Облыстық «Әке деген- бала үшін Ұлы адам!» тақырыбындағы семинардың жүру тәртібі
Өтетін орны: Шоқан Уалиханов орта мектебі
Мақсаты:
1.Әкенің бала тәрбиесіндегі ролін арттыру бағытындағы ой – пікірлерді ортаға салу, талқылау, ер балалардың әкесіне қарап өсу мысалдарын келтіру;
2.Қоғамдағы Әке мәртебесін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Әр әке қоғамдағы, отбасындағы өз орнын түсінеді.
Облыстық семинарды Индер аудандық қоғамдық ата-аналар кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Өтепқали Зинелғабиденұлы ашады.
Құрметті облыстық семинар жұмысына қатынасушылар, қонақтар, Әкелер, ата–аналар! Баршаңызда семинар жұмысына қош келдіңіздер!
«Әке деген - бала үшін Ұлы адам!» тақырыбындағы облыстық әкелер семинарын ашық деп жариялаймын.
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы.
Ал отбасының негізгі тірегі кім? Ол – әке.
Отбасында әкенің орны қандай? Әрбір бала үшін өмірде ең жақын жандарының аялы алақан жылуын сезінуден артық қуаныш бар ма? «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», - демекші, әр шаңырақ толықтығымен бақытты. Алайда, бұл қуанышқа әрбір бүлдіршін қол жеткізе алмайды. Ортамызда ата – ана жауапсыздығынан қорғансыздың күйін кешіп, тірі жетім атанып, болмаса ерлі – зайыптылардың тіл табыса алмай ажырасуы салдарынан жүректегі үлкен сызатпен өмір кешіп жүрген немесе әкенің ішімдікке салынып, отбасының шырқын бұзуынан бақытсыздық қамытын киіп өсіп келе жатқан жеткіншектеріміз қаншама! Осының бәрі бірінші кезекте анадан бұрын әкенің бала тағдырына бей жай қарауынан орын алатын жағдай. Өйткені, ана отбасының берекесін қанша кіргізбек болса да, әке кейін тартып тұрса, ол үйдің тәрбие қазығы бекем қағылған деп айта алмаймыз. Осыған орай біз бүгін «Отбасындағы әкенің орны қандай?» деген сауал төңірегінде сіздермен ой бөліссек.
Құрметті семинарға қатынасушылар!
Бүгінгі семинар жұмысына қатысып отырған қонақтарымызбен таныстырып өтейін:
-
Атырау облысы, Білім беру басқармасының бөлім басшысы – Хайрлиева Алмагул Баковна,
- Индер аудандық білім бөлімінің басшысы
– Шакимов Берік Жеңісұлы;
- Атырау қаласы, аудандық білім беру бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты мамандар;
- Қалалық, аудандық ата-аналар кеңестерінің төрағалары, мүшелері,
- Әкелер мектептерінің төрағалары, мүшелері,
- Ұлдар кеңесінің мүшелері,
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
- Мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысып отыр.
1. Семинардың бағдарламасына сәйкес Индер аудандық қоғамдық ата-аналар кеңесі төрағасының есебін тыңдау тұр. Баяндама оқып беруге рұқсат етіңіздер.
(«Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбындағы баяндама жасау үшін сөз
Индер аудандық қоғамдық ата-аналар кеңесі төрағасы Нәсіпқали Өтепқали Зинелғабиденұлы).

2. «Әкелер тағлымы - ұрпаққа өнеге» тақырыбымен Құрманғазы аудандық Әкелер мектебінің жетекшісі Есенбеков Қуаныш Дәулетбайұлына сөз кезегін береміз.
3. Атырау облысы білім беру басқармасының бұйрығымен бектілген «Отан – менің өзімде» патриоттық жоба жүзеге асуда. Жобада ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тарту бойынша көптеген іс-шаралары бар. Осы ақпан айы ішінде мектептерде «Үздік ата-аналар» айлығы өтіп жатыр.
Біздің де ауданда да әкелер мектебі жұмыс жасайды. Іс-шараларға қатысамыз, ұйымдастырамыз. Міне, осының бір көрінісі ретінде ортаға Индер аудандық Әкелер мектебі төрағаларының ұйымдастыруымен
«Балама өсиет» әдеби–монтажын ұсынамыз.

4. М.Әуезов атындағы мектебінің ұжымының орындауында «Әке тағылымы» көрінісін тамашалауға шақырамыз.

5. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен.
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» Баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын дені сау азамат етіп өсіру– бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі. Осындай ұлы міндеттерді атқаруда кейбір әкелер осалдық танытса, мұның соңы өкінішті жағдайларға да апаратыны шындық.
Әке өсиеті мен тәлім–тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
«Әкенің отбасындағы ролі» тақырыптағы бейнебаянды тамашалауға шақырамын.
Осы видеокөрініс аясында бірнеше сұрақтарды талқылауға, тәжірибелеріңізбен бөлісуге шақырамыз. Баршаңызды ойларыңызды ашық айтуға шақырамыз.
(«Әкенің отбасындағы ролі» тақырыбындағы бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарды талқылау)
6. Семинар аясында Индер аудандық білім бөлімі оқушылар арасында «Менің әкем..» сурет, эссе байқауларын ұйымдастырып өткізді.
Семинарға қатысушыларға тілек білдіру және байқауды қорытындалу үшін ортаға Индер аудандық білім бөлімінің басшысы Шакимов Берік Жеңісұлы шақырылады.

7. Қ.Абақанов атындағы орта мектептің оқушысы Тұрсынов Бексланның орындауында «Әкешім» әні.
8. «Егер біз адамгершілігі жоғары азамат тәрбиелегіміз келсе, ең бастысы ата-ананың әсіресе қоғамдағы әкенің ролін күшейтуге тиіспіз» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, баланың жек тұлға болып қалыптасуындағы шығармашылық еңбектерін іске асыруда мектеп пен ата-аналардың бірлесе атқаратын жұмысының маңызы зор.
Қазіргі жаһандану заманында өркениетпен қатар, құқық бұзушылық, теріс діни ағымға ілесу, нашақорлық, балаға қатысты зорлық-зомбылықтың ушығуы, өзіне-өзі қол салу,- суицид көбейіп отыр.
Мектеп жасындағы оқушылар арасында осындай келеңсіз, қатерлі оқиғалар ішінара болса да кездесіп қалып отырғаны жасырын емес. Міне осы жағдайды мектеп, ата-ана, жергілікті атқарушы органдар, қоғам болып бірлесіп, мәселелерді шешу жолдарын қарастыру қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.
Бүгін семинар жұмысында қозғалып отырған бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікірін айтуға қонақтарымызға сөз берейік:
-
Ортаға Атырау облысы, Білім беру басқармасының бөлім басшысы
-
Хайрлиева Алмагул Баковна шақырылады

Құрметті семинарға қатынасушылар
Қолдарыңызда семинар қортындысы бойынша ұсынымдар бар.
Ұсынымдарды қабылдауға келісімдеріңізді сұраймын.
Ұсынымдар қабылданды.
Осымен Облыстық «Әке деген- бала үшін Ұлы адам» тақырыбындағы облыстық әкелер семинар жұмысы аяқталды.
Барлық семинарға қатысушыларға жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік тілеймін.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар
Ұсынымдар:
-
Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналардың, әкелердің белсенді араласуын қамтамасыз ету;
-
Қоғамдағы әкелердің ролін көтеру және насихаттау;
-
Әкелердің отбасылық құндылықтарды дәріптейтін жобаларға қатысуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
-
Әкенің бала өміріндегі маңызды тұлға екенін айқындау және әке беделін арттыру .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз