өэін-өзі тану қоршаған ортамен үндестік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

өэін-өзі тану қоршаған ортамен үндестік

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қоршаған әлеммен үндестік ұғымын түсіндіре отырып,жалпыадамзаттық Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырыбы: Қоршаған әлеммен үндестік

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: ізгілік, риясыз қызмет жасау, қамқорлық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға қоршаған әлеммен үндестік ұғымын түсіндіре отырып,жалпыадамзаттық Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларға қамқорлық жасаудың мәнін ұғындыру;

-оқушылардың бойына ізгілікқасиеттерін дамыту;

-оқушыларды риясыз қызмет жасауғатәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 Т

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті(Нұрға бөлену).

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан да баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге алып барады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөзді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

25- сабақ 100 беттегі «Бұлақ сылдыры» тақырыбындағы аңызды оқып келу.

  • Шөл даладағы қарияессіз жатқан адамның қасына не үшін келді?

  • Қария ол адамды неліктен шөлден құтқарды?

  • Қарияның орнына не тап болды?

  • Қандай адамның ізі нұрлы?

  • Қандай күш адамды жақсылыққа итермелейді?

Сиқырлы әуен «Хрустальная грусть»

(3мин)




  1. Дәйек сөз.

«Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды»

Ш.Құдайбердіұлы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 рет қыздарға айтқызу, 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге айтып шығады. Дәптерге жазып алу.

дәптер

4.Әңгiмелеу (сұхбат).Мұғалім сыйы. « Жер Ана туралы» аңыз.

Ертеде жер кіршіксіз таза болыпты. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары болатын. Ол барлық жер бетіндегі тіршілік иелеріне, жануарларға, құстарға, жәндіктерге пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған бар сүйіспеншіліктерін арнап, жанашырлықпен қарады. Күндердің бір күнінде Табиғатадам пайда болды. Ол құдыретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін,ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыратын, ол ән айтқанда онымен бірге аспан мен жел қосылып ән шырқайтын. Жер-ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншілікпенбірге өмір сүрді. Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды. Адамдар Жер- ананың кім екенін ұқты. Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жерді жыртты, егін екті, одан пайда тапты.Тамақ іздеп, олар жердің мәпелеп өсірген өсімдіктері мен жануарларын баптап күтті.Адамзат Жерге қайырымды болып,нағыз сүйіспеншілігін көрсетті, Табиғатадамға деген шынайы сенімін қайтарды, Жер- ана мен Табиғатадамның адамзатқа сүйіспеншілігі артты.Адам мен жаратылыс арасындағы көзге көрінетін-көрінбейтін тығыз байланысты бұзбаған.

- Ертеде Жер қандай болды?

- Адамдар Жерді қалай пайдаланды?

-Адамдар Жерге сүйіспеншілігін қалай көрсетті?

-Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

-Қандай адам жақсылық жасайды?

-Қандай іс-әрекетке жүрек қуанышқа бөленеді?

- Өз жақсылығыңызбен бөлісіңіз?


  1. Топпен ән айту. « Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде Жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай.

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,

Бір суынып, бір ысып,

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?

Әні, сөзі

А. Құнанбаев


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тапсырма:

Өнер туындысына қараңдар. Ондағы адам мен табиғат үндестігін тауып, салыстырып, әңгімелеп беру.Ә. Қастеев « Жайлаудағы кілемшелер»

Оқушылар жұмыстарын әңгімелейді және Шығармашылық бұрышқа іледі.

Оқушыларды корабль капитаны бойынша 5-топқа біріктіру А3 форматы, маркер.

« Желсіз түнде жарық ай» әуені.

7.Үй тапсырмасы. 26-сабақ 102 бет Даналық әңгімесін оқып келу.

Оқулық


8.Сабақтың қорытынды минуты.

Енді көзімізді жұмайық. Балалар мен сендерге ризамын! Нұрлы жүректеріңе рахмет! Көздеріңді ашыңдар. Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
1252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі