Материалдар / "Ө" әріпі мен дыбысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ө" әріпі мен дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Ө дыбысы мен әрпімен таныстыру. Құрамында Ө дыбысы бар сөздерге талдау жасауға үйрету. Ө дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын- әрпін таныту. Буыннан сөз, сөзден сөйлем құратуға дағдыландыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
238
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ө әріпі мен дыбысы

Сабақтың мақсаты: Ө дыбысы мен әрпімен таныстыру. Құрамында Ө дыбысы бар сөздерге талдау жасауға үйрету. Ө дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын- әрпін таныту. Буыннан сөз, сөзден сөйлем құратуға дағдыландыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекіліктер, сөзжұмбақ.

Көрнекілік құралдар: Текшелер, суреттер, сөзжұмбақ, үлестірмелі материалдар, асықтар.

Шаттық шеңбері: Аппақ болып таң атты

Түтін түзу шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады

Топ топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн

Алдымен өткен сабақты бір қайталап алайық. Өткен сабақта «Й» және «И» әрпімен танысқан болатынбыз. «Й» дауыссыз дыбыс, «Й» дыбысынан келетін сөздер: айна, қалай, айша, қайда.

«И» дауысты дыбыс.

и-не, и-не-лік, и-кем.

Екі әріптің бір-бірінен айырмашылығын айту.


1. Сөзжұмбақ шешу: өрмекші, радио, нан, етік, кітап.

Ө Р Н Е К

-Осы сөз қандай дыбыстан басталып отыр?

-Дұрыс айтасыңдар Ө дыбысынан. Бүгінгі біздің жаңа дыбысымыз «Ө» дыбысы және әрпі екен. Тәрбиеші балаларға «Ө» дыбысының дауысты екенін қызыл текшемен белгіленетінін айтып түсіндіреді және «Ө»дыбысының әріп-таңбасын балаларға көрсетеді.

«Ө» дыбысын ауада және тақтада жазып көрсету.

Өрнек, өшіргіш, өрік, өзен, өрмекші, көбелек, көйлек сөздерінде Ө дыбысының сөздің басында және ортасында келетінін айтып, түсіндіру.

Д.О : Сурет пен әріпті сәйкестендір.

Балалар алдарында тұрған суретке қарап, қай дыбыстан басталатынын табады. Үстіне әріптерді орналастырады.


2. Үш топқа үш түрлі сөз беріледі. Бірінші топ ӨРІК сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Екінші топ ӨШІРГІШТІҢ суретін сипаттайды. Үшінші топ КӨБЕЛЕК суретін бояйды.


3. Ө дыбысы мен әріпін жазу жолына қаламмен жаздыру.


4. Асықпен жазу.

Балалар асықпен Ө әріпін құрастырады.


Д.О: Әріп пен текшені сәйкестендіреміз.

Балалар берілген әріптерге тиісті текшені қыстырғыштар арқылы орналастырады.

(қыстырғыштар, қызыл, көк текшелер, суретті әріптер)


5. Құммен жұмыс

Балалар құм арасына жасырылған әріптерден Ө әріпін іздеп табу. Ө дыбысы кездесетін сөздерді айтқызу.

6.





«Бағдаршам әдісі» балалар өздерін бағалайды. Ақ параққа жасыл смайликтің суретін салып не үшін жасыл көзді таңдағанын айтады. Содан кейін балалар ақ парақты умаждап, бір-біріне қар қылып лақтырады.(умаждау әдісі)

Сабақты қорытындылау бағалау есебінде балаларға аққала, шана, шаңғы суреттерін тарату. Табиғат аясына сол құралдарымен шығып, қардан аққала жасайтынымызды айту.


Сабақ аяқталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!