Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Одағай. Одағайдың түрлері" тақырыбында ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
"Одағай. Одағайдың түрлері" тақырыбында ашық сабақ есту қабілеті бұзылған балалардың мектеп-интернатында өте жақсы деңгейде өтілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шохатова К.Е.


Сабақтың тақырыбы: Одағай. Одағайдың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері жайлы кеңірек түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.

  2. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, жан-жақты ойлауға үйрету.

  3. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлеуін дағдыландыру. Дыбыстарды анық, дұрыс айтуын қадағалау.

  4. Қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру. Қазақ тілін құрметтеуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Кесте, қима қағаз, сурет.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.


  • [ПА-ПА-ПА] Дыбыс бар ма?

  • Дыбыс ... .

  • [...], сен қалай естисің?

  • Қазір қандай сабақ?


Сөздік жаттығу

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. (Абай)


ІІ. Өткенді қайталап, пысықтау.


Үй тапсырмасы:

  • Сөздің түрлерін ата.

  • Көмекші сөздер дегеніміз не?

  • Сұрақтарға жауап бере ала ма?

  • Жеке тұрғанда мағынасы бар ма?

  • Сөздердің қайсысы көмекші сөздер?


Мектептің маңы, үйдің іші, кітаптың тысы, жердің үсті.


  • Көмекші сөзді тап.


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай)

Ел іші – алтын бесік. (Мақал)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Дәптерге бүгінгі күнді, сынып жұмысын, тақырыпты жазу.


  1. Әріп жұмбақты шешу.

Әріптері бар жасырын тұрған сөзді табамыз, сонда біздің бүгінгі жаңа тақырыптың аты шығады.


  1. Оқуда бар,

Жазуда жоқ. (о)

  1. Далада бар,

Жағада жоқ. (д)

3. Шегеде жоқ,

Таста бар. (а)

4. Ғарышта бар,

Сайыста жоқ. (ғ)

5. Шанада бар,

Әнде жоқ. (а)

6. Торғайда бар,

Алауда жоқ. (й)

  • «Одағай» сөзі шықты.


  1. Ендеше одағай сөз дегеніміз не?

  1. Одағай сөз дегеніміз – адамның әр алуан көңіл-күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді. Сөйлем мүшесі болмайды.

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!


  • Одағай сөзінде неше буын бар?

  • 3 буын.

  • О-да-ғай.


  1. Одағайлар төмендегідей үш түрге бөлінеді.

Одағай



Shape3 Shape2 Shape1

Көңіл күй одағайлары

Жекіру одағайлары

Шақыру одағайлары






  1. Көңіл-күй одағайлары: шаттану, қуану, таңырқау, ұнату, ренжу, өкіну сияқты мәнді білдіреді.

Мысалы: пәлі, ойпырмай, алақай, бәрекелді, уһ, аһ, қап, шіркін, т.б.

  1. Жекіру одағайлары: жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.

Мысалы: тәйт, тек, жә.

  1. Шақыру одағайлары: мал, ит-құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді.

Мысалы: құрау-құрау, шөре-шөре, кә-кә, моһ-моһ, өқ, т.б.


  1. Қандай тыныс белгісі қойылады?

а) Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

Мысалы: Мәссаған, сол да сөз боп па?

ә) Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдына үтір қойылады.

Мысалы: Бұл не ғажап, шіркін-ай!

б) Одағай ерекше көтеріңкі дауыспен айтылса, одағайдан кейін леп

белгісі қойылады.

Мысалы: Пай-пай! Шіркін, қазақтың даласын-ай!

в) Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады.

Мысалы: құрау-құрау, паһ-паһ.


  1. Сергіту сәті.


  1. Тапсырмалар орындау.

  1. Сөйлемдегі одағайлардың астын сызыңдар.


Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр, соған сәлем бер.

Уа, қой деймін, бала!

Ойпырым-ай, мынау не деп отыр, өзі?


  1. Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.


... әжем ауылдан қонаққа келді!

... мынау не деп тұр? – деді атам.

... әзер жеттім.


Керекті сөздер: аһлеп-уһлеп, алақай, ойпырым-ай!


  1. Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.

Шіркін-ай, ойпыр-ай, қап.


  1. Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді күшік шықты.

Көрерменнің бет-пішіні қандай болады? (таңдану)

  1. Жылауықтардың бет пішіні қалай болады? (жылау)

  2. Бір айдан соң досымен кездесіп қалды. Олардың бет пішінінде қандай өзгерістер болады? (қуану)


  • Балалар, одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Тапсырма орындағанда адамдардың көңіл-күйлерін көрдіңдер.

  • Қуану, таңдану, жылау.


IV. Сабақты бекіту.

Пысықтауға арналған тест сұрақтары.

  1. Шақыру одағайын табыңдар.

а) ойпырай

ә) түу

б) шөре-шөре

в) беу


  1. Көңіл-күй одағайларын табыңдар.

а) тек

ә) мәссаған

б) құрау-құрау

в) айт-айт


  1. Жекіру одағайын табыңдар.

а) көс

ә) шіркін-ай

б) уһ

в) жә


V. Сабақты қорыту.

  • Сонымен, бүгінгі сабақта не өттік?

  • Одағай дегеніміз не?

  • Одағай туралы не білеміз?


VI. Бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма: 138-жаттығу. Одағайларды табу. Қандай мағынада айтылғанын түсіндіру.












Тест


1. Шақыру одағайын табыңдар.

а) ойпырай

ә) түу

б) шөре-шөре

в) беу


2. Көңіл-күй одағайларын табыңдар.

а) тек

ә) мәссаған

б) құрау-құрау

в) айт-айт


3. Жекіру одағайын табыңдар.

а) көс

ә) шіркін-ай

б) уһ

в) жә



Тест


1. Шақыру одағайын табыңдар.

а) ойпырай

ә) түу

б) шөре-шөре

в) беу


2. Көңіл-күй одағайларын табыңдар.

а) тек

ә) мәссаған

б) құрау-құрау

в) айт-айт


3. Жекіру одағайын табыңдар.

а) көс

ә) шіркін-ай

б) уһ

в) жә







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
984
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі