Материалдар / Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының әлеуметтік педагогі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының әлеуметтік педагогі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы" ММ-нің әлеуметтік педагогтың жұмыс барысы баяндалған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БWhatsApp Image 2024-02-28 at 10.35.29.jpeg алалар ауылдарындағы жетім балаларды әлеуметтендіру

Жетімнің ризығы – жұрттан демекші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру және тәрбие беру сіз бен біздің міндетіміз. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Балалар ауылының педагогикалық ұжымы балалар ауылының түлектерін қоғамға табысты біріктіру үшін қажетті жағдайлар жасап, осы санаттағы балаларды әлеуметтендірудің жаңа жолдарын, құралдарын әзірлеп және тәжірибеге енгізуге ұмтылады. Соның ішінде құқықтық әлеументтендіру туралы тоқталып өтейін.

Picture 1 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңының 16 бабы 4 тармағында көрсетілген құжаттар тізбегін балалар ауылына келіп түсетін әрбір балаға арнап қамқоршылық пен қорғаншылық бөлімі немесе кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығының мамандары тапсыру қажет . Құжаттар тізбегі:

      1) тууы туралы куәлiк;

      2) денсаулығы туралы анықтама және баланың сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме;

      3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы туралы анықтама (бала сәбилер үйінен берiлген жағдайда);

      4) бiлiмi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар үшін);

      5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе хабарлама, соттың үкiмi немесе шешiмi, ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын басқа да құжаттар);

      6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама;

      7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның сақталуы үшiн жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер;

      8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;

      9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;

      10) банкте баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi туралы құжаттардың көшірмелері;

      11) өзге де құжаттар.


Балалар ауылына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдап алғаннан кейін бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеміз. Алдымен жасалатын жұмыстарды атап өтейін.

  1. Қамқоршылық пен қорғаншылық бөлімі, мекеме әкімшілігі және ана тәрбиеші арасындағы баланы тапсыру туралы үш жақты келісім шарт.

  2. Баланы қабылдап алу туралы бұйрық шығару.

  3. Тұрғылықты жер бойынша тіркеуге қою (балалар ауылына)

  4. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына хат жазып әлеуметтік және жәрдемақы, зейнетақы алушылар есебінде тіркелгені немесе тіркелмегені туралы білу.

  5. Тұрғылықты жері бойынша үй кезегіне kezekte.kz сайты арқылы қою.

  6. АPicture 1 О «Отбасы банк» банкінен жинақ дипозитіеің шотын ашамыз.

  7. Жетім немесе ата-анасының біреуі қайтқан балаға асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындау.

  8. Төл құжаты жоқ балаға, төл құжат жасату. 16 жасқа толған балаға жеке куәлік жасату.

  9. Жылдың басында өздігінен үйірмеге және сабаққа барып келетін тәрбиеленушілерге қала ішілік автобустарда тегін жүру карточкасын шығару.

  10. Қыркүйек айында мектепте оқитын балаларға ыссы тамаққа құжат тапсыру.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жасап болған соң әлеуметтік педагогтің жұмысының маңызды бір бөлігі, балалар ауылына түскен тәрбиеленушілердің Республикалақ деректер қорындағы сауалнамасына өзгерістер енгізіп, «келу кестесін» уақытылы толтыру жәнеде Республикалақ деректер банкіндегі бала асырап алуға үміткерлердің танысуын немесе таныстықтың болмауын, екі апталық қарым-қатынас фактілерін растау және де Республикалақ деректер қорын үнемі бақылауда ұстау. Республикалақ деректер банкіндегі әлеуметтік педагогтің жасалу керек жұмысы «Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығынд» және "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығынйң 4-тарау 6-параграфінде көрсетілген.

Баланың қоғамға бейімделіп, толыққанды мүшесі болып кетуі үшін құжат жүзінде ғана емес медициналық, психологиялық, әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетуіміз қажет.



Карабалаева Арайлым Саурбайкызы

Әлеуметтік педагог



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!