі 1,8 м / с2
болады?
3.Дене жылдамдығының
проекциясы оның қозғалыс бағыты бойынша Vх=1,2t заңы бойынша
өзгереді. Бұл бағытқа байланысты күштің проекциясын анықтаңдар,
егер дененің массасы 1,5 кг тең болса.
4.Массасы 250 г тыныштықтағы
хоккей шайбасы 0,02 с созылған соққыдан кейін мұз бетімен 30 м/с
жылдамдықпен қозғалады. Соққының орташа күшін
анықтаңдар.
5.Массасы 56 кг денеге әрекет
ететін күштің проекциясын табыңдар, егер дене түзусызықты қозалады
және оның координатасы х = 10 + 2t + t2 заңы бойынша
өзгерсе.
6.Массасы 30 т ұшақ қону
алаңына 144 км/сағ жылдамдықпен түседі. Тежелу кезіндегі ұшаққа
қандай күш әрекет етеді, егер тоқталуға дейін ол 800 м
өтсе?
Дескрипторлар:
Рефлексия
- не білдім, не
үйрендім
- не түсініксіз боып
қалды
- әлі де қандай жұмыс атқаруым
керек
|