О дыбысы Ашық сабақ 5 мектеп-лицей

Тақырып бойынша 11 материал табылды

О дыбысы Ашық сабақ 5 мектеп-лицей

Материал туралы қысқаша түсінік
О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

О дыбысы мен әрпі

Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.
ІІ. Өткенді қайталау.
1-слайд.
а) Сұрақ-жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?
2-слайд.
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.
ІІІ. Жаңа сабақ. 3-слайд.
а) Тақтаға «
Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық.
Кішкентай қоянды түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
4-слайд.
1.
Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
5-слайд.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
6-слайд.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.
7-слайд.
3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
8-слайд.
4. Түлкінің тапсырмасы.
ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
- Отанымыз қалай аталады?
- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
5.
Бауырсақпен бірге мына буындарды оқиық:
9-слайд.
О-й ой ой т-ой той той
О-р ор ор т-ор тор тор
О-л ол ол т-ол тол тол
Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на
Бауырсақты атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
10-слайд
«Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.
ІV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- О дыбысы қандай дыбыс екен?
- Әріп таңбасы неге ұқсас?
-О дыбысына байланысты сөздер айту.
Мадақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2020
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі