Өнерлі ұрпақ – ел болашағы
«Ұлағат» білім ордасы» мектебінің ұйымдастыруымен қаламыздағы жеке мектептер мен өнер орталықтарының қолөнер шеберлері арасында «Өнерлі ұрпақ – ел болашағы» атты облыстық байқау өткізілді. Аталған іс-шараға қала әкімшілігінің мамандары, өнер орталықтарының жетекшілері және бір топ қолөнер жанашырлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тегінен сыр өлкесінің қасиетін бойына сіңіріп, ата-бабамыздан қалған ұлттық өнердің өлмеуіне тер төгіп жүрген 30 шақты қолөнершілердің басын қосқан байқауда алдымен таланттардың төл туындылары кеңінен таныстырылып өтті. Байқау барысында шеберлер таза табиғи өнімдерден әзірленген түрлі бұйымдарын ұсынып, кеңінен түсіндіріп өткен шеберлер қастерлі Тәуелсіздігімізге арнаған туындыларын да ерекше ықыласпен ортаға салды.
Облыстық деңгейде өткен көрмеде ұлттық оюмен өрнектелген жастық, көрпеше, қазақы нақыштағы камзол, сәукеле, киіз-үй жабдығы, тоқыма, мойыншақ және жүннен өрілген түрлі бұйымдар мен темірден жасалған тіршілікке қажетті құралдар қойылды. Сонымен қатар, ағаш ұсталарының көз сүрінер сұлулыққа толы естелік кәдесыйлары көрме қонақтарының назарына ұсынылды. «Шебердің қолы ортақ» демекші қолөнершілердің төл туындыларынан ұлттық болмыс сезіліп, терең мағына беретіні айқын көрінді.
Байқауда төрешілік еткен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әнбебап ғылыми кітапханасының «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Садуақасова Жанар «Қазақ ұлтының қолөнері, ою-өрнегі ғасырлар қолтаңбасы, ата-бабалар тіршілігінің куәгері, солардан қалған өшпес мирас, өлмес мұрасы. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, ерекше қасиет дарыған Сыр өңірінен де халық арасынан асылдың сынығы, тектінің тұяғы саналған зерделі шеберлер көп шыққан. Бүгінгі күні де қолөнерді жанына серік етіп жүрген жандар аз емес. Олар ата-бабаларымыздан қалған төл өнерімізді жалғастырушы, жаңғыртушылар десек артық емес»,- дей келе ұлтымыздың төл өнері саналған қолөнердің өрісін кеңейту жолында тер төгіп келе жатқан өнерлі шебер-ұсталарға алғысын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.
Байқау соңы мерекелік концертке ұласып, мектеп жанынан ашылған үйірме өнерпаздары ән айтып, би билеп, көркемсөз оқу бойынша шығармашылық дарындарын көрсетті. Одан әрі қазылар алқасының шешімімен байқау қатысушыларына Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы дипломдары мен алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар табысталды.
Атап өтейік, байқау қорытындысы бойынша «ORDA school» жеке мектебінің қолөнер шебері Найзабек Аян - 1 орын, «Samruk kids» оқу орталығынан Шерәлі Мариям – 2 орын, «Алаш арыстаны» спорт-шығармашылық орталығынан Серік Жания – 2 орын, «Бала Арт» өнер орталығынан Ерік Айсана – 3 орын, «Ербаева» ЖК Орнықбай Қазына – 3 орын, Қосымша білім оқу-әдістемелік орталығынан Қауышқан Маржан – 3 орын иеленді. Қалған байқау қатысушыларына «Ұлағат» білім ордасы» мектебі директорының алғыс хаты табыс етілді.
Атап өту қажет, бүгінгі өткізілген көрменің басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау. Одан қалды бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту.
Косымбекова Бекзат Жанибековна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Облыстық қолөнер көрмесі
Облыстық қолөнер көрмесі
Өнерлі ұрпақ – ел болашағы
«Ұлағат» білім ордасы» мектебінің ұйымдастыруымен қаламыздағы жеке мектептер мен өнер орталықтарының қолөнер шеберлері арасында «Өнерлі ұрпақ – ел болашағы» атты облыстық байқау өткізілді. Аталған іс-шараға қала әкімшілігінің мамандары, өнер орталықтарының жетекшілері және бір топ қолөнер жанашырлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тегінен сыр өлкесінің қасиетін бойына сіңіріп, ата-бабамыздан қалған ұлттық өнердің өлмеуіне тер төгіп жүрген 30 шақты қолөнершілердің басын қосқан байқауда алдымен таланттардың төл туындылары кеңінен таныстырылып өтті. Байқау барысында шеберлер таза табиғи өнімдерден әзірленген түрлі бұйымдарын ұсынып, кеңінен түсіндіріп өткен шеберлер қастерлі Тәуелсіздігімізге арнаған туындыларын да ерекше ықыласпен ортаға салды.
Облыстық деңгейде өткен көрмеде ұлттық оюмен өрнектелген жастық, көрпеше, қазақы нақыштағы камзол, сәукеле, киіз-үй жабдығы, тоқыма, мойыншақ және жүннен өрілген түрлі бұйымдар мен темірден жасалған тіршілікке қажетті құралдар қойылды. Сонымен қатар, ағаш ұсталарының көз сүрінер сұлулыққа толы естелік кәдесыйлары көрме қонақтарының назарына ұсынылды. «Шебердің қолы ортақ» демекші қолөнершілердің төл туындыларынан ұлттық болмыс сезіліп, терең мағына беретіні айқын көрінді.
Байқауда төрешілік еткен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әнбебап ғылыми кітапханасының «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Садуақасова Жанар «Қазақ ұлтының қолөнері, ою-өрнегі ғасырлар қолтаңбасы, ата-бабалар тіршілігінің куәгері, солардан қалған өшпес мирас, өлмес мұрасы. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, ерекше қасиет дарыған Сыр өңірінен де халық арасынан асылдың сынығы, тектінің тұяғы саналған зерделі шеберлер көп шыққан. Бүгінгі күні де қолөнерді жанына серік етіп жүрген жандар аз емес. Олар ата-бабаларымыздан қалған төл өнерімізді жалғастырушы, жаңғыртушылар десек артық емес»,- дей келе ұлтымыздың төл өнері саналған қолөнердің өрісін кеңейту жолында тер төгіп келе жатқан өнерлі шебер-ұсталарға алғысын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.
Байқау соңы мерекелік концертке ұласып, мектеп жанынан ашылған үйірме өнерпаздары ән айтып, би билеп, көркемсөз оқу бойынша шығармашылық дарындарын көрсетті. Одан әрі қазылар алқасының шешімімен байқау қатысушыларына Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы дипломдары мен алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар табысталды.
Атап өтейік, байқау қорытындысы бойынша «ORDA school» жеке мектебінің қолөнер шебері Найзабек Аян - 1 орын, «Samruk kids» оқу орталығынан Шерәлі Мариям – 2 орын, «Алаш арыстаны» спорт-шығармашылық орталығынан Серік Жания – 2 орын, «Бала Арт» өнер орталығынан Ерік Айсана – 3 орын, «Ербаева» ЖК Орнықбай Қазына – 3 орын, Қосымша білім оқу-әдістемелік орталығынан Қауышқан Маржан – 3 орын иеленді. Қалған байқау қатысушыларына «Ұлағат» білім ордасы» мектебі директорының алғыс хаты табыс етілді.
Атап өту қажет, бүгінгі өткізілген көрменің басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау. Одан қалды бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту.
Косымбекова Бекзат Жанибековна
шағым қалдыра аласыз













