Одағай түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Одағай түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімге көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Одағай түрлері мен емлесі.

Мұғалімнің аты-жөні:Иманәлиева Меңдігүл

Күні: 02.10.2018

СЫНЫП:7 «г»


Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны:

Сабаққа негізделген

оқу мақсаттары


5.Т\Ж3 Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беру. Одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат меңгереді, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік қалыптастырады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа

жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқушыларды сауатты, көркем жаза алады, тіліміздегі одағай сөздерді орынды қолдана біледі.

Бағалау критерийі

Топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған, кеспе қағаздар және топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті.

Алдыңғы оқу

Одағай туралы түсінік

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Оқушының қызметі.

Бағалау түрлері.

Басталуы

2 минут

Оқушыларды топтарға бөлу.

«Қағаз қиындылары» арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар араласып жатқан қағаз қиындыларын алып,топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Кубизм» әдісі арқылы сұралады

Берілген қағаздарда қаратпа сөздер,одағай сөздер,қыстырма сөздер жазулы тұрады.Сөз таптарына байланысты топқа бөлініп отырады.

«Кубизм» әдісі арқылы, оқушыларға нүктелер салынған қағаздар беріледі, мұғалім кубикті жерге тастайды қанша нүктесі бар жағы түссе, сондай нүктесі бар оқушы тақтаға шығып үй тапсырмасына жауап береді.


Тапсырманы орындаған әр балаға смайлектер арқылы бағалап отырамыз.

Жаңа білім

5 минут







Жаңа тақырып.

Одағайдың түрлері мен емлесі.

* Одағайда - лексикалық (негізгі) мағына болмайды.

- сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады,сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.Олар тек қосымшалар қабылдап барып, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Әдетте, одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы:Пай-пай! Шіркін, қазақтың келіндері-ай!Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау,пай-пай, әй-әй, құр-құр,т.б.Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әртүрлі көңіл күйін, жекіру мәнін білдіруге байланысты диалогте, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Мысалы:

- Жаңа бір күш біткендей болды.

- Бәрекелді!

- Япырай-ай, ә!



Оқулық, бойынша ережені түсіндіру.

Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

  1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай – пай, бәріекелді, т.б.

  2. Ишарат одағайы жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.Олар: Тәйт, жә, тек, т.б.

3.Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Құрау – құрау, шөре – шөре,көс-көс, кә-кә, т.б.


Ортасы

25 минут







Миға шабуыл

- Одағай дегеніміз не?

- Одағай сөздер не үшін қолданылады?

- Одағайға тән негізгі белгілерді ата?

- Әдетте одағайлы сөйлемнің соңында қандай тыныс белгі қойылады?

- Қайталанып келетін одағайлар қалай жазылады?

- Көпмағыналыодағайсөздер бола ма?

- Одағайсөздербізгеқажетпе? Себебі?

- Одағайлардыңтынысбелгілерініңқойылуережесінтүсіндір.











1-тапсырма

1 топ:Көңіл күй одағайын қатыстырып диалог құрау.

2 топ: Шақыру одағайын қатыстырып өлең жолдарын жазу.

3 топ: Ишарат одағайын қатыстырып сөйлем құрау.

2- тапсырма

Қазақ жазушыларының шығармаларынан одағай көп қолданылған диалогтерді тауып жазыңдар. Диалогті рөлге бөліп, екі рет оқындар. Біріншісінде одағайларды қолданып, екінші ретінде одағайларды алып тастап оқындар. Одағайлардың ойды жеткізудегі рөлі туралы өз пікірлердіңді айтыңдар.

3-тапсырма

1 топ: Венндиограмасы.Шылау мен Одағай сөздерді салыстырындар.Тақтаға жазындар.

2 топ: Көңіл күй және ишарат, шақыру одағайларын талдау.

3 топ:Айналайын-ау одағайынан бірнеше сөз ойлап шығарып, жазу.


Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын, білгендерін айтады.

Одағай дегеніміз- адамның ішкі сезімін, көңіл күйін білдіретін, жан-жануарларды шақырғанда айтылатын сөздер.

Одағай сөздер бізге қажет пе? Қажет себебі, егер одағайлар болмаса адамдардың арасындағы қарым-қатынас жансыз болар еді.











1-тапсырма

Оқушылар берілген одағай түрлерін қатыстырып, тапсырманы орындайды.

2- тапсырма

Оқушылар берілген тапсырманы орындап, одағай сөздердің қолданылу аясын түсінеді.

3-тапсырма

1 топ

2 топ.Көңіл күй:пай-пай,өй, қап;

Ишарат:тәйт, жә,тек;

Шақыру:кә-кә,моһ-моһ,шөре-шөре;



Стикерлермен бағаланады.





Кері байланыс

3 минут


Үйге тапсырма.Әдеби кітаптан одағайдың түрлеріне мысал жазады.



Оқушылар мәтін құрайды.





Кері байланыс кемесі.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
3628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі