Материалдар / Обал мен сауап 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Обал мен сауап 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып оқушыларның білімдерін одан әрі дамыту үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2018
612
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні: 23.01\30.01

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: «Обал мен сауап»

Мақсаты: Оқушыларды әр затты қадірлей білуін, ұқыппен қарауын,обал жассауға болмайтынын,сауап алу керек екендерін ұғындыру; Білімділік: «Обал болады» «Сауап болады» деген сөздерді түсіндіре отырып, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың адамгершілік, қанағатшылдық, жақсылық сияқты қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,мейірімді болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дәптер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Тыныштық сәті.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV. Жаңа ақпарат. Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан- жануарлардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады. Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.

Оқып үйренейік. «Құс ұясын бұзбайық!!!»

-Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

-Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

-Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?

Дәптермен жұмыс. Тапсырма: әңгімені өз ойларымен жалғастырып, жазыңдар.

V. Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс. Суреттерге қараңдар. Табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

Шығармашылық жұмыс. (сурет салу)

VІ. Қорытындылау

Жүректен жүрекке.







«Жарқын заман бөбегі»

Сөзін жазған: Қ.Жұмағалиев

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп тұрады

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік дастанды.

Аталарым сыйлаған,

Бізге ашық аспанды.

Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң

Алтын бесік өз елім

Туған өлкем Ұлы Отан.

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау











Мұғалім__________









Күні: 6.02.15

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: «Еңбек – бәрін жеңбек»

Мақсаты: Өмірде барлығына тек қана еңбек арқылы жетуге болатыны туралы түсінік беру; Білімділік: «Еңбек- бәрін жеңбек» тақырыбы төңірегінде мәлімет бере отырып, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың еңбек сүйгіштік, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқор болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дәптер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Тыныштық сәті.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV.Шаттық шеңбері. «Болайықшы осындай». Сөзі мен әнін жазған: А.Меңжанова

V. Жаңа ақпарат. Еңбек-бәрін жеңбек

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

-Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

Төмендегі суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтаңдар!!!

Оқулықпен жұмыс. «Еңбексіз өмір-сүрсеңіз» атты мысал әңгімені оқу

-Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

-сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

VІ. Сергіту сәті

VІІ. Дәйексөз.

Еңбек – қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап.

Абай Құнанбаев





VІІІ. Жүректен жүрекке. шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жүректен шыққан жылы сезімдерін білдіру

Үйге тапсырма. Еңбек туралы шағын әңгіме жазу



Мұғалім__________

















































Күні: 13.02.15

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: «Еңбек – бәрін жеңбек»

Мақсаты: Өмірде барлығына тек қана еңбек арқылы жетуге болатыны туралы түсінік беру; Білімділік: «Еңбек- бәрін жеңбек» тақырыбы төңірегінде мәлімет бере отырып, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың еңбек сүйгіштік, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқор болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дәптер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Тыныштық сәті.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV.Шаттық шеңбері.

  • Өздерінің жақын адамдардың қандай еңбек түрлерімен айналысады? Әңгімелеп беріңдер?

«Жақсылардың жақсысы» аңызын оқып, түсіндіру

-Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?

-Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

V. Жаңа ақпарат.

Еңбек- адамның өзіңе, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөлінеді.

Суретке қарап, «Еңбек- түбі береке» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар

VІ. Дәптермен жұмыс.

Тапсырма: Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар. Суреттерді бояңдар.

Осыдан шыққан әңгімені, сахналау керек

VІІ. Қорытындылау.







Еңбек

Гүл өсірсең, терлеп,

Мұның аты – ЕҢБЕК.

кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – ЕҢБЕК.

Сабағыңды жөндап,

Әзірлеңсең – ЕҢБЕК!

Қиындықтың бәрін,

ЕҢБЕК қана жеңбек!!!!

  • барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық

VІІІ. Үйге тапсырма. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттап келу





Мұғалім__________





























Күні: 20.02.15

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: «Жүрек жылуы»

Мақсаты:Оқушылардың мейірімділік, жақсылық, жүректен шығатын жылы сөздер туралы мағұлматтарын кеңейту; Білімділік: «Жүрек жылуы» тақырыбы төңірегінде мәлімет бере отырып, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың адамдардың жағымды қарым-қатынас жасауын, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқор болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дәптер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV.Шаттық шеңбері. «Жүрек жылуы» сөзін жазған: Ж.Әділжанқызы

  • үлкендер еркелеткеткенде қандай күйде боласыңдар?

  • жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

V. Жаңа ақпарат. «Жай ғана әжей» В.Осеева

-Сендерр осындай оқиғаға кездесулерің мүмкінбе?

-Бұл оқиғадан не үйрендіңдер?

-Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

VІІ. Дәйексөз.

Табиғаттағы барлық жылу – күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан.

М.Пришвин

Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеңдер!!!

-Суреттерге қарап, жағдаяттарды шешіңдер





VІІІ. Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. Тапсырма: жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық және жаңашырлық сезімдері кімге, нелерге арналатынын бос төркөздерге жазыңдар

Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

  • Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

  • табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Тыныштық сәті. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта, баяу музыка қою арқылы өтеді.

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық

Үйге тапсырма. «Қайырымдылық» оқу

Бағалау.



Мұғалім__________

































Күні: 27.02.15

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: «Жүрек жылуы»

Мақсаты:Оқушылардың мейірімділік, жақсылық, жүректен шығатын жылы сөздер туралы мағұлматтарын кеңейту; Білімділік: «Жүрек жылуы» тақырыбы төңірегінде мәлімет бере отырып, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың адамдардың жағымды қарым-қатынас жасауын, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқор болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дәптер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қайырымдылық» мәтінін сұрау

ІV.Шаттық шеңбері. Жүректен шыққан жылы сөздерімізді айтайықшы, кәне??!!

V. Жаңа ақпарат.

Мейірімді адам өзге адамға, туған-туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

Оқулықпен жұмыс. «Маржан мен жауқазын» З.Мейірханова

-Маржан жауқазынға қандай көмек жасады?

-Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?

VІ. Сергіту сәті

Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.

VІІ. Дәптермен жұмыс. Тапсырма: Суреттегі бос төркөздерге «Ана деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар.

Жүректен жүрекке.

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,



Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

Жүрегім оттай жанады

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досыиыз!!!

VІІ. Үйге тапсырма. Жақын адамдарына жүректерінен шыққан жылы сөздерін жазып келу.

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық!!!

VІІІ. Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау

Мұғалім__________





































Күні: 6.03.15

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: «Халық даналығы»

Мақсаты:Оқушыларға өзіміздің ата-бабамыздан қалған аса бай, мұра сөздерді насихаттау; Білімділік: «Халық даналығы» тақырыбының мазмұнын аша отырып,білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушыларға халық даналығын құрметтей біліуін және өмірде қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік: Халық даналығын сүюге тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дәптер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV.Шаттық шеңбері. «Тарту» А.Байтұрсынұлы

-Халық даналығы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

-Қандай адамды дана деп айтуға болады?

V. Жаңа ақпарат. Халық даналығы өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.

Оқулықпен жұмыс. «алпыстан асқаннан ақыл сұра» ертегісімен танысу

  • Патшаның жарлығы дұрыс па?

  • Қарттың даналығы неден көрінеді?

VІ. Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс. Тапсырма: Жұмбақтардың шешуін тауып, суреттерін салыңдар

VІІ. Дәйексөз.

Ақыл шыңы – даналық.

Х а л ы қ д а н а л ы ғ ы

VІІІ. Қорытындылау.









Асыл мұра – арым екен,

Бойымдағы дарын екен.

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық!!!

ІХ. Үйге тапсырма. Дәптердегі даналық сөздерді оқып, өз ойларыңды жазыңдар

Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау



Мұғалім__________









































Күні: 13.03.15

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: «Халық даналығы»

Мақсаты:Оқушыларға өзіміздің ата-бабамыздан қалған аса бай, мұра сөздерді насихаттау; Білімділік: «Халық даналығы» тақырыбының мазмұнын аша отырып,білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушыларға халық даналығын құрметтей біліуін және өмірде қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік: Халық даналығын сүюге тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, дәптер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV.Тыныштық сәті. (1 минут)

V. Жаңа ақпарат. «Өсиет әңгіме» оқу, түсінгендерін айту

-хан баласы «халық даналығын» қалай табады?

-халық даналығына нелер жатады?

VІ. Дәйексөз.

Ақыл көркі – тіл,

тілдің көркі – сөз

Х а л ы қ д а н а л ы ғ ы

Халық даналығы:

  1. мақал – мәтелдер

  2. шешендік сөздер

  3. аңыз әңгімелер

  4. нақыл сөздер

VІІ. Сергіту сәті.

VІІІ. Дәптермен жұмыс. Тапсырма: «Ақыл - дария» өлеңін жаттап, түсінгендерін жазу.





Оқулықпен жұмыс. Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.

АДАМ. БІЛІМ. ЕҢБЕК.

  1. Оқу- білім бұлағы, білім – өмір шырағы.

  2. Адам деген – ардақты ат.

  3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  4. Адам арын ойлайды.

  5. Оқу- инемен құдық қазғандай.

  6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

  7. Адамның сұлулығы – шыншылдығында!!!

ІХ. Қортындылау.

-Осы уақытқа дейін кім, біз айтпағаана басқа қандай даналық сөздерді білесіңдер?

Жүректен жүрекке:

халықтың даналығы –

ақыл – ой қазынасы!

Түсінген саналыға,

Тым терең мағынасы!!!

Үйге тапсырма. Дәптердегі 2- тапсырма.

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық!!!

Бағалау.



Мұғалім__________



















Күні: 20.03.15.

Пәні: Өзін-өзі тану.

Сыныбы: 2 «а».

Тақырыбы: «Халқым менің қонақжай».

Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының «қонақжай халық» екенін ұғындыру; Білімділік: «Халқым менің қонақжай» тақырыбының мазмұнын аша отырып,білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушыларға қонақты құрметтей біліуін, ізеттілікке үйрету; Тәрбиелік: Қонақжай болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, дәптер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІV.Шаттық шеңбері. Қонақжайлылық белгісі.

-Қонақ деп кімді айтамыз?

-Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Халқымыздың тағы да қандайсалт-дәстүрлерін білесіңдер?

V. Мәтінмен жұмыс. «Қонақасы».

-Қонақ күтуден адамның қанда жақсы қасиеттері көрінеді?

Суреттерде берілген дастарқан мәзірлерін кімдерге, қалай ұсынатындарыңды айтыңдар.

VІ. Жаңа ақпарат. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі – қонақжайлылық. Ол адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты көрсетеді.

VІІ. Сергіту сәті.

VІІІ. Шығармашылық жұмыс. «Қонақ келгенде» өлеңін оқып, оны сахналау.

Дәйексөз.

Жақсы қонақ – құт, береке.

Х а л ы қ д а н а л ы ғ ы









Қорытындылау.

Жүректен жүрекке.



Қазақы дастарқан

Ей,халайық, халайық,

Бар өнерге салайық

Уайым қайғы жоқ болсын,

Куанышың көп болсын

Қ-сы:

Дастарқан-ау, дастарқан,

Мерекелі дасқарқан,

Берекелі дастарқан, ей.

Жақсы келсе, құт болар,

Жаман келсе, жұт болар

Жолаушымыз біз деген

Асыл мұра іздеген

Үйге тапсырма. «Қонақжайлық» туралы шағын әңгіме жазу.

Бағалау.



Мұғалім__________















Күні:

Пәні: Өзін-өзі тану.

Сыныбы: 2 «а».

Тақырыбы: «Табиғат әсемдік әлемі».

Мақсаты:табиғат туралы, оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау әлем үшін маңызды екенін ұғындыру; Білімділік: табиғаттың әсемдігін сезіну дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту; Дамытушылық: Оқушылардың қайырымдылық, қамқорлық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, дәптер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІV.Шаттық шеңбері. «Табиғат - анамыз» Сөзін жазған: Н.Жанаев, әнін жазған: С.Қаратаев

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» ( жай әуен ойналып тұрады)

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз.Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебңн және бетіңізді сәл – пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатұанда абай болыңыз,жәндіктерді басып кетпеңіз. бір миунт тоқтап, айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жаұындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадғы бар нәрсені бақылап, ары ұарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы .Түбіне барып, отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны дінінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның дініне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз.және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз. Жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік.Есікті ашып, өз орныныңызға қайтыа келіңіз. Осы жым- жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаныз

. Көзіңізді ащып,күлімсіреңіз!!!

-Қалай барып қайттыңдар?

-табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?

Мәтінмен жұмыс. «Күн мен гүлдер».







шығармашылық жұмыс. Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер.

Жаңа ақпарат. Табиғат – біздің қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан- жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.

Сергіту сәті.

Дәйексөз.

жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.

Р.Сәтімбекұлы

Дәптермен жұмыс. тапсырма: суретте берілген құстардың атын жаз, әрқайсысын суреттеріне сәйкес өз ұясына сызықпен қосып, орналастыр.

Қорытындылау. Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттаңдар.

Жүректен жүрекке: Табиғатта бір кітап..............

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық!!!

Үйге тапсырма. 2-тапсырма.

Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.



Мұғалім__________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!